400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

тәртіп пен парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: 200 топ Бәзілбай Р

Тақырып: «Тәртіп пен парыз»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, шындықты айту.

Мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыздың мәнін түсіндіре отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға тек шындықты айту керек екенін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы тілалғыштық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(бейнеролик, интернет сілтемесі, суреттер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi

«5 Т» ережесі

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық

Татулық

Сабақ барысын талқылау:

2. Дәйек сөз

Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде,

үлгісімен қуантады түбінде

Ж.Баласағұни


(Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни 

(1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.)

Сұрақтар:

1. Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар?

2. Тәртіпті бала кімдерді қалай қуанта алады?

3. Дәйек сөзден қандай ой түйдіңіз?

Олай болса есте сақтайық!

«Тәртіп» - «Порядок»- «Order»

3. Әңгімелеу



4. Ширату кезеңі

  • Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

  • Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

  • Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

  • Өзіңнің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?

5. Бейнежазба

«Кім бірінші кешірім сұрайды?»

Ұзақтығы: 2:23 мин.

  • Бұл бейнежазбада ағайындылар неге ренжіді?

- Дұрыс айтасыңдар балалар, жауапкершілік ағайындылардың арасында маңызды рөл атқарады. Себебі, ағайындылар бірін-біріне адал болса, сен айналаңа сенімді болып өмір сүруге құлшынысын артады.Сондықтан сендерге адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуды ұсынамын.

https://www.youtube.com/watch?v=AIgPbXWAXaU


6. Сергіту сәті

https://cloud.mail.ru/public/3DYg/sQhq7b3Rf


7. Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс.

1Shape1 -тапсырма

Суреттерге қараңдар.Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер.





2-тапсырма

Үлкендердің көмегімен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тәртіп, парыз туралы айтқан дана сөздерімен танысыңдар.

«Тәртіпсіз ел болмайды,

Тәртіпке бас иген ел-құл болмайды» 

Б.Момышұлы


8. Қорытынды

Өз бойларындағы құндылықтармен адами қасиеттеріңді іс жүзінде көрсете алуға мүмкіндік аласыңдар. Тәртіп пен парыз деген тақырыпты түсіндіңдер деп ойлаймын. Адал,тәртіпті адам қандай болу керек екенін ұғынған боларсыңдар.Жауапкершілігі мол адамның бойындағы қасиеттерді өз бойларыңа сіңіріп алуларыңа тілектеспін. Келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
866
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі