400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тармақты алгоритмдерді программалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге өте қажет сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Анимация, мультимедиа.

Мақсаты:

  • Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу.
    2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
    3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
    Әдістері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,
    Көрнекіліктер: компьютер, сызбалар
    ,маршруттық карта
    Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
    2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
    Сабақтың барысы

Психологиялық ахуал.Оқушылар шеңберге тұрып ,бір бірлеріне

жақсы тілектер айтады.

Ұжыммен жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру.

Маршруттық карта

ІІІ. Жаңа сабақ

Microsoft Power Point программасында әртүрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац, түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Анимация-суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі.

Анимация термині латынның «anima»-жан сөзінен шыққан,яғни жандану ,

тірілу деген мағынаны білдіреді.Мультимедиа дегеніміз –компьютерде

аудио және ақпараттармен жұмыс істеу технологиясы.



Слайд жасау үшін:Пуск –Все программы-Microsoft Power Point-та жұмыс

жасаймыз

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін,

Слайдты көрсету - Анимация қосу(Показ слайда - Настройка анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу(Показ слайда) сұқбат терезесі ашылады(3. 1 - сурет). Бұл сұқбат терезеде слайдтың әрбір элементіне уақыты мен ретін ауыстыру және анимациядан кейін түсін өзгету немесе басқа эффект беру әрекеттерін орындай аламыз. Сұқбат терезенің Уақыт(Время) ішкі бетіне көшеміз де, Анимациясы жоқ объектілер(Объекты без анимации) тобындағы қажетті элементті белгілеп, Қосу(Включить) батырмасын шертеміз. Слайдтың барлық элементтеріне анимация қосу үшін, олардың әрқайсысын CTRL пернесін басып тұрып белгілейміз немесе жеке - жеке жоғарыда айтылған әрекетті қайталаймыз.

Осы әрекет орындалған кейін, анимация қосу әрекеті таңдалған элементтердің тізімі
Анимациялар тізімі(Порядок анимации) өрісінде көрінеді. Бұл өрістің оң жағындағы батырма слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту мүмкіндігін береді. Ретін өзгертуге қажетті элементті тышқанды шерту арқылы белгілеп аламыз да, жоғарғы жағындағы батырманы шертетін болсақ, слайдты көрсету кезінде алдымен екінші элемент одан кейін бірінші элемент пайда болады. Бұл өрістің оң жағында сдайдтың үлгісі орналасқан, Көру(Просмотр) батырмасын шерту арқылы эффектілерді қадағалап отыра аламыз. Уақыт(Время) астарлы бетінде элементтердің пайда болу уақытын көрсету мүмкіндігі бар. Анимациялар реті(Порядок анимации) өрісінде қажетті элементті таңдап алып, тышқанның шертуімен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болуы керектігін белгілей аламыз.

Microsoft Power Point программасында дайндалған презентацияны
көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Бірқатар дыбыстар(мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау т. с. с.) Анимациялар эффектілер(Эффекты анимации) саймандар тақтасынан іске қосылады. Бұдан басқа коолекцияда көптеген музыкалар мен бейнеклиптер бар. Осы коллекцияны қолдану үшін, Енгізу - Кино және дыбыстар(Вставка - Кино и звуки) меню командасының қажетті ішкі командасының бірін орындаймыз.
Ішкі командалары: Коллекцядағы кино(Кино из коллекции), Файлға
сақталған кино(Кино из файла), Коллекцядағы дыбыс(Звук из коллекции), Файлға сақталған дыбыс(Звук из файла), Компакт дискідегі жазба(Запись из компакт диска), Дыбыс жазу(Записать звук). Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сұқбат терезесінің, сәйкес Бейне(Видео) немесе Дыбыс(Звук) ішкі беттері ашылады. Қажетті бейнеклип немесе дыбыс шарт белгісін ерекшелеп Енгізу(Вставить) батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.

Слайдқа музыканы, дыбысты немесе бейне - клипті көрсету режимінде белгілі бір уақытта тыңдаймыз етіп есептеп енгізуге болады. Үнсіз келісім бойынша, слайдты көрсету режимінде енгізілген киноны немесе дыбысты тыңдау үшін, оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту керек. Ал, тыңдау тәсілін өзгерту үшін слайд режимінде музыкалық клиптің немесе дыбыстың шарт белгісін ерекшелеп алған соң, Анимация қосу(Настройка анимации ) командасын орындаймыз. Осы кезде, Анимация қосу(Настройка анимации ) сұқбат терезесінің Таңдау параметрлері(Параметры воспроизведения) ішкі беті ашылады(3. 4 - сурет).

Қажетті өрістерді белгілеп, Параметр
батырмасын шертеміз. Қосымша параметрлер (Дополнительные параметры) сұқбат терезесі ашылады(3. 5 - сурет). Бұл сұқбат терезеде музыканы үздіксіз ойнату, аяқталған соң басынан бастап қою мүмкіндігі бар. Үздіксіз тыңдау(Непрерывное воспроизведение), Аяқталған соң басынан бастап қою(После окончания установить на начало) тиісті өрістің қанат белгісін көрсетіп қоямыз.

Дыбыс, музыка және бейнеклиптер Power Point программасында объект түрінде енгізіледі. Дыбыс немесе бейнеклиптерді әмбебап ойнауыштың(универсальный проигрыватель) объектісі ретінде тыңдау үшін Енгізу – Объект
Вставка - Объект) командасын орындаймыз да, Мультимедиа клипі(Клип мультимедиа) қатарында тышқанды шертеміз(3. 6 - сурет). Бұл кезде дыбысты немесе бейнеклипті тыңдау Windows жүйесімен бірге орнатылған әмбебап ойнауыш көмегімен жүзеге асады. Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және компакт - дискілер мен бейнедискілер сияқты құрылғылардан тыңдау мүмкіндігін береді.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту сұрақтары
1. Анимация деген не?
2.
Мультимедиа деген не?

Рефлекция.

Не білдім ? Нені білгім келеді? Не білемін?
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін ашу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі