15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тасадағы туған жердің тарихы
Туған өлкемнің тарихы мен батыр жерлестеріміз.
Эссе
Әркімге өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі ыстық келеді ғой... Туған жерге жететін мына ғаламда еш жер жоқ шығар сірә! Мағанда туған жерім, өскен өлкем өзгелерден өзгерек, әрі қымбат. Менің туған өлкем Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Майбұлақ ауылы. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»-дегендей, мен үшін Майбұлақтай жер жаннаты жоқ секілді көрінеді. Көкмайса табиғаты,тұма бұлақтары, алыстан мұнартатын тау -тасы, мейірімді қонақжай халқы бар Майбұлақ өңірінің шын мәнінде тарихы тереңде жатыр.Біздің өлке батыл да ержүрек батырларға, әр тасы тарихтан сыр шертетін шежірелі, әпсана-аңыз әңгімелерге толы. Осындай жер-су аттары тарихтан тамыр алып, үйлесім тауып тұрған өлкемді мен әрқашанда мақтан етемін. Қарт Қаратаудың етегінен бастау алатын «Үлкеншаян» және «Қожашаян» өзендеріне, Алғабас елді мекенінен «Қожабекбұлақ» және Жұлдыз елді мекенінен «Майбұлақ» шағын өзендері қосылып барлығы «Үлкеншаян» өзені атауын алады да, Ағыбет елді мекенінен келіп қосылатын өзен «Кішішаян» өзені қосылған соң «Шаян» өзені болып Қазата аулының басындағы Қапшағай су қоймасына құяды. Ары қарай ауданымыздың орталығына Шаянға ауызсу, ағынсу ретінде пайдаланылады.
Кезінде Ағыбет,Алғабас және Жұлдыз елді мекендері бірігіп Майбұлақ ұжымшары, одан кейін Жаңаталап елді мекені қосылып Майбұлақ кеңшары болған. Кейін кеңшарлар тарап, жаңа жүйе енген соң Ағыбет ауыл әкімдігіне айналған. Ол жердегі орталық аурухана және мен білім алып жатқан орта мектеп «Майбұлақ» атауын сақтап тұр. Кішкене ғана өзен осыншама атау алса, бізден бастау алатын «Шаян» өзенімен аудан орталығы аталады. Бұл өзен-су атаулары жас ұрпақтардан зерттеп-зерделеуді қажетсініп-ақ тұр.
Туған өлкемнің тау-тас, жер атауларына келетін болсақ ауыз толтырып айтарлықтай атауларға ие. Қаратаудың етегінде-ақ тұнып тұрған тарихқа тап боламыз. Қызылсаң,Дегерес, Үш шоқы, Тайғақтас, Қақпатас, Сарыоба,Мұзбел болып жалғасып кете береді және бәрінің өзіндік тарихы бар.
«Қызылсаң» таудың биігіндегі тастары қызыл болып келеді, алыстан көзге әсем көрінеді.
«Үш шоқы» бұл жалпы атаулары, Майбұлақ өңірінің үш аймағына орналасқан және үш түрлі аталады. Шығысында «Қызылшоқы», солтүстігінде «Қоңыршоқы», батысында «Ақшоқы» орналасқан. «Қақпатас» екі тастың ортасынан жол өтеді, ал екі жақтағын табиғат өзі тастан тұрғызған дәл қақпа. «Тайғақтас» тау беткейіндегі тастарды жалпағынан әдейі қолмен төсегендей, атты адам жүре алмайды. Жоңғар шапқыншылығында қазақ жауынгерлері шегініп сол жерге жасырынады екен, қалмақтардың аттары тайып құлап жатқандарында , төбелерінен тастар домалатын қырғынға ұшырататын болған. Бұл бүгінгі тілмен айтқанда тактика яғни соғыс тәсілі. «Сарыоба» тау асуыда тарихқа толы жер, қазақ-қалмақ шапқыншылығы болып, қиян-кескі соғыс өткен жер –дейді көнекөз қариялар. Содан екі жақтанда көп шығын болып, жеке-жеке жерлеуге мүмкіндіктің жоқтығынан барлығын бір жерге жиып беттерін жапқан, жаугершілік заманында қайдан уақыт болсын қайран халықта. Бірақ мәйіт барын білдіретін сарытастан белгі «оба» қойылады. Сол себептен болса керек сарыоба атауы әлі өшпей келе жатқаны.
Енді тарихты тудырып, тарихта қалған батыр ата-бабаларымызға келетін болсақ. 12 ата Сіргелі тайпасының Байжігіт тармағынан Тоғанас атты батыр шыққан. Мен ол кісі жайында көп біле бермегендіктен, үлкендерден сұраған едім. Жоғарыда айттыққой біздің төңірегімізде Жоңғар шапқыншылығы болғандығын. Ежелгі Түркістан маңы болса керек, қазақ-қалмақ соғысы жүріп жатқанда Абылайхан аттан түсіп қалыпты, сол кезде шауып келген жас жігіт ханның қолтығынан демеп астындағы атын ұсыныпты. Абылайхан : -Батырым тоқтамай жауға ұмтыл-дегенде, әлгі жігіт –Жоқ ханием мен өлсем бір қазақ өлер, ал сіз өлсеңіз бар қазақ өледі ғой-деп астындағы атынберген екен. Содан соғыс жеңіспен аяқталып, жұрт жиналғанда Абылайханымыз әлгі жас жігітті іздепті. Алдына келген өзін құтқарған батырдан жөн сұрайды. -12 атадан тарайтын Сіргеліден боламын, атым Тоғанас-дегенде, ерлігіне риза болғандығыда: -бүіннен бастап Сіргелінің ұраны «Тоғанас» болсын, жауға шапқанда солай ұрандаңдар-деп жарлық еткен дейді. Сол Ханиеміздің сүйікті жауынгері болған Тоғанас бабамыздың ұрпақтары бүгінде өсіп-өніп Майбұлақ өңірінде өмір кешіп жатыр. Тоғанастың соңынан ерген,тәрбиесін көрген тағы бір батырымыз Есіркеп. Ол жайында талай кітаптар жазылды. Қазіргі таңда Ағыбет аулындағы орта мектеп Есіркеп батыр атын иеленген.
1941-45 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы күллі Кеңес Үкіметіне қара бұлт төндіргенде, Майбұлақтан 300-ге тарта азамат майданға аттанған екен. Қаншама жерлестеріміз ерлікпен жат жерде жау қолынан қаза болды. Жарадар болып елгеде оралғандардан көзі тірі жауынгер Жаулан Бесбаев атамыз ғана қалған. Ол кісі 1919 жылы осы Майбұлақ аулында дүниеге келген. 1939 жылы жалғыз үміт күткен шешесін елде қалдырып әскерге кетеді. 1941 жылы әскери борышын өтеп енді ауылға қайтамыз деп жүргенде ,тұтқиылдан бұйрық келіп батысқа қарай аттандырады. Бұл соғыстың басталғанының белгісі еді. Украинаның Ржев қаласындағы қиян-кескі соғыстың ортасынан бірақ шығады. Днепр өзенінен өтеді , бірнеше рет жараланады. Соңғы жараланғанда өте ауыр халде Госпитальге түседі. Майданнан кері Саратов қаласына емделуге жібереді. Жеңісті сол жерде естиді, бірақ толық жазылмағандықтан көп уақыт емделіп, елге 1946 жылы балдаққа сүйеніп оралады. Құдайдан тілеуін тілеп отырған анасына қауышады. Бұндай ерлікті жас ұрпақ ұмытуға тиіс емеспіз, соғыс басталмай әскерге алынып, соғыс аяқталған соң бір жылдан кейін бірақ қайтқан қарияны мақтан тұтуымыз керек. Майбұлақ өңіріндегі бірден-бір жасы үлкен кісі осы Жаулан ата болғандықтан, барлығыда құрмет көрсетіп батасын алуға асығады. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай , Майбұлақ жалпы орта мектебінің алдынан және Жұлдыз елді мекенінің орталығынан ардагерлер аллеясы ашылды. Бұл ардергерлерді құрметтеп,өткен тарихтарын ұмытпаудың іс-шарасы еді.
Ұлы Отан Соғысы кезінде ауылдағы қалған қарттар мен балаларға оңай соқпаған. Иә, Жеңіс оңайлықпен келмегені рас, ол жеңіске ауылдағы тыл ардагерлерініңде үлесі үлкен екенін жас ұрпақ біздер сеземіз, әрі сол ерліктерін жадымызда ұстаймыз. Өйткені қариялар қазынамыз. Біздің мақтанышымыз. Өздеріңсің биік самғар сұңқарым!
Иә, мен осы шығарманы жазып отырып түсінгенім, ел басына күн туа қалса ата-бабаларымыздай қорғауға дайын болуымыз керетігін,олар салған жолды жалғастырып, туған жердің төл тарихын өзімізден кейінгілерге дәріптеу керектігін түсіндім.
Райымбек АРЫСТАН
Майбұлақ жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген