400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Тармақталу операторлары" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тармақталу операторлары" тақырыбы бойынша сабақ жоспары. 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән Информатика сынып 8 Күні 23.11.16 ж.

сабақ №: 11

Тақырып: Тармақталу операторлары

Мақсат: Оқушыларды Тармақталу операторлары ұғымымен таныстыру, Паскаль бағдарламасында есептің бағдарламаларын құруға үйрету.

Білімділік – оқушыларды Паскаль тілінің IF, THEN, ELSE тармақталу операторын пайдаланып бағдарлама құруға үйрету.

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, дәптерлер, оқулықтар, презентация, видео, интерактивті тақта, Free Pascal бағдарламасы.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

Оқушылармен амандасу. Сыныпта Психологиялық ахуал тудыру. «Шырайлы шеңбер» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге, сабаққа тілек айту ұсынылады

Амандасады. «шырайлы шеңбер» жасап бір-біріне тілектер айтады


ІІ. Үй тапсырмасын

сұрау

7 мин

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптар және үй тапсырмасын тексеру.

Ортаға бір оқушы шақырылады, ол орындыққа отырады, мұғалім сөз жазылған парақты көрсетеді, сыныптастары орындықта отырған оқушыға сол сөзге байланысты анықтамалар, сипаттаулар айтады. Орындықта отырған оқушы парақта жазылған сөзді тауып, жауабын айтуы керек.

Сөздер: сканер, микрофон, принтер, құлаққаптар, флешжинақтауыш.

Ортада тұрған орындыққа отырады, парақта жазылған сөздің жауабын сыныптастарының сипаттаулары бойынша тауып алуы керек.

Сипаттаулар мынадай болуы мүмкін:

  • Компьютердің құрылғысы;
    - Енгізу құрылғысы;

  • Шығару құрылғысы.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин










Салыстырмалы шамалар алгоритмнің тармақталу шарты болып саналады:

А мен В орнына айнымалыларды, сан дар мен арифметикалық өрнектерді қоюға болады.

Шартты алгоритмдерді үш тәсіл - ауысу опера­торы, шартты оператор және таңдау операторы арқылы программалауға болады.

Ауысу операторы былай жазылады:

GOTO <таңба>.

Ол программа басқаруын белгілі бір операторға тапсырады. Ол оператордың алдында қос нүктемен айырылған таңба тұру керек. Таңбалар 0-ден басталып, 9 999-ға дейін сандар немесе сәйкестендіргіштер болуы мүмкін. Барлық таңбалар жариялаулар бөлімінде былай сипатталған:

label <үтірмен айырылған таңбалардың тізімі>;

Мысалы:

label tanba, 1;

IF шартты операторы

Шартты оператор бір шартқа байланысты әрекет ретін ауыстырады. Оператор толық немесе толық емес болу мүмкін.

Шартты оператор программалау тілінде былай жазылады:

IF <шарт> Then <1-оператор> Else <2-оператор>;

мұнда

<шарт> - логикалық типті өрнек;

<1-оператор> - шарт дұрыс болса, орындалады;

<2-оператор> - шарт дұрыс болмаса, орындалады.

Программада бүкіл тармақталған құрылымдарды бір жолға жазуға болады, бірақ шарттың және құрылымның тармағын бірнеше жолға жазған дұрыс. Себебі, бұл жазу арқылы программаны жақсырақ «көре аламыз».

IF <шарт>

Then <1-оператор>

Else <2-оператор>;

Boolean типті логикалық өрнектегі true және false мәндері IF шартты операторында есептеледі.

Шартты операторда Else <2-оператор>; блогы болмауы мүмкін.

Бұл жағдайда шартты оператор былай жазылады:

IF <шарт> Then <1-оператор>;

мысалы:

IF а>0 Then a:=sqr(a);

Мысал:

Экранға сан оң немесе теріс екенін аныңтайтын программаны жазыңдар.

program 1-misal;

uses crt;

var

a:real;

begin

clrscr;

writeln('Caнды енгізіңдер');

readln(a);

if a>0

then writeln('CaH он, болады')

else writeln('CaH теріс болады'); readln;

end.

Программаның орындалу нәтижесі 14-cypетте көрсетілген.

14-сурет. Шартты оператордың жұмыс істеу мысалы

Енгізілген шарттар

0 санын есептейтін нұсқа ескерілмейтіні жоғарыда көрсетілген программа есебінің кемшілігі болып табылады (15-сурет).

Программаны орындаудағы дәлсіздікті түзету үшін, бір шартты екінші шартқа салу керек. Осындай шарттар енгізілген шарттар деп аталады.

Мысалы:

IF а>0

Then writeln('on сан')

Else if a=0

Then writeln('0 саны')

Else writeln('Tepic сан');

Шарттардың тек қана он, сандар мен 0 санына қойылатынына назар аударыңдар. Теріс сандар шарттарды қоюды қажет етпейді, себебі сан оң немесе 0 болмаса, теріс болады. О саны үшін аталған программаны орындау 16-суретте көрсетілген.

16-сурет. Программаның орындалуы

Операторлық блок

Кейде THEN немесе ELSE сөздерінен кейін бір емес, бірнеше операторды қою қажет болады. Олардың арасына нүктелі үтір (;) таңбасын қоюға болмайды, себебі ол таңба шартты құрылымның аяқталуын көрсетеді, бірақ бұл қате болып табылады.

Осындай жағдайлар үшін операторлың блоктар түсінігі бар. THEN немесе ELSE сөздерінен кейін тұратын операторлар BEGIN...END операторлың жақшаларға алынады.

Операторлық блоктың соңын көрсететін END сөзінен кейін нүктелі үтірдің белгісі қойылады. Сол кезде компилятор программаның аяқталмағанын түсінеді.

Вegin...end операторлық жақшалары, бірнеше опера­торды бір операторлық блокқа біріктіреді.

Операторлың блоктың құрылымы:

if <шарт> then

begin

<1-оператор>

end

else

begin

<2-оператор>;

end;

Есте сақтаңдар:

  • Else сөзінің алдына нүктелі үтір «;» қоюға болмайды.

  • Әрбір begin резервтелген сөзі end сөзімен «жабылуы» керек, яғни, енгізілген операторлық жақшалар ережелерін сақтау керек.

Мысал:

Қант екі қапқа бөлініп салынған. Біріншісінің салмағы - m кг, екіншісінікі - п кг. Салмағы ауыр қапты анықтайтын программаны құрыңдар. Қаншалықты ауыр?

Бұл есепті шығару алгоритмі 17-суреттегі блок- сұлбада көрсетілген.

17-сурет. Есепті шығару алгоритмінің блок-сұлбасы

Блок-сұлбадан таңба мен GOTO шартсыз ауысу операторының қажеттілігін түсінуге болады. Сол себепті сипаттама тарауына таңбаны қосу керек.

Түйін

  1. Ауысу операторы программаның басқармасын белгілі бір операторға тапсырады.

  2. Шартты оператор бір шартқа байланысты әрекет ретін ауыс- тырады. Оператор толық немесе толық емес болуы мүмкін.

  3. Толық шартты оператор if шартынан және екі тармақтан: оң - then және теріс - else тұрады. Әрбір тармаққа бір-бірлеп салынған операторларды қоюға болады.

  4. Толық емес шартты оператор if шартынан және then оң тармағынан тұрады.

  5. begin...end операторный; жақшалары бірнеше операторды бір операторлық блокқа біріктіреді.

  6. Операторлық блок бір оператор болып саналады.


V. Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған тапсырмаларды орындау

Қимылдарды орындау

VI. Практикалық жұмыс

10 мин

Оқулықпен жұмыс, 62-63 б.б., есептерді шығару, бағдарламасын ДК-де Free Pascal бағдарламасына енгізіп, нәтижесін шығару

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

A деңгейі

1-есеп.

Спортшының салмағына байланысты салмақ категориясын анықтайтын программаны жазыңдар.

Барлығы төрт салмақ категориясы бар:

  • жеңіл салмақ - спортшының салмағы 62 кг-нан кем;

  • орта салмақ - 62 кг-нан бастап, 74 кг-ға дейін;

  • ауыр салмақ - 75 кг-нан бастап, 87 кг-ға дейін;

  • аса ауыр салмақ - 88 кг-нан жоғары.

2-есеп.

Электр қуатының төлемі мына ереже арқылы есептеледі: А кВт қуатқа дейін пайдаланған 1 кВт қуат үшін, В теңге төленеді, ал белгіленген мөлшерден асқан 1 кВт қуат үшін С теңге төленеді. Пайда­ланған электр қуатының бағасын есептейтін прог­рамма жазыңдар.

В деңгейі

1-есеп.

Түймедақ жапырағының жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа жазыңдар.

2-есеп

Компъютерді кітап дүкенінде қолдану эпизодын жүзеге асыратын программа құрастырыңдар. Ком­пьютер сатып алушы енгізген кітаптың бағасына, ақша сомасына сұраныс жібереді; егер ақша қайыру бол- маса, программа экранда «рақмет» жазуын шығарады; егер ақша артық берілсе, онда программа «қалдық ақшаны алыңыз» деген хабарламаны шығарып, қайыру сомасын көрсетеді; егер ақша жеткіліксіз болса, онда программа жетпей тұрған соманы экранға шығарады.

С деңгейі

1-есеп

Жүк автокөлігі бір қаладан екінші қалаға Vt км/сағ жылдамдықпен жолға шықты. t сағаттан кейін осы бағытқа V км/сағ жылдамдықпен жеңіл автокөлік шықты. tt сағаттан кейін шыққан жеңіл автокөліктің жүк автокөлігін қуып жете алатын, алмайтынын анықтайтын программа құрыңдар.

2-есеп

Үш санның үлкені мен кішісінің қосындысын табатын программа құрыңдар.

VII. Бекіту

8 мин

Оқулықпен жұмыс, 61-62 б.б., бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді, тапсырмаларды орындайды

Бақылау сурақтары мен тапсырмалар

  1. Тармақталуды программалау үшін қандай операторлар қолданылады?

  2. Ауысу операторлары қалай орындалады?

  3. Шартты енгізу алгоритмдерінің ерекшеліктерін атаңдар.

  4. BEGIN...END операторлық жақшалары не үшін қол- данылады?

  5. ELSE алдына нүктелі үтір неліктен қойылмайды?

  6. Программа берілген:

program 3-misal;

uses crt;

var

x:integer;

begin

clrscr;

readln(x);

if x mod 2=0 then writeln('иә')

else writeln('жоқ')

end.

х-тің қай мәнінде жауап «ИӘ» болады?

  1. Программаның келесі үзіндісінде z айнымалының мағынасын табыңдар:

х:=23;

у:=12;

у:=3*х-4*у;

if х>у then

z:=3*x+y

else

z:=2+x*y;

8. Программаның фрагментінен p айнымалының мағынасын табыңдар:

m: = 13;

n:=21;

n:=2*m-n;

if m<=n then

p:=m+n

else

p:=4-m*n;

VIIІ. Рефлексия

2 мин

Екі жұлдыз, бір тілек.

Сабақтың басында таңдалған смайликтерге рефлексияны толтырады

IX. Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

Х.Үй жұмысы

2 мин

ІІІ тарау. §11 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
901
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі