400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тармақты алгоритмдерді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өте қажет пән мұғалімдеріне көп қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 «ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі - практикалық мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары. Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз. Сонымен, жұмыс дәптерінің келесі негізгі қасиеттерін бөлуге болады: тапсырмаларды қиындық деңгейлерінің жоғарлауы бойынша жүйелі іріктеу; оқушылардың тапсырмаларды тікелей дәптердің бетінде орындау есебінен уақытты үнемдеуі; тапсырмалардың көп көлемін шешу мүмкіндігі. Жұмыс дәптерінің құрылымы мен мазмұны төмендегідей сабақта қолданылатын мысал түрінде көрсетілген: Әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен: қысқаша теориялық мағлұмат қолдану қажет, мысалы: Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арнасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған. Оқушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен жаттығулар: типтік, дамыту және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар енгізіледі, мысалы:



Тапсырма №1.


Төмендеегі сөздің анықтамасын жаз.

Ақпарат - ________________________________________________


Тапсырма №2. Берілген тесттік тапсырманы орында.

1. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?

А) техникалық, математикалық, бейнелік;

Ә) аналық тақша, жүйелі блок;

Б) символдық, мәтіндік, графикалық.

В) мақсат, міндет.

2. «Ақпарат» латынның ... деген ұғымдарды білдіреді.

А) информатика, информатика;

Ә) аналық тақша, жүйелік блок;

Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет

В) мақсат, міндет


Әрбір тақырып бойынша қорытынды: ескертулер, тұжырымдар, бақылау сұрақтар беріледі, мысалы: Бақылау сұрақтар:


1. Ақпарат деген не?___________________________________________

______________________________________________________________

2. Қандай ақпараттық процестерді білесіндер?_____________________ ______________________________________________________________

3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?_____________________ ______________________________________________________________

4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?_____________________ ______________________________________________________________

5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?______________ ______________________________________________________________ Қорытындылайтын болсақ, өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болады. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі