400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

«Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Тексерілді:

Күні:

Қатысушылар саны:

Сыныбы:

7 «А», «Б»

Сабақтың тақырыбы:

Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.1-Python программалау тіліндегі тармақталған алгоритмдерді құрастыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: алгоритмнің түрлерін біледі.

Оқушылардың көбі үшін: тармақталған алгоритмдерді құрастыру жолдарын біледі.

Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерге мысалдар келтіреді.

Құндылықтарға баулу

Бірлестік, өзара құрметтеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



2 мин.






1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.

4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабаққа кіріспе

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.

«Екілікке саналу» әдісі арқылы І, ІІ топтарға бірігеді.

«Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып,

І топ - сабақтың тақырыбын,

ІІ топ - сабақтың мақсаты мен критерийлерін жариялайды.

  • Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?

  • Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.

  • Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.

  • Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы, егер таңертен күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма?

Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?

(Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі

Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі

арқылы бағалайды.


Қағаз қиындылары.


.

Сабақтың ортасы











(Т) Талқылау

Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық талқылау жұмысы жүргізіледі.


1-тапсырма

Берілген a, b және c сандарының үлкенін табуға арналған программа кодына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізіңдер:

Программа коды:

a=int (input () )

b=int (input () )

c=int (input () )

max=a

if max < b:

max=b

if max < c:

max=c

print (max)


7-сынып оқулығы.



І топ: Программада үш санның үлкенін табу үшін қандай алгоритмге сүйенеді?

ІІ топ: Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымы қандай?

ІІІ топ: Программа кодын талдап, блок­схемасын құрастырыңдар.

  • Программада үш санның үлкенін табу үшін, қандай алгоритмге сүйенетінін айтады.

  • Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымын түсіндіреді.

  • Программа кодын талдап, блок­схемасын құрастырады.

Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.

Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі

арқылы бағалайды.




(Ж) Жинақтау

Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құраңдар. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын көрсетіңдер.

Дескриптор:

- Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құрайды.

- Құрастырған тапсырманың шешу жолын көрсетеді.


Жұптар бір-бірін

«Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.




Дербес жұмыс

Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.


- Шарт тексеру операторларын біледі.

- Шарт тексеру операторларының программалаудағы маңызын бағалайды.

Оқушылар өзін-өзі «Отшашу» әдісі

арқылы бағалайды.


Сабақтың соңы





Сабақты бекіту

Төменде берілген қорытындылау сұрақтарына жауап береді.

  1. Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?

  2. Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?

  3. Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білдің?

  4. Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.

Мақсаты: Сабақты қорытындылау.

Мұғалімнің қорытынды бағасы. «Отшашу» әдісі арқылы жүзеге асады.


Интерактивті тақта


Үй тапсырмасы

Кестеде берілген х және y айнымалыларының мәндеріне қарап, өрнек мәнінің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

Берілгені

Өрнек

Нәтижесі

x=74; y=14

x == y


x=0; y=0

x != y


x=590; y=590

x > y


x=243; y=243

x < y


x=740; y=740

x >= y


x=29; y=30

x <= y


Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 наурыз
209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі