|
Бөлімі:
|
«Python тіліндегі
алгоритмдерді программалау»
|
|
Педагогтің
аты-жөні:
|
Тагибергенова
Г.К.
|
|
Күні:
|
23.01.2026
|
|
Сыныбы:
7 Ә
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Тармақталған алгоритмдерді
программалау
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқу мақсаты
|
7.3.2.1
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді
жазу;
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Python
программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді
жазады;
|
|
Жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарды дарыту
|
Әділдік
және жауапкершілік: Оқушылар Python тілінде тармақталған
алгоритмдерді жазады және бағдарламалау барысында әділдік пен
жауапкершілік құндылықтарын дамытады: тапсырмаларды шынайы орындап,
кодтың дұрыстығына жауап береді.
|
|
Апта
дәйексөзі
|
«Тәртіп - тәрбие бастауы»
|
|
Сабақ
кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру
кезеңі
1.
Сәлемдесу.
2. «Шапалақ» әдісі арқылы
жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
|
Мұғаліммен
амандасады.
|
|
|
|
Ой қозғау.
«Егер…, онда…»

Берілген суреттерді қара.
Суреттердің қандай байланысы бар? Жауап:
Суреттерде шартқа байланысты шешім қабылдау көрсетілген.
Бұл — тармақталған
алгоритм. Егер ___ болса
→ ___
Әйтпесе → ___
|
–
Шарт пен
әрекетті дұрыс анықтайды
|
Мақсаты: оқушыларды сабаққа
ынталандыру
|
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Жаңа
сабақ
Программалау барысында алгоритмдер 3 түрге
бөлінеді.
-
сызықтық
-
тармақталған
-
циклдік
Тармақталған алгоритм- орындалуы керек қадам белгілі бір
шарттың орындалу немесе орындалмауына байланысты жүзеге асырылатын
алгоритм.
Тармақталған алгоритмде «егер», «онда», «әйтпесе» түйінді
сөздері қолданылады.
Бұл
алгоритмде міндетті түрде шарт
қолданылады.
|
Жаңа ақпаратты
тыңдайды

|
|
|
|
«Мәнін тап»
әдісі
Программа үзіндісі
орындалғаннан кейін a айнымалысының мәнін
анықтаңдар


|
Дескриптор:
|
Оқушылар бағалау парағы арқылы
өзін-өзі бағалайды.
Әр
тапсырмаға 1 балл.
|
Үлестірме
қағаздар

|
|
«Шатасқан логикалық
тізбектер»
әдісі
Топтық
тапсырма
К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ
екенін анықтайтын программа құр. Егер сан тақ болса, экранға 1
немесе 0 шықсын.
Жылдамдықты
есептеу
Автомобиль үлкен қаладан
ауылға қарай жолға шықты. Оның жүріп өткен жолы s (метр), ал өткен уақыты
- t (секунд). Егер уақыт 0-ге тең болса, жылдамдық есептелмейді
(нөлге бөлуге болмайды), әйтпесе жылдамдық формула бойынша
есептеледі:
v = s/t
|
Топпен программа
құрады.
Дескриптор:
|
Топтар бірін-бірі
бағалайды.
Тапсырманы дұрыс орындағаны
үшін 2 балл беріледі.
|
Үлестірме қағаздар,
маркерлер.
|
|
Практикалық
жұмыс
а және b бүтін сандар
берілген. Егер а
саны жұп болса, онда оны
квадраттап, b санына қос. Ал сан
тақ болса, онда санның өзін b санына
қосып, нәтижені экранға шығар.
|
Дескриптор:
- Енгізу операторын қолданады- 1 балл
- Шарт құрады – 1 балл
- Нәтижені экранға шығарады – 1
балл
|
Оқушылар бағалау парағы арқылы
өзін-өзі бағалайды.
Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін
3 балл
беріледі.
|
Тапсырмалар
парағы
|
|
«TRUE, FALSE» әдісі арқылы
сабақты бекіту.
|
Оқушылар True, False карточкаларын
көтеріп дұрыс жауабын айтады.
|
Оқушылар бағалау парағы арқылы
өзін-өзі бағалайды.
Тапсырманы дұрыс орындағаны
үшін 2 балл беріледі
|
|
|
Сабақтың
соңы
|
Рефлексия

Үй тапсырмасы

|
Кері байланыс
жүргізу.
-Бүгінгі сабақта не
үйрендім?
-Шартты операторларды түсіндім
бе?
-Қай жері қиын
болды?
-Келесі сабақта маған не
қажет?
Оқушылар өздерінің осы сабақта
алған білімдерін бағалайды.
|
Бағалау парақтарына қорытынды
балл қойылады.
Мадақтау
Керемет!
Сен
ақылдысың!
Ғажап!
Жарайсың!
|
Жұмыс
парағы
|