Материалдар / Тәрті тәрбие бастауы , тәртісіздік өміріңнің қас жауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрті тәрбие бастауы , тәртісіздік өміріңнің қас жауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты 11 кл оқушыларына арналған. Тәрбие сағ мекте инспекторымен кездесу ретінде құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2021
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні :21.09.21

Пәні: Тәрбие сағаты

Мұғалімі: Баймуканова Ляззат

Класс: 11


Сабақтың тақырыбы:

«Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы»


Сабақтың мақсаты

 Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу

Тәрбие жұмысының бағыттары

Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Бағалау

Ресурстар

І

Қызығушылықты ояту

Тренинг.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.



ІІ

Мағынаны ашу

«Тәртіп тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін бізде қонақта қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы, полиция капитаны Сембай Данияр Мәлікұлы

Cұрақтар:

  1. Жастар арасындағы қылмысты азайту үшін не істеу керек?

  2. Ақтөбе қаласы бойынша жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

  3. Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар қолданылады?

  4. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді жазалаудың ерекшеліктері туралы айтып өтсенніз ?

  5. Жас өспірімдер көбіне қандай қылмыс түрлерін жасайды?

  6. Неге барлық заң бұзушылыққа жас өспірімдер 16 жастан , ал кейбір заңбұзушылыққа 14 жастан жауапкершілікке тартылады?

  7. Арнайы қызметкерлерді жалған шақырған жағдайда  қандай шара қолданады?

  8. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің  түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?

Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз.

Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік.
































ІІІ

Ой толғаныс

Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,

 - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Отшашу


Үй тапсырмасы

«Менің құқығым» тақырыбына эссе жазу



Не сәтті өтті?




Не сәтсіз өтті?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!