15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау»
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі.
Студенттің зерттеу жұмысы
Тақырыбы : «Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау»
Студенттің аты-жөні : Абдулла Бақытбек
Жетекшісі : Каденова Мира Беркінбай қызы
Қызылорда қаласы.
Мазмұны :
1.Кіріспе
2. Тас қалау жұмыстарына жалпы сипаттама
3. Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау.
4. Пайдалану кезіндегі кірпіш ақаулары мен зақымдануын зерттеу.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазіргі кезде күрделі құрылыстың дамуы ұзақ жылдар бойы сыннан өткен, ғылыми тұрғыдан зерттеліп дәлелденген технология бойынша жүзеге асырылуда.
Елімізде көптеген мемлекеттік ірі кәсіпорындар салынуына құрылысшылардың үлесі зор. Күрделі құрылысқа біздің республикамызда өте мол қаржы жұмсалады.Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша жедел іске қосып игеру. Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту- құрылысшылар алдына қойып отырған маңызды міндет.
Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек шығынын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет.
Аталған талаптарды іске асыруда жоғарғы оқу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде жоғарғы оқу орындарының алдына қойылған жауапты міндеті білікті мамандар даярлау. Қазіргі кезде барлық оқу орындары жаңа,сапалы оқу жоспарлары мен бағдарлама арқылы мамандар дайындау жолына көшуде.
Тас қалау жұмыстарына жалпы сипаттама
Мақсаты :
а)тәрбиелік- болашақ маман ретінде құрылыста тас жұмыстарының орындалу жолын түсіну, тереңірек ұғыну.
ә)білімділік- құрылыс мамандығына деген ықыласымды арттыру, теорияны тереңірек дамыту.
Тас қалаушының жұмыс орны-қаланым учаскесі және оған шектес алаңның бір бөлігі,бұл алаңның шегінде жадығаттар,керек-жарақ орналастырылады
және тас қалаушының өзі жүреді.Тас қалаушының жұмысының сапасы жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
1. Ғимарат құрамына – мамандандырылған тасшылар звеносы, монтажшылар звеносы, ағаш ұсталар звеносы, такелажшылер звеносы және т.б. звенолар кіретін кешенді бригадамен тұрғызылады.
2. Кірпіш қалауы (кладка) өлшемі 250х120х65мм болатын керамикалық кірпішпен орындайды. Сыртқы қабырғалар қалыңдығы – 510мм, ал ішкі қабырғалар қалыңдығы – 250,380мм болып келеді.
3. Кірпіш қалауы келесі технологиялық ережелерді сақтай отырып, орындалады: кірпішті құю, барлық жұмыс фронты бойынша кірпіш қалауының түзулігі, қатарлардың горизонтальдығы, бұрыштардың және қабырғылардың вертикальдігі және т.б.
4. Кірпіш қалауы арқылы тұрғызылатын жағдайда әдетте сыртқы және ішкі қабырғалар бір уақытта тұрғызылады, бұл жағдай олардың жанасатын және қиылысатын жерлерінде жіктердің қажетті байланысын қамтамасыз етуге ыңғайлы болып келеді. Әсіресе тік бұрыш және шығыңқы бұрыштар, қиылысу және қабырғалардың жанасатын жерлерін қалағанда жіктердің байланысу ережелерін қатаң қадағалау керек.
5. Қалауды бұрыштық және аралық қатарлағыштарды бекітуден бастайды. Оларды қабырғалар периметрі бойынша орната отырып, барлық қатарлар бір жазықтықта жатып, биіктігі бойынша тегіс болуын қамтамасыз ету үшін деңгейлері бойынша нивелир көмегімен тексереді. Қатарлағыштарды (порядовки) бұрыштарда, қабырғалардың қиылысатын және жанасатын жерлерінде, сонымен қатар қабырғалардың тік жерлерінже бір – бірінен 10-15м қашықтықта орналастырады. Қатарлағыштарды орнатып, тексерістен өткізгеннен кейін қаланушы жердің бұрыштарына маяктар орнатады. Осыдан кейін қатарлағыштарға шнур – причалкаларды бекітеді.
Қатарлағыштар бекітіліп, маяктар орналастырылып, оларға шнур – причалкалар тартылғаннан кейін кірпіш қалауын келесі кезекте жүргізеді: кірпіштерді қабырға бойына орнатып, ерітіндіні жағады, артық кеткен ерітінділерді алып, келесі кірпішпен арадағы жікке құяды. Мұнан кейінгі операциялар қалаудың таңдалып алынған түріне байланысты жүреді: қатарлық, сатылы немесе аралас.
6. Ереже – бұл қимасы 30х80мм, ұзындығы 1,5-2м болатын ағаш рейка немесе ұзындығы 1,2м болатын арнайы профильді дюраллюминді рейка. Қалаудың беткі жазықтығын тексеруге (тегістігін, шығыңқы немесе қисық жерлердің жоқтығын тексеру үшін) пайдаланылады. Шнур-причалка – қалыңдығы 3мм болатын, қалау кезінде қатарлағыштар мен маяктар арасына тартылып салынатын бұралма шнур.
7. Ғимарат тораптары жіктерінің салыну дұрыстығын ағаш бұрыштамамен (угольник) тексереді. Қатарлардың горизонтальдығын әрбір яруста екі реттен жиі емес ереже немесе деңгей бойынша бақылап отырады. Бұл үшін ережені (правило) қалау бетіне қойып, оған деңгейді орнатып, қалаудың горизонтальдан ауытқу көлемін анықтайды. Егер ауытқу деңгейі шекті жағдайдан асып кетсе, ауытқуды келесі қатарды орнату процесі кезінде реттеп жібереді.
8. Жіктердің қалыңдығын периодты түрде былай тексереді: қалаудың бес – алты қатарын өлшеп, жіктің орташа қалыңдығын анықтайды. Мысалы, қабырға қалауының бес қатарын өлшегенде оның биіктігі 400мм болса, онда бір қатардың орташа биіктігі 400:5 = 80 мм тең болады, ал жіктің орташа қалыңдығы 80 – 65 = 15 мм тең болады. Қабат биіктігінің шегіндегі кірпіш қалауының горизонтальді жіктерінің орташа қалыңдығы – 12мм тең, ал вертикаль жіктерінің қалыңдығы – 10мм тең болуы тиіс. Сонымен қатар бұл жағдайда бөлек вертикальді жіктердің қалыңдығы – 8мм-ден кем емес, 15мм-ден артық емес болуы тиіс, ал горизонталь жіктердің қалыңдығы – 10мм-ден кем емес, 15мм-ден артық болмауы тиіс. Келтірілген ережелерге сәйкес келмейтін жіктердің қалыңдатылуы – жобада келтірілген жағдайда ғана орындалады, бұл жағдайда қалыңдатылған жіктердің өлшемдері жұмыстық сызбаларда келтірулері тиіс. Жіктердің ерітіндімен дұрыс толтырылғанын орнатылған қатарлардың әр жерлерінен бір кірпішті суырып алу арқылы тексереді (қабат биіктігі бойынша 3-реттен кем емес).
9. Кірпішті тұрғызылушы қабырға үстінде қаланып жатқан жерге мүмкіндігінше жақын орналастырады. Беттік қатарлар (ложковый ряд) үшін кірпіштерді қабырғаға параллель немесе оған шамалы бұрышын бұрып қояды. Бүйір қатарлар (тычковый ряд) үшін кірпіштерді қабырға осьне перпендикуляр бағытта қояды. Қабырғаның сыртқы қабатын қалау кезінде кірпішті қабырғаның ішкі бетіне орналастырады, ал ішкі қабатты қалау кезінде сыртқы бетке орналастырады. Қабырға бетіне қойылған кірпіштер қалау қатарының соңғы кірпішінен 50-60 см қашықтықта (ерітіндіні жағу аймағын бос қалдыру үшін), орналастырылуы керек. Бұл жағдайда қойылған кірпіштер тасшыға жағылған ерітінідіні тегістеуге кедергі келтірмейді. Қалыңдығы 2 кірпіш немесе одан да жоғары қалыңдықтағы қабырғаны қалау үшін сыртқы қабаттың бүйір қатарына арналған материалды – қабырғаның ішкі бетіне қабырға осьне перпендикуляр бағытта, қашықтықтары ½ кірпіш болатындай ретпен екі кірпіштен орналастырады; ал сыртқы беттік қатарды қалауға арналған материалды – қабырға осьне параллель немесе оған 45° бұрышпен, қашықтықтары 1 кірпіш болатындай ретпен екі кірпіштен орналастырады. Қалыңдығы 1,5 кірпіш болатын қабырғаны қалау кезінде бүйір қатарына қажетті кірпіштерді екі кірпіштен, қабырға осьне параллель бағытта қояды; ал беттік қатар үшін де осылай, тек қашықтықтары 1 кірпіштен болуы тиіс
Тас қалау түрлері және қалау жұмыстарына қажет материалдар.
Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, құмдақ және басқа жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлу тастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті – қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамикатастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.
Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құрғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (МСТ -530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250х120х65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 75 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1м3 көлемдік массасы 1800 кг шамасында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіру жатады.
Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150 және 200 жәй (ізбес, цемент) және күрделі (цемент – ізбес, цемент – балшық) ерітінділермен жүргізіледі.
Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбездер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолданады.
Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.
Цемент – ізбес және цемент – балшық ерітінділері ең үлкен таралу алған. Оларды құрғақ және дымқыл жағдайларда жұмыс істейтін қалауға дағдылы күштер әсер ететінде қолданады.
Ерітінділер құрғақ күйіндегі тығыздығы бойынша тығыз толтырғыштарда дайындалған – ауыр (тығыздығы 1500 кг/м3 артық) және жеңіл толтырғыштардағы (шлак, пемза құмы және т.б.) жеңілдерге (тығыздығы 1500 кг/м3 кем) бөлінеді.
Аязға төзімділігі бойынша ерітінділер мына маркаларға бөлінеді: 10; 15; 25; 35; 100; 150; 200 және 300.
Тас қалауының ерітінділері берілген маркадан басқа созымды және жақсы су ұстайьын қабілетті болу керек. Ерітіндінің қажетті жеңіл төселуі байланастырғыштың, судың және қосымшалардың мөлшерімен реттеледі.Ерітінділер ерітінді – бетон араластырғыш зауыдтарда және қондырғыларда (тораптарда) дайындалады. Орталықтандырылған кәчіпорындарынан әкелінген ерітінділердің әр тобында дайындалған күні және уақыты, маркасы, жылжымалығы, ал құрғақ қоспалар үшін 1% - тен аспайтын нақты дымқылдығы көрсетілген паспорт болу керек.
Қолданатын тас түріне байланысты қалаудан келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан – шой тастан қалау; фундаметтер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және оған тастар батырылған – шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т.б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті – қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған – біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған – жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған – ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған – отқа төзімді қалау.
Жіктерді байлау ережелері.
Жіктерді байлаудың көптеген жүйелері бар. Кірпіштерді әр түрлі жүйелермен қалау және байлау арқылы қалауға, әр түрлі сыртқы кескін беруге, жұмыс тәсілдерінің қайталанғыштығына жету және сонымен жұмысты тездетуге, белгілі әсерлерге жоғары төзімділікті қалау арқылы алуға болады. Жіктер байлауы неше қатардан кейін жасалуына байланысты бір қатарлы және көп қатарлы жүйелерге бөлінеді.
Бір қатарлы (тізбекті) жүйемен байлау дәстүрлі әдіс болып саналады. Оның мәні мынада: бір қатардың барлық жіктері бойлай тік жіктердегі келесі қатардың кірпішін ½ кірпішке жылжыту арқылы, ал көлденеңдердікі – ¼ кірпішке асыра басып жабылады. Тізбекті қалаудың үшкір қатарлары бүйір қатарлармен алмасып отырады. Барлық қатарлардың бүйір қырлары қалау қасбетінде үздіксіз тізбек түрінде сурет жасап бір тікте орналасады (5.3 – сурет).
Көп қатарлы жүйемен жіктер байлау кірпіш және тастың өлшеміне сәйкес орнатылады. Жалаң қабатты кірпіштен қалағанда бойлай тік жіктер әр бүйір қатардан кейін бір үшкір қатармен асыра жабылып отырылады (5.4 – сурет). Мұндай қалауды бес қатарлы деп атайды. Көп қатарлы жүйенің кемшілігі – қалаудың бес қатарына дейінгі биіктікте бойлай жіктер байлаудың болмайтындығы, бірақта бұл оның беріктігін және тұрақтылығын төмендетпейді. Бір қатарлы қалаумен салыстырғанда көп қатарлы толық өлшемді емес кірпішті аз қажет қылады, сондықтан мұндай қалау материал шығыны бойынша өте үнемді.
Үш қатарлы жүйемен жіктер байлау негізінде кірпіш бағаналар (діңгектер) қалағанда қолданылады. Сонымен мұнда биіктігі бойынша үш қатарда сыртқы тік жіктері тура келуіне рұқсат етіледі. Үш қатарлы жүйемен байлау жіктерді тізбекті және көп қатарлы байлау негіздерін үйлестіру арқасында толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен қанағаттануға болады.
Бірінші үшкір және екінші бүйір қатарларын жіктерді тізбекті жүйемен байлау бойынша төсейді, бірақ олар кірпіштің ¼ жылжытылмайды; үшінші бүйір қатары қасбет бойынша ½ кірпішке жылжытылады. Төртінші қатар тағы да алдыңғы қатар туралы ½ кірпішке жылжытылған бүйір қатардан төселеді. Сонымен барлық тік жіктерді жабу үш қатардан кейін жасалады. Үш қатарлы қалау техникалық сипаттамалары бойынша тізбекті және көп қабатты жүйелерден толық өлшемді емес кірпіштің ең аз санымен пайдалы ерекшеленіп олардың арасында аралық орынға ие.
Кірпіш қалауында барлық жіктердң ерітіндімен толық толтыру керек. Бұл конструкцияның беріктігін және жылылық сақтау қасиеттерін көтереді.
Сылаққа арналған кірпіш қабырғаларының өң бетіндегі жіктерді 10 – 15 мм тереңдікке ерітіндімен толтырмайды. Қуыс жік деп аталатын мұндай қалау сылақ қабатымен берік жабысуына мүмкіндік береді.
Сылақталмайтын қабырғалардың өң бетіндегі жіктер бетпен бірдей толтырылады. Сыртқы жіктердің ерітінді артығын күрекшемен (кельмамен) кесіп алатын қалауды тақап кесу деп атайды.
Әшекей салып қалағанда өң бетіндегі жіктерді арнайы сайман - әшекейлегішпен өңдейді. Мұндай жіктерді тығыздайтын өңдеу сылақталмайтын кірпіш қабырғалардың сәндік сапасын жақсартады. Алдымен тік, сосын көлденең жіктерді әшекейлейді. Жіктерге дөңес немесе ойыс пішін беріледі.
Кірпіш қалауының көлденең жіктерінің орташа қалыңдығы 12, ал тіктердікі 10 мм болады. Кейбір жерлерде көлденең жіктердің қалыңдығы 10 – 15 мм шегінде, ал тіктердікі 8 – ден 15 мм – ге дейін болуы мүмкін.
Өңеркәсіп мекемелерінде атша, науа, өту және бұрыштық бір қалыпқа келтірілген бөлшектермен іріктеп жинақталған кәдімгі, нығайтылған және бірыңғайланған пішінді адыр-бұдырлы табақтар шығарылады.
Асбестцементті табақтардан жасалған жабындар төбе еңісі 40—60° өңекәсіптік, тұрғын-азаматтық және ауыл шаруашылық үймереттерінде кенінен қолданылады.
Кәдімгі пішінді табақтардан жасалған жабындар қырлы бөренелерден тұратын ағаш кереге кез устіне төселеді. Сонымен табақтар кереге кезге және өзара тығыз жанасу үшін карниз брустарының биіктігі 66 мм болу керек.
Табақтарды төменнен жоғары қарай карнизге қатарластыра тузу қатармен төсейді. Қабаттарда әр табақ көршілесті бір толқын асыра басу керек. Сонымен әр табақ кереге көздің үш брусына сүйену керек.
Ныгайтылған және бірыңғайланған пішінді асбестцементті адыр-бұдырлы табақтардан жасалған жабындарды төбе еңісі 25%-тен артық өнеркәсіптік үймереттерді жабу үшін колданады. Және бұл табақтардан жасалған жабындарды темір-бетон, металл, ал кейде ағаш сырғауылдары бойынша да орналастырады. Табақтарды әр қабатты бір толқын, ал шектестерді 200 мм асыра басып төсейді.
Тас қалау кезінде жұмыс операцияларын орындауға қолға ұстайтын әр түрлі құрал-сайманды пайдаланады.Олардың негізгілеріне-қалақ,шот-балға, жапсар сызғыш,ерітінді салатын күрек және бақылау-өлшеу аспаптары, құрылғылар кіреді. Құрастырмалы күрекше (кельма) ерітінді төсемін тегістеу, тік ерітінді жіктерін жасау, ертінді артығын тақап кесу үшін қызмет атқарады. Ерітінді жіктерінің келесінен әшекейлегіштермен (расшивка) жасайды. Тас қалау жұмысының барысында таспен бақылау өлшеу аспаптарын: өлшеу лентасын, деңгей өлшеуішті, үш бұрышты сызғышты үлгілерді (шаблон) пайдаланады. Қатарлардың көлденеңділігін және көлденең жіктердің қалындығын сақтау үшін қатарларына (порядовка) бекітілетін арқан-бау (шнурпричалка) қолданылады.
Қатарламалар бұрыштардың тіктігін және кірпіш қалауының біркелкі қалындығын қамтамасыз ету үшін қолданылады, биіктік белгілерді түсіруге және тексеруге және де арқан-бауды бекітуге қолданады.Тас қалаушылар сондай-ақ қолға ұстайтын электрлендіріген және пневматикалық құрал-сайманмен
:электрлі балғалар мен нығыздауыштармен ,алмастырмалы қондырмалары (тескіш,нығыздауыш) бар пневматикалық балғалармен және басқалармен жабдықталады.Тас қалаушылар звеносының жұмыс орнын рационалды ұйымдастыру үшін келесі шарттар орындалуы тиіс: тас қалаушының жұмыс аймағы 60-65 см болуы керек, құрылыс материалдарын жинақтау аймағы кірпіші бар табандықтың және ерітінді жәшігінің ара қашықтығы 30 см болу керек, жұмыс аумағының жалпы ені 200-250 см болу керек.
Тас қалауды биіктікте өндіргенде жұмыс орнын дұрыс және кауіпсіз ұйымдастыру үшін төсеніштер мен саты-ағаштар қолданылады.
Типті төсеніштер мен ағаш сатылар құрылыс индустриясының кәсіпорындарында дайындалады. Инвентарлы ағаш-сатылар мен төсеніштердің габариттері жұмыс өндіру шарттарына сәйкес келмеген жағдайларда бекітілген жоба бойынша инвентарлы емес ағаш-сатылар мен төсеніштер қолдануға рұқсат етіледі.
Ағаш-сатылары төсеніштер құралымдары берікті және тұрақты,жұмыс қауіпсіздігін және берілген өнімділікпен тас жұмыстарын орындау үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз ету керек.
Төсеніштер мен ағаш-сатылардың бір қабат шегінде қолданатын тасымал бөлігі.Оларды үймәрет ішінде жерге немесе аралық жабын тақталарына орнатады.Үй құрылысында қабат биіктігі 3,5 м дейін болғанда үш бұрышты металл қайырмалы тіректері бар топсалы-панельді төсеніштер кеңінен қолданылады,олар қабырғаларды екі жағдайдан қалауға мүмкіндік береді;1,15 және 2,05 м биіктікте.Үздіксіз көтерілетін рычагта төсеніштер
5 м дейін биіктікте тас және әрлеу жұмыстарын орындауға арналады. Төсеніштерді көтеру және төмен түсіру – гидродомкратпен,ал оларды аралық биіктіктебекіту арнайы тежеуіш құрылғымен жүзеге асырылады
Өзі бір қалыпқа түсетін әмбебап төсеніштер тұрғын ,азаматтық және пішін
үйлесімі болса да қабат биіктігі 9 м дейін қалау үшін арналған және болат рамадан,ағаш,төсемнен және қоршаудан тұрады.
Биіктігі 40 м дейін өнеркәсіптік үймәреттердің қабырғаларын қалағанда
металл құбырлы болтсыз ағаш сатылар кеңінен қолданылады.
Олар құбырлы тіректерден,ригельдерден (сыртқы,ішкі,көлденең және қиғаш) башмақтардан,ағаштарды қабырғаларға бекітетін құрығыдан және төсем қалқандарынан тұрады.
Тас қалау процесіне келесі жұмыс операциялары кіреді: қатарлағыш орнату; қалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін бау тарту, кірпіш әперу және оны қабырғаға жаю; қабырғаға ерітінді беру және оны сыртқы шек қатарына жаю; сыртқы шек қатарын қалау; ішкі қатары астына ерітінді жаю ішкі шек қатарын қалау; шойма астына ерітінді жаю; шойма қалау; қалаудың төселген қатарының дұрыстығын тексеру.Тастының жұмыс орнын жабын тақталары,төсеніш және саты ағаштарында жайлы ұйымдастыруға,оны еңбек құралдарымен ,материалдарымен жабдықтау және оларды белгілі тәртіппен орналастыру кіреді.Жұмыс орнын ұйымдастырудың негізгі мақсаты ыңғайлы орналастыру,жоғары өнімді еңбекке жету,жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жасауына қажетті жағдай жасау болады.Тасшылар звеносының жұмыс орнын ұйымдастыру үшін келесі жағдайлар орындалуын қамтамасыз ету керек.Тасшылардың жұмыс алаңы 60-65 см,материал қоятын алаң кірпіш табандықтарымен ерітінді жәшіктер еніне сәйкес және 60-100 см,материал қоятын алаң кірпіш табандықтары мен ерітінді жәшіктері аралықтары 30 см ,жұмыс кеңістігінің жалпы ені 200-250 см болуы керек. Ойықтары бар қабырғаларды тұрғызғанда ерітінді жәшіктерін ойықтарға қарама қарсы қояды,ал екі жағына кірпіш табандықтарын орналастырады. Қабырғалар,діңгектер қалау жұмыстарын тасшылар,балташылар ,жинақтаушылар т.б. звеноларынан тұратын кешенді бригада орындайды.Звенолар сандық құрамына байланысты екілік,үштік,төрттік, бестік, алтылық деп атайды.
Әр звенода мамандығы жоқ жұмысшылар орындай алатын оңай қосалқы жұмыстарға жоғарғы дәрежелі тасшылар алаңдамау үшін еңбекті операциялар бойынша анық бөлу керек.Звено құрамын қабырға қалыңдығы және қалау күрделілігіне байланысты таңдап алады.
Құрылыс процестерін орындаудың құрылыс ауданына және оның метеорологиялық,табиғи-климаттық,сейсмикалық жағдайларына байланысты өзіндік ерекшеліктері болады.Сондықтан төтенше табиғи жағдайларда кірпіш жұмыстарының тиімділігін арттыру,оның ұйымдастыру мен технологиясының сапасын жақсартуға, орындалу мерзімін,еңбек шығындарын және құнын қысқартуға бағытталған кешенді міндет болып табылады.Тас жұмыстарын орындау жобасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелерін ерекше мұқиятты шешу керек.Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚМЕ талаптарына сәйкес келуі тиіс
Кірпіш ғимараттарын тұрғызуда, пайдалану процессінде әр түрлі ақаулар мен ауытқулар кездесуі мүмкін.
Жұмыс өндірісінің бұзылуынан пайда болған кірпіш қалауының негізгі ақаулары:
- жік байламының болмауы ( сақталмауы);
- қалау бетіндегі высолдар;
- әр түрлі қабаттарда бағаналардың жалпы тік өстен ауытқуы;
кірпіш қалауының тік, көлденең жіктерінің сапасыз толтырылуы, жобаға сәйкес емес жік қалыңдығы;
- сырт қабырға мен арақабырғаларды кірпіш сынықтарымен толтыру;
- төмен беріктікті кірпіш пен ерітіндіні қолдану (жобадан тыс марка),
- әр түрлі жынысты материалдарды бірге қолдану (мысалы, силикатты кірпіш пен шлак блоктары);
- кірпіш пен ерітіндінің, ерітінді мен арматураның жаман ұстасулары;
- қысқы қалаудың технологиясы бұзылғанда, ерітінді беріктігінің төмендеуі;
Пайдалану кезіндегі кірпіш қалауының негізгі ақаулары мен зақымданулары:
- қалау және ерітінді бетінің желденуі, түсінің кетуі;
- кірпіш және ерітінді жігінен кеткен жарықшалар;
- кірпіш бұрышындағы ұрынулар, кірпіштің тік арқа мен арқалықтармен тірескен жеріндегі тежелулер;
- қалау бетінің ақпалармен немесе су жинауларымен . конденсаттармен, мұздықтармен ылғалдануы;
- жертөле мен жерасты имараттарының қалауы арқылы топырақ суларының фильтрациясы.
От пен судың әсерлесуі ( өртті сөндіру кезінде) тас қалау бетінің қабыршақтануына, ерітпелердің жиналуларына, қалау жік ерітіндісінің бұзылуына әкеп соғады.Температура жоғарлағандағы материалдың көлденең деформациясының ұлғаюындағы пайда болатын жарықтар, конструкция ақаулары болып қаралады.
Тас құрылымдарды СНиП III .17-78 «Тас құрылмалар» талаптарына сәйкес қалайды.Жұмыс барысында тас қалаушы байланымның дұрыстығын және қаланым жапсарларының, ерітіндімен толтырылуын,үстіңгі беттер мен бұрыштардың тіктігін,көлденеңдігін және түзу сызықтығын,анкерлермен байланыстырғыштардың дұрыс орнатылуын қадағалайды. Тас қалаушы сондай-ақ қаланымның бетін –байланымның бедерін және жапсарлардың мәнерлеп сызылуын,кірпіштің сапасын,оның түсі мен реңін қадағалайды.
Үш бұрыштарының дұрыс қалануын ағаш бұрыштамамен тексереді,қатарлардың көлбеу жатықтығын түзулегішпен тексереді,түзулегіштің үстіне деңгейлегіш қойып,қаланымның әр бір сатысы сайын кемінде екі реттексереді.Табылған ақауларды жөндейді.Жапсарлардың қалыңдығын кірпіш қаланымының 5-6 қатарын өлшей отырып тексереді.Бұл орайда көлбеу жапсарлардың қалыңдығы 10...15 мм,ал тік жапсарлардың қалыңдығы 8...15 мм болуға тиіс.Жапсарлардың аталған мөлшерден ауытқып қалыңдатылуына тік жобада көзделген реттерде ғана рұқсат етіледі. Ғимараттар мен үймереттердің жарықтары, конструкцияның әр түрлі себептермен қозғалуы кезінде, одан туылған деформациялар ашылулар, сығылу деформациялары, айналмалары, бұрыш деформациялары өлшемдері, материалдың анық критикалық шектеулерінен асып кетеді. Деформация мен кернеулік бір – бірімен өте тығыз байланыста болғандықтан, бұл жерлерде кернеулік материалдың ашылу беріктік шегіне жетеді немесе асады.
Ал жарықшалар пайда болған жерде, созылу немесе сығылу күштері созылу мен сығылудың жоғары күштері, конструкцияның толық беріктігінде ғана әсер етеді. Қима мен бұзылу кернеулігінің тепе-теңдігі
Болат конструкциялардың дайындаудағы жіберілетін , соңынан ақауларға әкеп соғатын негізгі қателіктері:
- конструкция элементтерін дайындауда материалдарды айырбастау болат маркасын , электрод түрін айырбастау, элемент қимасын азайту;
- конструкцияның жалпылай және жеке элементтерінің жобалық өлшемдерін өзгерту;
- элемент өсінің жобадық түйіндесуінің геометриялық ортасынан ауытқуы;
- жапсарлас элементтердің қажетті саңылаулардың болмауы;
- дәнекерлеу жіктерінің қима ұзындығының азаюы, төмен дәнекер сапасы, жіктерді шлактармен сырлау;
- дәнекер кезінде көтергіш элементтің металлын кесу;
- болтты қосылуларда жеткіліксіз тартулар;
- металлды дақтан тазартпай, грунттап құрылысқа әкелу;
Болат конструкцияларды жинақтауда көп жіберілетін , соңынан ақаулар пайда болатын қателіктерге келесілерді жатқызуға болады:
- жинақтау тәртібінің бұзылуы;
- жинақтау түйіндеріндегі элементтердің дұрыс қосылмаулары;
- конструкцияның жобалық белгіден және өстерден ауытқуы.
Ағаш конструкциялардың дайындаудағы жіберілетін , соңынан ақауларға әкеп соғатын негізгі қателіктері:
- ылғал ағаштың қолданылуы;
- конструкцияның жобалық белгіден ауытқуы;
- элементтердің бір – бірімен дұрыс қосылмауы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 С.Қ. Хамзин. Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы. Оқу құралы – Астана. Фолиант, 2007.
2 Қ.А. Бисенов, Р.Ә. Нарманова, С.С. Үдербаев. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Оқу құралы – Алматы. Издат Маркет, 2007
3 Гальперин М.И., Домбровский Н.Г. Строительные машины. Учебник для ВУЗ-ов, - М., Высшая школа, 1980.
4 Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Высшая школа, 1988.
5 Сергеев В.П. Строительные машины и оборудования. - Учебник для строит. ВУЗ-ов. – М.: Высшая школа, 1987

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген