Сабақтың
тақырыбы: «Тармақталу
командасы»
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды тармақталу
командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін
үйрету;
Білімділігі:
Оқушыларға тармақталу программасының құрылымы
мен операторлары туралы мағлұмат
беру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ой - өрісін
дамыту; Алгоритмдік ойлау стилін
дамыту;
Тәрбиелік:
Тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындау жауапкершілігіне
тәрбиелеу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың білімміне
қойылатын талаптар: Оқушылар тармақталу
командасының жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге
бағдарлама құра білуі тиісү
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушыларды
түгендеу.

2.
Сабақтың мақсатымен таныстыру;
3.
Өтілген материалдарды қайталау « Лото» ойнау
Сұрақтары:
-
Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
(3: программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар
бөлімі)
-
Div және Mod функцияларын не үшін қолданылады?
(Div бүтін, Mod бүтін қалдық)
-
Var операторының қызметі қандай? (айнымалыларды
сипаттау)
-
Const операторының қызметі қандай? (Тұрақтыларды
сипаттау)
-
Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді
енгізу)
-
Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені
шығару)
-
Программа үзіндісінің міндеті қандай?
Program esep1;
Var x: integer; (x айнымалысы бүтін типті мәндер
қабылдайды)
-
Программа үзіндісінің міндеті
қандай?
BEGIN
Read (X);
Y:=SQR(X);
Write (Y);
End. (Х-тің квадратын
есептеу)
-
Қай операторлар дұрыс жазылмаған:
program qq;
var a, b: integer;
x, y: real;
begin
a := 5;
10 := x;
y := 7,8;
b := 2.5;
x := 2*(a + y);
a := b + x;
end.
-
Программа үзіндісінің міндеті
қандай?
BEGIN
Read (X);
Х:=SQRТ(X);
Write (Y);
End. ( Х-тің квадрат түбірін
есептеу)
-
Меншіктеу
операторы ( :=)
Ортадағы ерекше тор көздегі
сөзге назар аудару. «Branched» сөзі ағылшын тілінен
аударғанда тармақталған мағынаны береді екен.
Ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз
«Тармақталу командасы»
5. Жаңа сабақ
Тармақталған алгоритм – бұл
шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын
орындайтын алгоритм.
Тармақталған алгоритмді
жазудың екі түрі
бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және
блок-схемасын қарастырайық.
Мысалы: Егер < жауын
басылса > онда
Қолшатырды жабамыз
Тармақталу соңы
Мысалы:
Егер
жауын басылса онда
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Тармақталу соңы
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде
ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің
ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,
жексенбі немесе ауа-райының маусымдық ауысуы. Қайталану командалары
бар алгоритмдер циклдік деп аталады.
Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет
орындалады.


6. Тақырыпты
пысықтау
-
тармақталу прграмасы дегеніміз не?
-
If операторының
қызметі?
-
Then операторының
қызметі?
-
Else операторының
қызметі?
7. Компьютермен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар «Алма ағашынан алма теру»
8. Үйге тапсырма беру: Есептер
жинағы 9,10 жаттығу (18 бет)
