Тарихы сырлы , ертеңі нұрлы ғажап ел!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихы сырлы , ертеңі нұрлы ғажап ел!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Білім алушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тарихы сырлы , ертеңі нұрлы ғажап ел!»

Мақсаты:

Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Білім алушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.

Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін ұғындыра отырып, оқушыларды

отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, үнтаспа, Желтоқсан қаһармандарының суреттері,слайдтар.

1 – жүргізуші:

Ассалаумағалейкум!

Қадірлі өнер сүйер қауым!

2-жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар мен білім алушылар және құрметті қонақтар!

Д.Құрманбек атындағы №20 колледжі «Топ жетекшілер» бірлестігінің

10.12 - 20.12 .2024ж аралығында өтетін «Тарихы сырлы , ертеңі нұрлы ғажап ел! »

атты онкүндігінің ашылу салтанатына қош келіпсіздер!

1 – жүргізуші:

Қазақстан елі бейбіт, жері жомарт , бағы гүл,

Өркенді елмен терезесі тең түсетін шағы бұл

Тәуелсіздік туын биік нық ұстаған шағында

Бар әлемге шуақ шашар келді кезең тағы бір.

2 – жүргізуші:

Әнді айту әркімге де өнер ғой

Өнер деген түбі шексіз әлем ғой

Әр шәкірттің қабілеті әр қилы

Әсем әнді орындаған шебер ғой

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар.

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен, менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай әнге кезек береміз.

« Бірлестік » әні

Орындайтын: бірлестік мүшелері




2-жүргізуші:

Жайылған қазағымның дастарханы,

Көгінде күмбірлеген асқар әні

Құшағын кеңге жайған бұл халқымның,

Бұйырған бар халыққа тұз бен дәмі

1-жүргізуші:

Қазағымның кең пейілі, дархандығы,

Кіршіксіз таза көңіл, адалдығы

Сыйдырып өз жеріне бар ұлтты,

Бағасы көпшілікке өте құнды демекші

«Бір бауырсақ, бір мақал мәтел » айдарымен

көрермендерге беріледі.

1-жүргізуші:

Жайылған қазағымның дастарханы,

Көгінде күмбірлеген асқар әні

Құшағын кеңге жайған бұл халқымның,

Бұйырған бар халыққа тұз бен дәмі.

Қазағымның кең пейілі, дархандығы,

Кіршіксіз таза көңіл, адалдығы

Сыйдырып өз жеріне бар ұлтты,

Бағасы көпшілікке өте құнды

2-жүргізуші:

Тербеледі сұлу саз,

Тереңнен сыр толған

Билетеді сені де,

Би билесе ұл-қыздарым.

Би _______________________________________

1-жүргізуші:

Өнер десе елең дейтін халықпыз,

Өнер барда шалқыған ақ жайықпыз

Қай істе де өнер қолдан

Өнерлі адам жеңер болған .

2-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тартатын баршаға.

Шын пейілімен құрметімізді көрсетіп,

Әншімізді шақырамыз ортаға

ӘН « ____________________________________ »

Орындайтын: ______________________________

1-жүргізуші:

Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,

Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонақжай.

Даналық дарыған, ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені – асқар тау , шалқар көл


Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,

Жасай бер жаңарып, жаңғырып.

Достық пен ынтымақ мекені,

Гүлденер халқымының ертеңі!

Ойын сыңарын тап!

2-жүргізуші:

Тербеледі сұлу саз,

Тереңнен сыр толған

Билетеді сенғ де,

Би билесе ұл-қыздарым.

Би _______________________________________

1-жүргізуші:

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы


Сәнге толы қазағымның тірлігі
Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі
Әр жүректе бүршік жарып гүлдейді
Сезіміңді серпілдетті жыр гүлі

Жүргізушілер:

Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім!

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

Тәуелсіздігіміздің мерей тойы құтты болсын, ағайын!

1-жүргізуші:

Ән көңілдің ажары ,

Күй көңілдің бұлағы.

Ән де сала біледі.

Күйде шерте біледі

ӘН « ____________________________________ »

Орындайтын: ______________________________

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.


Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

1-жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздігін құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнін құтты болсын алыбым!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Сау-саламат болыңыздар, көрермен қауым!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.11.2025
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі