ҚР ПІБ
МО
«Қарлығаш» балабақшасы»
РМК
тәрбиеші
А.А.Тауекелова
Нұр-Сұлтан
қаласы
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Тасбақамен
таныстыру» (ересек
топ)
Білім беру
саласы:
Коммуникация, әлеуметтік орта,
таным.
Бөлімдер: Қоршаған орта, сөйлеуді
дамыту, экология негіздері
Мақсаты: Балаларды бауырымен
жорғалаушылармен таныстыру. Тасбақалардың өмірі туралы түсінік
беру. Дидактикалық пано, Эйлер әдісімен жұмыс жасауды үйрету.
Мнемотаблица арқылы тасбақа туралы әңгіме құрастыру. Эксперимент
арқылы тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: суреттер, пано, эйлер, слайд,
тірі тасбаққа, тасбақа тамағы.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын,
практикалық.
Мотивациялық
ой-қозғаушылық
Балалар музыка әуенімен
залға кіреді.
Шаттық
шеңбер
Әдемі
шеңберде,
Сәлем
десейік.
Қол
ұстасайық,
Жұптасайық,
Топтасайық
Ұйымдастыру-шылық –
ізденушілік
-Балалар , сендер жануарларды
жақсы көресіңдер ме?
-Әр қайсынан сұрау қандай
жануарларды жақсы көретінін.
-Оны қайдан
көрдіңдер?
-Ал сендер жануарлар туралы
ақпаратты қайдан көресіңдер?
- телехабар несімен
ұнайды?
-Бүгін біз сендермен жануарлар
туралы көптеген мәлімет білетін боламыз.
Тақтада тасбақаның,
қолтырауын, кесіртке, жылан суреттері
ілінген.
-Тақтада нені көріп
тұрсыңдар?
-Олардың ұқсастығы
неде?
-Қайда өмір
сүреді?
Суда, құрлықта, құмда өмір
сүреді.Ол үшін көк бейджіктегі балалар күлгін орманда
дидактикасымен жұмыс жасайды, ал қызыл бейджіктегі балалар эйлер
орталығымен жұмыс жасайды.
Жануарларды мекен ететін
жерлері бойынша ретімен орналастырады .
Ғажайып
сәт.
Есік қағылады Қолтырауын
кіреді.
-Сәлеметсіздер ме! Бұл жерде
бауырмен жорғалаушылар туралы айтып жатыр дейді. Мен сендерге
мынандай бір бауырмен жорғалаушыны алып
келдім.
-Сәлеметсіз бе қолтырауын! Ал
енді тасбақамен жақынырақ танысайық.
-Балалар, тасбақаның үсті
жұмсақ па, қатты ма?
1- Тасбақаны қай жерде
кездестіруге болады?
-Неге тасбақа тас
қабықты?
Тасбақа
туралы бейнефильм
Балалар тасбақаның түсі қоңыр,
ол жүргенде жер сияқты жерде көрінбейді. Олар тұщы суда, теңізде
мекендейді. Жүз жыл өмір сүреді
-Тасбақаның ерекшеліктері
денесі бауырмен жорғалаушылар, тас сауытпен
қапталған.
Дұрыс айтасыңдар, тасбақаның
басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде сауыт (панцир)
ішіне тығылады. Ол оның үйі. Көру, иіс сезу органдары жақсы
дамыған, нашар естейді.
Ойын:
«Тасбақа»
Шарты: Қолтырауын келген кезде
тығылады.
-Балалар, тасбақаға тас қабық
не үшін керек?
-Тасбақалар қыста қалай
қыстайды? видеофильм
Күзде топырақ астында
мекендейді.Дала салқындаған сайын жер астына үңіледі. Қыста олар
ұйықтайды, мүлдем тамақ ішпейді. Көктем келгенде жер бетіне шығып,
күнің көзіне жылынады.
Ойын:
«Көктем-күз»
Шарты: балалар аталған жыл
мезгілдеріне сәйкес тасбақаның әрекетін қимыл-қозғаласы арқылы
көрсетеді.
Күз – балалар жер арасына
жүреді.
Қыс
–ұйықтайды.
Көктем – күнің көзіне
жылынады.
-Тасбақалар қыста қалай
қыстайды? -Тасбақалар өмірге қалай
келеді?
Видеосюжет
Мама тасбақа құм астын
жұмыртқа ұясын жасайды. Бір ұяда он жұмыртқа. Жануарлар тауып алмас
үшін, жеп қоймау үшін құмды бір қалыпты етіп жабады.Дүниеге келген
тасбақалар өз өмірлерін өзі көреді.
Ойын:
«Жұмыртқа»
Балаларға «Киндер» беріледі.
Сендерге берілген тасбақа жұмыртқасын құм астына тығу керек.
Қолтырауын тауып алмау үшін.
-Дүниеге тасбақалар қалай
келеді екен?
-Тасбақалар немен
қоректенеді?
Видео
:
Жақтарында тістері болмайды,
иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршықтары арқылы тамақ жейді Олар
тамақты аз жейді. Ал қыста мүлдем тамақ жемейді себебі
ұйықтайды.
-Балалар, енді тасбақаны
тамақтандырайық.
-Қалай ойлайсыңдар тасбақа нені жейді
екен?
Рефлекстік
түзету
-Бүгін біз немен
таныстық?
-Қыста қайда өмір
сүреді?
Ендеше балалар тасбақаны топқа апарайық. Қолтырауынға
рахметімізді айтып шығарып салайық
Күтілетін
нәтиже:
Білу
тиіс: Тасбақаның өмірі
туралы;
Түсінікті
игеруі:тасбақаның тыныс тіршілігі
туралы толық мағлұмат;
Білім, білік дағдыларын
меңгеруі: жануарларға қамқорлықпен
қарауды.