400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәртібінде қиындық туғызатын оқушылармен қалай жұмыс жүргіземіз?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім бойында балаға деген жағымды эмоциялы қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым - қатынас жасау жолдарын бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы













Семинар-тренинг

Тақырыбы: «Тәртібінде қиындық туғызатын оқушылармен

қалай жұмыс жүргіземіз?»








Педагог-психолог: Ерімбетова А.Ж









Көктал, 2017 жыл

Тақырыбы: «Тәртібінде қиындық туғызатын оқушылармен қалай жұмыс жүргіземіз?»
Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды эмоциялы қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым - қатынас жасау жолдарын бөлісу

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, психодиагностикалық әдістер, психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Суретте нені байқадыңыз?» әдісі
2. «Ой талқы»
3. №1 «Қиын бала» тақырыбында видео көрсетіледі
4. «
Сіздің сыныбыңызда қиын бала бар ма ол баламен қалай жұмыс істер едіңіз?»
5.
«Менің ең қиын оқушым» жаттығуы
6. №2 «Қиын баламен жұмыс» тақырыбында видео көрсетіледі

7. «Ермексаз» жаттығуы

8. №3 «Менің жетістіктерім» тақырыбында видео көрсетіледі

9. Қорытынды


Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! «Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны, бесіктің қалай тербетілетініне байланысты» деген екен Станислав Ежи Лец. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі  дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және  отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет.


«Суретте нені байқадыңыз?» әдісі арқылы ұстаздарды 3 топқа бөлеміз

Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз.

Ай Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.

Ақ түсті келбет  Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.

Қара түсті келбет  Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.

«Ой талқы»

«Қиын оқушы», «Тәрбиесі қиын бала» ұғымдары өте кең. Бұл ұғымдар ғылымға 30 жылдары А.С. Макаренконың еңбектерінде орын тапқан. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар деп түсіндірген. Ал сіздер «қиын бала» деген ұғымды қалай түсінесіздер?

Әр топқа тапсырма беріледі, топ берілген тапсырманы постермен қорғайды .

1.Қиын бала деген кім?

2. Қиын бала қайдан шығады?

3. Қиын баламен қалай жұмыс жүргіземіз?


1 «Қиын бала» тақырыбында видео көрсетіледі


«Сіздің сыныбыңызда қиын бала бар ма ол баламен қалай жұмыс істер едіңіз?»

3 топқа бірдей «Сіздің сыныбыңызда қиын бала бар ма ол баламен қалай жұмыс істер едіңіз?» тапсырма беріледі, топар берілген тапсырманы постермен қорғайды .


«Менің ең қиын оқушым» жаттығуы
Шарты: Сынып жетекші өз сыныбындағы бір қиын оқушы жайлы, оның түр әлпеті, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі туралы айтып береді немесе соған байланысты болған ситуацияны баяндап, көрініспен немесе пародиямен көрсету керек.
Талдау:
Жаттығуды орындау қиын болды ма?
Қиын оқушының эмоциясын салу барсында қандай ойда болдың?
Не қиындық келтірді?


2 «Қиын баламен жұмыс» тақырыбында видео көрсетіледі


«Ермексаз» жаттығуы


3 «Менің жетістіктерім» тақырыбында видео көрсетіледі


Қортытынды:

Сонымен бүгінгі семинар-тренингті қорытындылай келе Президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да,тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасын ата - аналар, психологтар, педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет. Өйткені, тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын.Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспесе де қиын баланы тәрбиелеу қажырлы, қайратты еңбекті талап етеді. Ұрпағымыздың жұмсақ мінезді, мейірімді, байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін, өмірдің қатал сынына төзбей «қиын бала» атанған балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет.


Байланыс парағы:

  1. «Қиын бала дегеніміз кім?» онымен қалай жұмыс жүргіземіз? – тақырыбында семинар-тренингтер бізге қажет пе?

  2. Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

  3. Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.04.2019
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12