400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Тасадағы туған жердің тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар үшін бұрмаланып дұрыс оқылмай келген. Туған жерімнің киелі жерлерін өзгелерге таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Бәйдібек ауданы

Майбұлақ жалпы орта мектебі





Shape1





Секция: Өлкетану

Тақырыбы: "Тасадағы туған жердің тарихы"



Жобаның авторы: АРЫСТАН Райымбек Ержанұлы 10- сынып оқушысы



Жоба жетекшісі: АЙГӨБЕК Озатбек педагог-ұйымдастырушы



2019 жыл

Жобаның тақырыбы: Тасадағы туған жердің тарихы.

Жобаның мақсаты: Туған жердің киелі орындарын таныту.



Жобаның мазмұны:

I Кіріспе.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде

II Негізгібөлім.

1. Туған жердің тасадағы тарихын зерттеу және ұсыныс енгізіп,үш киелі орнын баяндау.

а) Алғашқы адамдарың мекен еткен орны.

ә) Қамбар батыр қабірі.

б) Сансызбайдың Қорен қалмақты жеңген жері.

2.Зерттеудің жаңалығы.

3. Ғылыми жұмыстың нәтижесі.



III Қорытынды.

Шығарманың тәрбиелік мәні.



I Кіріспе.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» арнайы жобасында 4 кіші бағдарламасының «Атамекен» бөлімінде:

«... Еріктілер кіші Отанын дамытуға, Қазақстандық азаматтардың бойында кіші Отанға деген жауапкершілік сезімін және әлеуметтік белсенділігін арттыру»-деген жолдары бар.Мектепте ұстаздарымыз оқушылар арасында талқылап, пікір таластар болған. Сынып жетекшіміз Ақбаев Мақсат ағай, осы мақаланың аясында «Туған жерге –туыңды тік» атты тәрбие сағатын өткен.Сонда бүкіл сынып оқушыларының кіші Отанға және оның тарихына деген сүйіспеншілігі артқаны шүбәсіз еді.Өйткені сыныптастарымның арасында туған жеріне арнап өлең жазғандары, сурет салғандары және табиғаттың тамаша жерлерін суретке түсіріп , телефондарына жүкеп те алғандары болды.Ал мені туған жерімнің тарихы қызықтырған еді. Елбасының мақаласы дер кезінде жазылған –деп барша жұрт айтып та, зиялы қауым баспасөз беттерінде жазып та жатты.Біздің мектепті оның ішінде біздің сыныпты да бей-жай қалдырмады деп айта аламын. Оқу жылы аяқталғанша ,оқушылар талқылаумен болдық. Әр күні әр оқушы, туған жердің бір құпиясымен бөліседі. Ауылымыз қарт Қаратаудың етегінде орналасқандықтан, сол таудың әр жеріндегі әр атаудың мағынасына мән беріп, үлкендердің айтуы бойынша деп, әркім өздерінің естіп білгендерімен бөлістік. Жетекшіміздің тәрбие сағаты бізді осылай, өз өлкемізді зерттеуге жетеледі. Көптен бері туған өлкеміздің киелі жерлерімен олардың атауларының шығу тарихын зерттеп, баспасөз беттеріне жариялап жүрген ағайымның, «Рухани жаңғыру» айдарының «Туған жер» бағыты бойынша, аудандық «Алғабас» газетінің 2018 жылдың 8 маусымдағы №24 санында «Алғашқы адамдар – Арыстанды өзенінің жағасын мекен еткен» деген мақаласы, менің тегім Арыстан болғандықтан сол өзенге қатысы бардай, мұқият оқып шықтым. Сөйтсем оның тарихы әрі тереңде екен. Қазіргі біз оқып жатқан тарих оқулығын алып , қайта оқып шықтым. Иә, дұрыстығын іздеп жазылған шығарма екенін менде сездім.Ал газеттің №29 санындағы «Қамбар батырдың қабірінде» деген мақаласында, батырдың моласы өзінің атымен аталатын Үсіктастағы «Қамбарсайдың» ауыз жағында жатқаны жазылған. Ал жырдың авторы Италмас Түнқатарұлы (1842-1919) қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылы, бұрынғы «Екпінді» колхозында туылған. Ағайын-тумалары қарт Қаратау мен Сырдария бойында, Түркістан, Шымкент,Ташкент қалаларында өмір сүрген екен.Осы автордың туған жерінің өзі талай жайларды түсіндіріп тұрғандай. «Алғабас» газетінің келесі №30 нөмірінде «Сансызбайдың Қорен қалмақты жеңген жерінде» деген мақаласы, жоғарыдағы жазғандардың жалғасы екен. «Қыз-Жібек» дастанында Бекежанды жауыз етіп көрсеткен. Бүгінгі жастар солай санап, теріс қылықтыларды Бекежанға теңеп жатады. Бекежан да бір арыс,қазақ халқы үшін күрескен батыр болыпты. Ал «Қыз-Жібек» фильмінде де Бекежан жағымсыз кейіпкер, басқа оқиғалар да мүлдем басқаша түсірілгенін осы мақаладан кейін байқадым. Келтірілген дәйектерді қайдан алғаны және неге сүйенгені мені қатты қызықтырды. Содан жазғы демалысымды пайдаланып, Әдіһам Шілтерханов құрастырған «Қамбар батыр» жырын (Италмас нұсқасын), Сәбит Жолдасовтың «Шежірелі Шаян өңірінің тарихы» атты кітаптарын оқып шықтым. Жаңа оқу жылы басталып мектепке барғанда, ағайыма ойымды айттым. Мақалаларыңызда әсіресе «Алғашқы адамдар мекен еткен жер» біз оқып жатқан оқулықта қате жазылғанын, Қамбар батырдың қабірін былайғы жұрт біле бермейтінін, Сансызбайдың Қорен қалмақты жеңген жері, жыр дастанға енбегін жазыпсыз. Сол орындарда өзіңіз болсаңыз толықырақ айтып бересіз бе?-деп өтінгем. Менің бұл ынтамды құп алып: -Көп естігеннен бір көрген артық-деп, Алғашқы адамдар мекен еткен Арыстанды өзенінің жағасын, қасындағы Қамбар батырдың қабірін, Сансызбайдың Қорен қалмақпен жекпе-жекке шығып жеңген жерін аралатып көрсеткен. Содан түйгендерімді баяндамақшымын.

II Негізгі бөлім.

2,1 Менің зертеулерім:

а) Алғашқы адамдар мекен еткен Арыстанды өзенінің жағасында.

Арыстанды өзенінің бойына қоныс тепкен Жамбыл облысының Буденный елді мекені арқылы жүріп, сол жердің тұрғыны Тахар есімді күрд азаматына жолықтық. Алдын-ала естіген едік , ғалымдар қазба жұмысын жүргізгенде осы азаматтың бас-қасында болғанын. Ол кісінің айтуынша: -1980 жылдан бастап ғалымдар зерттеу жүргізіпті. 1985 жылы Жапон ғалымы 3 ай жаз қазба жұмысын жасапты. Қасында тілмәші болыпты. Өзі де аздап орысша сөйлейді екен. Осы Тахар кісінің үйінде жатыпты. Керек кезінде жұмыс қолдарымен, құрал-саймандармен көмектесіп тұрыпты. Сонда көріпті тастан жасалған көне құрал-жабдықтардың табылғанын. Кейіннен жеті мемлекеттің ғалымдары сол жерге шатыр тігіп, бірлесіп жұмыс жасапты. Жапондық ғалым барлығына бір нәрселерді түсіндіріп дәлелдеп жатты-дейді. Одан соң Арыстанды орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Төлеген Ыдырысовқа арнайы барып сұрадық: - 1958 жылдан бастап археолог Қ.Ақышев бастаған бір топ тарихшы ғалымдар, археологтар Буденный аулының батысындағы әлгі жерде археологиялық қазба зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы тұрақ белгілеген. Оған қазақтың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың есімі берілген.

Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Жакен Қожахметұлы Таймағанбетов өзінің жапониялық шәкірті Sadakatsu Kunitake мен бірге келіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. (Тахар мырзаның айтып отырған жапон ғалымы осы кісі екен.) 1980 жылдардан бастап, осы тұраққа келетін АҚШ, Германия, Бельгия, Жапония сынды шет ғалымдарын осы Жакен Таймағанбетов бастап келіп жүр- деп дәйекті мағлұмат берді. Өйткені өзі тарихшы болғандықтан келген ғалымдармен 25 жылдан бері тығыз байланыста екен.

Ежелгі Қазақстан тарихында: Адамзат тарихындағы үш басты кезең Тас дәуірі,Қола дәуірі,Темір дәуірі.Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдарды ендірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі –деп аталады. Осы Ежелгі Тас дәуірі (Полеолит) 3 кезеңнен тұрады «Ерте», «Орта», «Кейінгі» болып.Ерте кезеңде адамдар еңбек құралдарын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алған. Орта кезеңде садақ пен жебе жасалған. Кейінгі кезеңде еңбек құралдарының жаңа түрлерін –дәнүккіш,келі,балта-қайланы ойлап тапты. Ал Арыстанды өзенінің жағасындағы жерден қолға ұстауға ыңғайлы тастан жасалған құралдар табылған.Сол полеолит дәуірінің табылған 5 мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар.

Әрбір мектеп оқушысы бұны оқулықтан оқып білуде. Бірақ оқулықта бұл жерді Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жоталары, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің жағасында деп жазылған. Өйткені Арыстанды өзені Қаратау сілемдерінен бастау алып, Ғалымдар уақытша тұрған Буденный елді мекенінің жанынан өтіп, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, менің туған жерім Ағыбет ауыл аумағымен ағып, осы ауданның Шақпақ-Жүзімдік елді мекендері арқылы «Арыс-Түркістан» каналына барып құяды.Ал Алғашқы адамдар мекен еткен қазіргі ғалымдардың атаған «Шоқан Уәлиханов» атындағы тұрақ, Арыстан өзенінің біздің яғни Ағыбет ауыл округі аумағындағы жағасында орын тепкен. Бұрын Майбұлақ кеңшары кезіндегі «Тоқтар баз» деген мал қораның, «Марат баз» деген жылқы қораның екі ортасында. Қазіргі таңда бұзылып тек орындары қалған екен. Егерде ол жерде адамдар тұрғанда, ол зерттеушілерге нақты қай облыстың шекарасы екенін айтар еді. Жанындағы Буденный ауылы Жамбыл облысының аумағына кіреді. Сондықтан ғалымдардың о бастағы мәліметі солай болған. Жаңадан Түркістан облысы болып, Бәйдібек ауданы 90 жасқа толып жатқанда оқулықтағы олқылық қалпына келтірілсе деймін.

ә) Қамбар батырдың қабірінде

2017 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газеті «Жақсылар, дастан айтайын...» атты 1-ші облыстық жас жыршылар байқауын өткізіп, онда жыршылар Ә.Диваев және Италмас нұсқасы бойынша сайысқа түскен. Бұл іс-шараның да әтең-айы Қамбар батырдың менің туған өлкемде туылғанын және қабірі Үсіктас аулында жатқанын, байқауға қатысушылардың білмей кеткендігі. Дегенмен қызығушылығымды оятып «Қамбар батыр» жырын оқып шықтым. Жырдың соңында:

...Дүниеге келіп кетті не асыл зат, Жаманнан дат, жақсыдан қалады ат. Бір дұға оқыңыздар әруағына Қамбардың болып жатсын көңілі шат.- деп айтылған.

Бізде әуелі Қамбар батырдың қабірінің басына құран бағыштаудан бастадық. Батырдың моласы өзінің атымен аталатын Қамбарсайдың ауыз жағындағы тепсеңде жатыр. Төмпшік аумағы өте үлкен, жанындағылардан өзгешеленіп тұр. Жолбасшымыз: -Кезінде алпыс үйлі арғын мен тоқсан үйлі тобырлар жиналып басына кесене тұрғызған, уақыт өте келе морылған ғой . Ал айналасындағылар: -Қамбар батырдың қасына жерлеңдер –деген өсиетпен қойылған кейінгі кісілер-деді.Кейінен барғанымызда Қамбар батырдың қабіріне қазба жұмысы жүргізіліпті. Бұрын тұрғызылған кесененің көне табиғи сары тастардан қаланған ірге тасы анық көрініп тұр. Батырдың басын қайта көтеретін ниетте болса керек.

Анұрғиса 001.jpg
л Назым қыздың өрмек өрген жері «Қызыл көлдің» маңында –деді жолбасшымыз. Иә, жырда да: « ...Іргеден қағып қазығын, Бір ұшы көлге ілінді.» деп келетін жолдары бар.

Қашаннан қасиетті саналған «Қарасу» өзені бір қалыпты ағып Арыстанды өзеніне қосылып жатыр.Өнбойы өткен жылдан қалған ну сарғайған қамыстар. Қамбар батырдың Жолбарыспен алысқанын еріксіз еске түсіреді.

«Арыстанды өзені бойында «күні кешеге дейін» арыстандардың қаптап жүргендерін естігенде сенерімді де сенбесімді де білмедім. Бірақ кейіннен сенуге тура келді. Орынбордағы мұрағаттан алынған материалда 1866 жылы Петербордағы бір шенеуніктің осы өзен бойында бұл аңның көп кездесетінін, содан 60 арыстанның терісін жіберуді өтініп жазған хатын оқығанда таңғалдым»-дейді тарихшы-ғалым Сәбит Жолдасов. Ғалымның осы келтірген мәліметінен кейін, Қамбар батыр арыстанмен алысқан екен деп қаласың. Өйткені жырдың бір жолдарында «...Жатқандай болды шөккен нар, Айбаты күшті арыстанның»-деп келеді. Анығы Жолбарыспен айқасқан, оған жырды толық оқып болған соң көз жеткіздім. «...Құйрығын қысып бұтына, Жолбарыс жатыр ыңыранып. Қайратын жиып ер Қамбар, Шерінің барды қасына. Жөнеліп кетіп барады, Жолбарысын өңгеріп, Құйрығын жерге шұбатып- деп айтылытын жерлері көп кездеседі. Алпыс үйлі Арғын мен Тоқсан үйлі Тобырын , аң-құс аулап асырап жүрген ер Қамбар, жаратқан иесі жар болып Жолбарысты жеңіп елі үшін аман қалды.Сол артындағы бұдан медеп күтіп отырған жұрты үшін, оларды қайтсем ашықтырмай асыраймын деп жүріп, алдында алты ағасы бар Әзімбайдың сұлу қызы Назымға да көңіл бөлмеген. Аң-құс аулап қазіргі Үсіктас өңірінен, Созақ ауданындағы «Қызыл көлге» дейін барған.Содан жолына Назым қыз өрмек өрген, бір назарын салар деген оймен. Оған да мойын бұрмаған соң, қыздың өзі тілдесуге шақырады. Кейін қалмақтың ханы Қараман Назым қызды алмаққа келгенде, Қамбарға жасырын хабар жіберіп, әкесі Әзімбай көмек сұрайды. Ел үшін туған ер Қамбар Қалмақтың бәрін қырып, Назым қызға қосылады. Жыр –дастан осылай аяқталады.

Міне өзен бойында арыстандар өріп жүргендіктен, Арыстан атауын алған өзенге қосылып жатқан табаны қара балшықты, кешіп өтсең лайланатын содан Қарасу атанған өзеннің бойындағы ну қамыстың арасында, Жолбарыс болғанына, онымен Қамбар батыр ат үстінде алысқанына кәміл сендік.

б) Сансызбайдың Қорен қалмақты жеңген жерінде.

Біз аралап өтіп, әңгіме етіп отырған өңір ежелгі Жібек жолының бір тармағы, қиссаларда айтылған Қамбар батырдың туған жері болса, сондай-ақ Қыз Жібек дастанындағы Төлегеннің інісі Сансызбайдың Жібекті алып кетіп бара жатқанда артынан қуған Қорен қалмақпен жекпе-жекке түскен жері.

«Қыз Жібек» фильміндегідей Төлегенді өлтірген Бекежан емес.Ол да шекті руынан Қыз Жібекпен бесінші атадан қосылатын туысы болған. Төлегеннің келетінін біліп алдынан шығып Қособа көлінің жағасында атып өлтірген Кескентерек деген қарақшы. Сол кезде қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған Жүсіпбек қожа Шайхысаламұлы Қазан қаласынан осы жырды кітап етіп бастыру барысында жаңсақтық жібергенін айтады. Кітапты шығарушылар қазақ оқырмандарына Кескентеректің атын айтуды дұрыс емес санап,жетпіс екі қарақшының басшысы Кескентеректің орнына Бекежан батырдың атын жазып жіберген.Қыз Жібек те суға кетіп өлмеген. «Төлеген кетсе хабарсыз, Сансызбай шығар соңынан»-деп әнде айтылатын шындық сөз екен. Сансызбай жеңгесі Қыз Жібекті әмеңгерлік жолымен қалмақ батыры Қореннің зорлығынан алып қашады. Сансызбай Қыз Жібекті алып қашқанда Сырдың бойымен жүрмей, Қаратау арқылы асып, Бетбаққа қарай өтіп, таудың екінші бетімен жүріп, Қорен қалмақты осылай адастырып кетпек болған. –Қызды алмай қайтпаймын-деп аттардың ізіне түсіп Сыр бойымен емес, Қаратауға қарай бет бұрғанын біліп Қорен соңына түскен. Ақыры Арыстанды өзенінен өтіп, Үсіктастың батыс беткейімен кетіп бара жатқан екеуінің қарасы көрінген. Сол кездегі дәстүр бойынша, артынан қуғыншыны көрген Сансызбай тоқтап күтеді. Бірінші кезекті алған жасы үлкен Қорен қалмақтың жебесі Сансызбайдың қорамсағына тиеді де, ал екінші кезек алған оның оғы қалмаққа дәл тиіп, қалмақ батырын атының жалын құштырады. Сүйретіліп барып, сол жердегі бұлақ басында жан тапсырады.



Артынан кейін келіп жеткен жігіттері оны жолдың жағасына жоңғарлардың салты бойынша тасқа бастырып көмеді.

Сол кездегі қазақтар мен жоңғарлар әскерлер арасындағы дәстүр бойынша егер қолбасшы жекпе-жекте мерт болса, қанша күші басым болғанымен жекпе-жектегі жеңгеніне тимейтін болған.Содан ол жерлер осы күнге дейін бүгінгі Бәйдібек ауданынан Созаққа қарай асуға жақын жердегі бергі беттегі бұлақ «Қоренбұлағы» делініп, жолдың екінші бетіндегі үйілген тас мола Сансызбайдың жебесінен өлген « Қореннің моласы» -деп аталып келеді.

Ел тарихы, жер тарихы қай-қайсымызға да қымбат. Бірақ соны түсініп қана қоймай, нағыз жанашыры болғандар санаулы болса, соның бірі Дәулетбек Білісбеков ағамыз екен. Ол кісі Үсіктас елді мекенінде дүниеге келген, жастайынан қызыққан тарихи оқиғаларының бірі Қыз Жібекке байланысты екен. Ол жөнінде балалық шағында қаншама рет естіген. Сол жылдары қыстың күні көршілір бас қосып, сығырайған майшамның жарығымен түннің бір уағына дейін батырлар жырын тыңдайтын. Жесір қалған Қыз Жібекті қалмақ батыры Қорен алмақшы болып жатқанында Төлегеннің інісі Сансызбай жеңгесін алып қашатын оқиғаға келгенде қариялар: «Ойбай-ау, Сансызбайдың Қыз Жібекті алып өткен жері біздің Үсіктас екен ғой», -деп мәре-сәре болады екен. Бірақ ол кезде олар Төлегенді өлтірген Бекежен батыр емес, Кескентерек екенін, Бекежанның Жібекпен қыз алыспайтын жақын туыстығын, Бекежан батырдың өзі тәрбиелеген, елі үшін қалмақтарға қарсы соғысқан Тайлақ,Байрақ және Қайрақ атты үш ұлы болғанын білмейтін. Қазірде «Қыз Жібек» дастанын оқымай, Кеңес дәуірінде тек бұрмаланған кинодан суға ағып кеткенін көргкн кей оқырмандар Сансызбайға тұрмысқа шыққан Жібектен Тасбатырдың туылғанын, оның Еділ қалмақтарымен соғысқанда қаншама ерліктер жасағанын білмеуі де мүмкін. Оның үстіне, кинода «Бекежан қарақшының» рөлін сомдаған Асанәлі Әшімовті көргеннен кейін Төлегенді ол өлтірмеді дегенге жұрттың сене қоюы да қиын. Дегенмен дастанды оқыған соң, тарихшы ғалымдардың еңбектерін іздеп тауып оқуға талпыну керек деп санаймын. Өйткені нағыз тарих қанаша жерден бұрмаланғанымен, шындығы бір шығады екен. Бірақ ол кешігіп келеді.

2,2 Зертеудің жаңалығы

Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері: -Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, --Қаратаудағы Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер саналады.

Демек, Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнесі, Бұдан 1 миллион жыл бұрын пайда болған алғашқы адамдар Арыстанды өзенінің менің туған жерімнен өтетін жағасын мекен еткен. Енді оқулыққа Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауыл округі Арыстанды өзенінің жағасын мекен еткен-деп жазылуы керек . Пікірімді дәлелдеу үшін талай жыл агроном қызыметін атқарған, біз аралап өткен өңірді атпен және жаяу сан мәрте жүрген, қазіргі таңдағы зейнеткер Әбілхан Ахметұлы атамыздан сұрадым.

Сауалнама:

-Жамбыл облысының шекарасы, біздің аумақтың қай жерімен шектеледі?

-Жамбыл облысының шекарасы Буденный аулының аяғындағы су тоғанымен және өзеннің солтүстік жағындағы күре жолмен аяқталады. Қалған жағы біздің ауылдың жері –деді. Ал әңгімеге арқау болған қасиетті жеріміз су тоғанынан екі шақырымдай төменде, жолдан он шақырымдай беріде.

-Сол Буденный аулының тұрғыны күрд азаматы Әмір Набиев ақсақалдан да сұрағанымызда:

- Бұл ауылдың өзі кезінде Оңтүстік Қазақстан облысына қараған. Мен 1943 жылы туғанмын.1937 жылы амалсыздан жер аударылғанбыз. Сонда үй соғатын құрал-жабдықтарды Шымкенттен тасығанбыз- деп отыратын әке-шешелеріміз. Иә, ол жер Бәйдібек ауданына қарасты.

Ағыбет ауыл әкімдігінің жер инспекторынан аумақтың картасын көргенде де көз жеткіздім. Яғни біздің облыстың аумағы екені белгілі болды.

Қамбар батырдың қабірі мен Қорен қалмақтың моласы Үсіктас өңірінде, ол жерлер баяғыдан Бәйдібек ауданының аумағы.



2,3 Ғылыми жұмыстың нәтижесі

Мен осы ғылыми жұмысымды мектеп ұстаздары мен оқушыларының алдында видеороликтер арқылы, суреттерді көрсету арқылы қорғап шықтым. Жоба соңында мектеп оқушылары мен сыныптастарымның қызығушылығы артып, туған жеріміздің осындай тасада ескерусіз қалып жатқан тарихи жерлерді іздестіріп зертейміз деушілер көп болды. Бұның бәрін тарихшы ғалымға: -Қамбар батырдың Арыстанды өзенінің бойында өмір сүргенін, Назым қыздың Созақтағы Қызылкөл жағасында болғанын, Үсіктас аулына түсе берісте «Қорен бастауы», «Қорен моласы» деген жерлер бар –деп айтқан, көп жылдар жауапты басшылық жұмыстарды атқарған, сол жердің тумасы Дәулетбек Білісбеков деген кісі екен. Ол кісінің айтуынша: «Үсіктас» атауы «Үш тесік тас» деген сөзден шығыпты –деген деректі айттым. Міне бұл да зерттеуді күтіп тұрған жер екенін естеріне салдым. 9-сынып оқушысы ПІРӘЛІ Ақтолқын да өзінше зерттеулер жүргізіп, «Менің өлкем» атты эссе жазып, Түркістан қаласында өткен II «Алаш үміті» халықаралық рухани жаңғыру фестиваліне қатысып, жүлделі 3-ші орын иеленіп, қола медалін қоса алды.

Кешегісіз бүгініміз, ал бүгінгісіз ертеңіміз жоқ екенін оқушылар тарих пәні арқылы жақсы білеміз.Ал тарихи және мәдени мұралармен танысып, қосымша элементтерді пайдалану арқылы шығармашылықпен айналысуға өзімізге жағдай жасайтынымызды білдік. Тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек ететінін сездік. Ол үшін жүйелі білім алып, ұстаздармен бірлесе отырып жұмыс жасау өз нәтижесін беретіне көз жеткіздік.



III Қорытынды

Туған өлкемнің тарихын зерттеу, тереңірек танып білу мақсатында жасаған саяхатымнан көп нәрсе зерделедім. Мені толғандыратын мәселелердің бірі, тарихшы ғалымдар зерттеген обалар ашық-шашық, қорғалмай жатқаны. Айналасы қоршалып, қысқаша мағлұмат берілген белгі қойылса дұрыс болар еді.

Туризм –туған жерді танып , білу –дейді. Алғашқы адамдар мекен еткен Арыстанды өзені өңірінің өзіндегі осы бір шағын аумақта қаншама тарихи жерлер бар. Қойнауы қатпарлы тарихқа толы қазақ жерін зерттеу әлі талай жылдарға жүк болары анық. Осындай тарихи орындарға бай менің туған өлкем қарт Қаратауда әлі құпиясын бүгіп жатқан жерлер жетерлік.

Арыстанды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Төлеген Ыдырысов осы «Шоқан Уәлиханов» атындағы тұрақ туралы баяндама оқып, оны өздерінің облысында қорғаған.Мектеп оқушыларына да біздің Жамбыл облысының аумағы деп түсіндірілуде.Аса басымды айтатын жағдай, Арыстанды өзенінің жағасындағы «Шоқан Уәлиханов» атындағы тұраққа тарих ғылымдарының докторы Жакен Таймағанбетов мырза жыл сайын, өзінің шәкірттерімен келіп жұмыс жасап кетіп жүр екен. Ол кісінің ендігі ойы, ол жерді ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру. Қамбар батыр жырының авторы Италмас Түнқатарұлы қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылында туылғанына қарап-ақ, Қамбар батырдың қабірі сол жер екенін сенімді айтуға болады. Ал Сансызбайдың Қорен қалмақты жеңген жерін оқушыларға түсіндіру үшін, алдымен «Қыз Жібек» фильміндегі қателіктен бастау керек. Болашақта тарихшыларымыз оқушыларға осылай түсіндіріп, келешекте киелі жерлер картасына еніп, туристер аралауды осы жерлерден бастаса деймін. Туған жерімнің тасада қалып қойған тарихының бұл бір парасы ғана. Менің туған жерімнің әр тасын түртсе тарихтан тіл қататындай сезіледі.Құпиясы мол қарт Қаратау өңірін тарихтың әр кезеңіне сай зерттеу керек деп түйдім.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Шежірелі шаян өңірінің тарихы» Сәбит Жолдасов

2.«Қазыналы – Оңтүстік» Әдіһам Шілтерханов

3.«Түрленген өлке – Бәйдібек» құрастырған Бағдат Қалаубай

4.Қазақстан Тарихы оқулығы және көмекші оқу құралы

5.Қамбар батыр жыр дастаны

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі