400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Тәртіп пен парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға тәртіп пен парыз сөздерінің мәнін ашу; Оқушылардың жауапкершілік қасиетін дамыту; Оқушыларды адалдыққа, құрметтеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ЖББТМИ Мерзiмі: 25.09.2018ж. Сабақ 4

Тақырып: Тәртіп пен парыз

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Адалдық, құрметтеу, жауапкершілік

Мұғалiм: Садуакасова Жанар Саятовна

Сынып: 1 «А»

Оқушы саны: 6

Сабақ мақсаты: Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдары туралы дұрыс әрекет құндылығы арқылы түсінік беру.

Міндеттері:

Оқушыларға тәртіп пен парыз сөздерінің мәнін ашу;

Оқушылардың жауапкершілік қасиетін дамыту;

Оқушыларды адалдыққа, құрметтеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, интерактивтік тақта, плакаттар, үнтаспа.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады? Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді іздейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға , тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

5 «Т» ережесін айтып өту.

Тәртіп,

Талап,

Тыныштық,

Тазалық,

Татулық.

3. Дәйексөз. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы.

Тәртіпті – елдің ұлы».

Бауыржан Момышұлы

Алдымен екі рет оқып шығып, сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынамын. Ұлдар 2-рет, қыздар 2- рет қайталайды.

1. Тәртіпті бала қандай бала, қалай ойлайсыздар?

2. Тәртіпті бала кімдерді қалай қуанта алады?


4. Әңгімелеу. «Тәртіпсіз бала» ертегісі

Бір үйде анасымен бірге бір бала өмір сүріпті. Ол бала ешқашан анасының айтқанын тыңдамайтын болыпты. Тәртібі де, сабағы да нашар, киімдерін салақ киетін, өзінің бөлмесін ешқашан жинамайтын жалқау болыпты. Күздің бір шуақ күнінде көшеге шығып достарымен кешке дейін сайран салып ойнап келіп, үстіндегі киімдерін бөлмесіне шешіп лақтырып тастапты. Сөйткенде бір шұлығы диванының астына түсіп кетіпті, бала оны байқамайды. Ертесіне күн жаңбырлы, суық болып тұрады. Бала анасының күн суық далаға шықпа дегенін тыңдамастан, шұлығын таба алмаған соң жалаң аяқ резин етікті киіп суды кешіп кешке дейін ойнайды. Кешке үйге келген соң баланың дене қызуы көтеріліп, жөтеліп әбден ауырады. Осылай үш күн бойы төсекте жатады. Анасы оны жан ұшырып жүріп емдеп, азер дегенде емдеп алады. Өзінің қателегін түсінген бала анасынан кешірім сұрап, енді анасының айтқанын тындаймын деп уәде етіп, анасын қуантады. Анасына берген уәдесі бойынша бөлмесін жинап жүргенде жоғалған шұлығын тауып алады, баласының дұрыс жолға түскенін көрген анасы сыртынан қарап тұрып, іштей қатты қуанып қалады. Мысал келтіріп өмірмен байланыстырады.

Сұрақтар арқылы кері байланыс. Оқушылар ертегіден түсінгендерін айтады.

Мұғаліммен баланың тәртібі мен анасының алдындағы парызы туралы әңгімелеседі.

Балалар «Тәртіпті бала» деп қандай балаларды айтамыз? «Тәртіп» деген не? «Парыз» деген не? Осы екі ұғым туралы не білесіңдер? Мектептегі тәртіп, үйдегі тәртіпті қалай түсіндіресіңдер? Ата-ана алдында не үшін парыздымыз деп ойлайсыңдар? Балалар өздерінің ойларын ортаға салады. Жабыстырма арқылы суреттерден коллаж құрастырады. Мұғалім мен оқушылар арасында диалог арқылы әңгімелесу жүреді. Тәртіп дегеніміз - адамдардың өмір сүруіндегі реттілік, ұйымшылдықтың, адамның мінез-құлығындағы қоғам талаптарына сай нормасы. Тәртіп адамның ұстамдылығын, жауапкершілігін, қоғамдық нұсқауға (заңдарға) бағынуы. Тәртіп ақылмен тығыз байланысты, ақылды адамдар әрдайым тәртіпті болмақ.

Парыз дегеніміз - анық, бұлтартпас дәлелдермен әмір етілген іс-әрекеттер мен міндеттер. Отан алдында, Ата-ана алдында, дін алдында, заң алдында әрбір адам парызды. Мұғаліммен бірге берілген сөздердің мағынасын ашады.

Салыстырады, талдайды, өмірмен байланыстырады

«Шымшық оқиғасы» әңгімесі тыңдалады (видеоролик). Сұрақтар:

Балалар неліктен бұл «Шымшық оқиғасы» деп аталады?

Әкесі не үшін 3 рет сұрағын қайталады?

Қалай ойлайсыздар ұлы әкесіне дұрыс жауап берді ме?

Баласы өз қателігін қалай түсінді?

Өздерің ата-аналарыңды қалай сыйлап, құрметтейсіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1. Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру.

Сыныпты 2 топқа топтастырып, тапсырма беремін.

1-топ: Оқушыларға тәртіпті оқушы дегенге ауызша әңгіме құрастыру .

2-топ: «Әдепсіз оқушы» деген қысқа әңгіме оқып беріп, сахналау.


6. Топпен ән айту. «Балдырған» әні. Сөзі: Рауза Архабаеванікі, Әні Айжігіт Асановтікі.

Біз кішкентай балдырған,

Қылығымен таң қылған.

Біздңғ орта көңілді,

Отты үрлеп жандырған.

Қайырмасы:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.

Балдай тәтті балдырған,

Құмарымды қандырған.

Өнер тамған саусақтан,

Жоқ нәрсені бар қылған.

Қайырмасы:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балдырғанға құлақ ас.

Секір, жүгір, тоқтама,

Ой болмасын жасырмас.

Біз бақытты балдырған,

Ыршып аяқ талдырған.

Сөздің сырын түсінбей,

Не бір сұрақ жаудырған.

Қайырмасы:


7. Үй тапсырмасы. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу. Осы кейіпкерді не үшін салдыңыз? Кейіпкердің қандай қасиеттері сізге ұнайды? Тағы қандай кейіпкерлерді ұнатасыздар?


8. Соңғы тыныштық сәті. Әрбір адамға, қоршаған ортамызда тәртіп пен парыз болса, бізге де басқа өзге адамдар қамқорлық жасайды. Олай болса, өзімізге де, өзгелерге тәртіп көрсете білейік. Сабаққа қатысқандырыңызға рахмет!

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі