Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!

Күні

23.10.2024

Класс жетекші:

Еленова Д

Класс: 11 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» 

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

8-САБАҚ

11- сыныптар:«Шынайы достық пен жалған достықты ажырату»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қазақстанның тарихын, мәдениетін, табиғатын таныстырып, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ояту.Туған жерді қорғауға және мақтан етуге тәрбиелеу

Қауіпсіздік мақсаты

оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.

Қауіпсіздік міндеті

- достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сыйластық қалыптастыру;

- оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндайжеткізе білулеріне көмектесу;

- оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Апта дәйек сөзі

Отаным – алтын бесігім!

Сабақтың барысы



Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме,оқушылар?

-Бүгін сабақта кім жоқ?

  • Оқушылар амандасады.

  • Кезекші сабақта жоқ оқушыларды баяндайды.

слайд

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді,- деген өлең жолдарын айта отырып, біздің бүгінгі «Қазақстан – менің Отаным» атты класс сағатымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады.



III. Жаңа материалды түсіндіру

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,

Таңдарсың он жүректің сазын әлі.

Шіркін- ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.

Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!



Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни Республикамыздың территориясына 7 мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 орында. Ал ТМД елдері бойынша 2 орында.

Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес: олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қала бар. Ел ордасы – Астана қаласы.

Қазақстан туған елім,

Алтын бесік- Ақ Ордам.

Даңқың сенің арта берсін,

Елім менің жаңарған.



Келесі кезекті оқушыларға берейік.





Қазақстан Республикасының мерекелеріне байланысты сұрақтарға жауап береміз:

  1. Қазақсатан Республикасының «Республика күні» қашан тойланады ?

  2. Қазақстанның елбасы қашан сайланды ?

  3. Астанадағы бәйтерек неше метр ?

  4. «Қазақстан КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде қашан бекітілді ?

  5. ТМД қашан құрылды ?

  6. Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды ?

  7. Ел астанасы Ақмола қаласына Астана деп ат берілген күн

  8. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды ?

  9. Семей полигоны қашан жабылды?

  10. Қазақстан Республикасы БҰҰ қашан мүше блолды ?

  11. Қай жылдары «Ауыл жылы» болып жарияланды ?

  12. Жаңа Астананың ресми тұсаукесері қай күні болды ?

  13. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәіров қашан ғарышқа ұшты ?

  14. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесің ? (өз ойларын қағазға жазу)

  15. «Менің Отаным» атты 4 жол шумақ өлең жолын жазыңдар.



Әдеби монтаж.

1 – оқушы:

Бойымда жігер тұрғанда сенім,

Жалындап өтем жолыңда сенің!

Өзіңсің мәңгі бақытым, барым,

Аяулы Отан, ардақты елім!

Болашақ саған қол созған бүгін,

Ерікіті еліміз еңсесі биік.

Көк туың көркем, жібектей ғажап!

Қазақстан Республикам менің.

2- оқушы:

Көп ұлтты елім гүлденіп өскен , Тыныштық тілеп бірлігін сақтар!

Түсініп терен өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім!

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Отаным – ордам, Отаным – Анам!

Қазақстан Республикам менің!

3 – оқушы:

Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан секрпіп бостандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін!



Оқушылар жауаптары :

  1. 25- қазан

  2. 1- желтоқсан

3.

4. 1990 ж. 25 қазан

5. 21- желтоқсан

6. 4- маусым

7. 6- мамыр

8. 1995 ж. 30-тамыз

9. 1991 ж. 29 – тамыз

10. 1992 ж. 2- наурыз

11. 2003-2005 ж.ж.

12. 10- маусым

13. 2- қазан

14.

15. Оқушылар өлеңдерін оқиды.


Қауіпсіздік

10 мин

«Ой қозғау» әдісі

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен: – Достық нешеу? - деп сұрапты. Әйтімбет: – Достықтың 2 түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, - дейді. Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз? Шешен: – Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа, – деп жауап беріпті. Осыны қалай түсінесіңдер?



Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық сезім нұр құяды сезімге, досым үшін тойым дағы, төрім де. Қуаныштың ақ құсы боп самғаған, дос көңілдер шырқай берсін өмірде! Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы – бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін!

Рольдік ойын.

Екі дос арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеу Жағдаяттаншығу: - Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің? - Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің? - Сенің жаңа досың бұрынғы досыңмен араласпауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалайды. Не істейсің? - Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта-қайта оны қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?


ІV. Қорытынды

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін білу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз,- дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған өз ойларын айту.



Елімізде әрқашан береке- бірлік болсын деген ниетпен «Қазақстан – кең байтақ Отаным!» атты тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!

Назарларыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!

Оқушылар өз ойларын айтады.









«Атамекен» әні айтылады.







Сау болыңыз!

Іс – шара өз мақсатына жетті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2024
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі