жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы! Тренинг
Тақырыбы: “Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы!» тренингі.
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Керекті құралдар: айна, слайд, орамал.
Әдісі: топпен жұмыс (ата-аналармен)
Тренингтің барысы:
А) тренингтің ережесін бекіту.
1. Тыңдай білу
2. Сөзді бөлмеу
3. Белсенділік таныту
4. Көңілді отыру
5. Ойын ашық ортаға салу
Психолог сөзі: Сіздерді бүгінгі «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы!» атты психологиялық тренингке қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Таныстыру.
Нұсқау. Бірінші өз есіміңізді айтып қасыңыздағы көршіңіздің есімін еркелетіп айтып таныстырыңыздар.
Психолог сөзі.
Керемет! Яғни өз есімдеріңізді еркелетіп айтқанда көңіл- күйлеріңіз бір серпіліп қалды деп ойлаймын. Сондықтан балаларыңыздың көңіл – күйіне баса назар аударғандарыңызды сұраймын. Мысалы: кейбір ата-аналар болады баласы сабақтан келе салысымен бүгін неше алдың деп жағасынан алып жатады. Әрбір ата-ана бірінші баланың көңіл-күйімен бөліссеңіздер бала бойында ата-анам мені жақсы көреді, мен ата-анама керек екенмін деген жағымды ойлар арқылы психологиялық дамуына эмоционалдық жағынан қоректендіре аламыз. Яғни балаға ата-ана мейірімін, қамқорлығын көрсете алмаса, онда балада проблемалар мен қатар мінез-құлықта ауытқулар пайда болып, тіпті психикалық жүйке ауруларына да ұшырайды.
«Айна, айна мен қандаймын?» жаттығуы.
Нұсқау. Қатысушы ата-аналар шеңбер бойына орналасады. Ортаға ойыншы шығып «Айна, айна мен қандаймын?» деп сұрайды. Қатысушылар ойыншының бойындағы жақсы қасиеттерін айту керек.
Психолог сөзі: Көңіл –күйлеріңіз қандай? Өз бойларыңыздағы жағымды қасиеттерді ес тігенде көңіл-күйлеріңіз көтеріліп, ішкі ойларыңызға керемет әсер қалғанын сезіндіңіздер.
Адам баласы өмірде ұрпағының тәрбиелі үлкен азамат болғанын армандап жүреді. Ең бірінші отбасынан, балабақшадан, мектептен, әлеуметтік ортадан қалыптасады екен. Бала дүниеге келгенде ақ парақ сияқты пәк, таза болып келеді. Оның бойында үш түрлі мінез қалыптасады екен. Бірінші мінез ол ата-анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі достарынан. Яғни, бала үш мінездің біреусін ғана таңдап қалыптасатындығын айтуымызға болады.
«Ашулы шарлар» жаттығуы.
Нұсқау. 1 топ қатысушылары ортаға шығып, шарды үрлеп байлайды. Шарлар адам денесін бейнелейді. Ал оның ішіндегі ауа сезіміңіз. Қатысушылар шарды аяғымен жару керек.
Кері байланыс:
Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?
Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?
Нұсқау: 2 топ қатысушылары да шарды үрлейді. Бірақ байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді. Шарды жайлап ауызынан жарты ауасын шығарады. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Қатысушылар шардағы ауаны толығымен шығарады.
Кері байланыс:
Бұл нені білдіреді?
Шардағы ауаны жайлап шығарғанда ұқандай сезімде болдыңыздар?
Психолог тұжырымдамасы:
Қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол – қатерлі жол.
Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
4.«Бала мүсіні» көрініс.
Психолог: Баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылған тыйым сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз. Автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі келіп тұрады. Тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдім.
Мама, анау не қарашы! – деді қызым.
Уақыт жоқ аяғыңның астына қара, сүрінесіңде жүресің. Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара! Жан-жағыңа қарама! – деп жауап бердім мен. Сонда қызым сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйрғанымдай көзін жұмды. (Орамалмен көзін байлаймыз).
Біз ары қарай мектепке асығып келеміз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұқият тыңдап, содан соң былай деді.
Мама ол кім? Сәуле деген кім? Деп сұрады. Мен, неге сен үлкендердің сөзіне араласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой үлкендердің әңгімесін тыңдауға болмайды деп құлағын жауып тастаймыз. (орамалмен байлаймыз).
Одан ары мектепке асығып келе жатырмыз. Қызым, мама мені Малика күтіп отырған шығар, ол маған ойыншық әкелем деген деп әлі сөйлеп келе жатыр. Анау ше... деп бастай берген сәтте мен, көп сөйлей бермеші миымды ашыттың ауызыңды жапшы деп зекіп тастадым. Баланың ауызын орамалмен жабамыз. Әрі қарай жылжып келе жатыр едік қызым жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оны қолынан салып жібердім. Сенің қолыңда да тыным жоқ. Таста дедім саған, тарт қолыңды. (Баланың қолын байлаймыз). Ол енді секеңдеп аяғын сермей бастап секіре бастады. Мен оған мұны қайдан шығардың, бұл немене тағы ? – деп ұрысып, « Аяғыңды түзу ұстап жүр» деп ұрсып тастадым. (Орамалмен аяғын байлаймыз). Мен сағатыма қарап жұмысқа кешіккеніме жыным ұстап, қызымды сілкілей бастадым.
Неғып былжырап келесің, аяғыңды тез бас, тезірек жүр, бол тез. Әкел қолыңды не дұрыс ұстай алмайсың, не дұрыс жаза алмайсың. Жолыңа қара , сүрінбей соқыр ұқсамай. Неғып үндемей тұрсың мен саған сөйлеп тұрмынғой, кереңсің бе не? Деп ұрса бастадым. Қызым көзіне жас толып жылай бастады.
Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау.
Сіздер осы оқиғадан не ой түйдіңіздер?
Ата-ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуна күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 құшақтау өте қажет болатын болса , ол өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген. Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін күніне 12 рет құшақтау қажет деген. Бала өзі ата-ананың құшағынан шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсуі керек.
Қорытынды сөз.
Бүгінгі «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы!» атты тренингімізге қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға амандақ тілей отырып, бала тәрбиесінің ата-ана үшін маңызы жоғары екенін айта отырып тренингімізді аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген