400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тастағы таңбалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тастағы таңбалар : «Таңбалы таста» тұнған сыр; Арпаөзен таңбалы тастары. Баянжүрек суреттері; Ақбауыр үңгірі. Қойбағар таңбалы тасы; Қаратау шимайлы тастары; Қапшағай таңбалы тасы; Тамғалы шимай тастар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Таңбалы таста» тұнған сыр





Арпаөзен таңбалы тастары.

Баянжүрек суреттері












Ақбауыр үңгірі.

Қойбағар таңбалы тасы













































Қапшағай таңбалы тасы





Қаратау шимайлы тастары



Тамғалы шимай тастар

Shape6

4

Shape5

5

Shape4

6






















«Таңбалы таста» тұнған сыр


Алматы Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күнш ғысында «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғалардан, өзектерден тұрады. Жан-жа- ғында сайлар, ішінде күнге əбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте əдемі бейнеленген. Олар – VI – VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Қар кетіп, табиғат оянған кезде ежелгі адамдар Күнге табынған. Басы Күн кейіптес құдайлардың кескіндері соны білдіреді. Оларды айнала билеп жүргендер – көне заман бишілері. Сондай-ақ Таутекеге садақ кезеніп тұрған садақшылар, бір топ киіктерді қуып келе жатқан аңшылар жəне басқа да толып жатқан сюжеттер мен композициялар берілген. Археологтар «Таңбалы тасты» зерттеген кезде бұл жер тас дəуірінің өзінде ертедегі адамдардың табынатын «қасиетті жері» екені анықталды. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жыл өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған.



Арпаөзен таңбалы тастары.

Баянжүрек суреттері


Арпаөзен таңбалы тастары – қола дəуірінен сақталған (біздің заманымыздан бұрынғы ІІ – І мыңжылдық) ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз жəне түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің əдет-ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қоса, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады.



Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 км жерде, Жетісу Алатауы сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дəуіріне (б.з.б. 4-ші мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басы) жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сəуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ жəне ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түркі дəуірін сипаттайды.




Ақбауыр үңгірі.

Қойбағар таңбалы тасы


Ақбауыр үңгірі – қола дəуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 км жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5 – 6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу, т.б. рəсімдер өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен біздің заманымыздан бұрынғы 3-ші мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке, т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында əр түрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар жəне адамдар, үш-төрт күркенің суреттері бейнеленген. Бұл суреттер – жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өрбуін тілеуді білдіреді.



Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 м биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы – м-ге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағардан көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Қойбағардың түйеге жегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді.


















Shape9

1

Shape8

25

Shape7

3























Қапшағай таңбалы тасы


Қапшағай таңбалы тасы – Алматы қаласынан солтүстікке қарай 100 км жердегi Iле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. Жарқабақтағы бiрiне-бiрi жалғасқан, бiрiнiң үстiн бiрi баса орналасқан тастардың 18-інде жазулар бар. Олардың негiзгi бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен ежелгі түркi əлiпбиiмен жазылған моңғол тiлiндегі жазулар. Ежелгі түркi жазбалары əлi аударылып оқылған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткiшiнiң ең белгiлiсi – Үш Бұрхан (Будда) суретi. Ежелгi дəуiрлерде сақ тайпалары будда дiнiнде болып, Күн, Жер, Соғыс құдайларына табынған. Бұрхан суреттерiнiң астына ежелгі моңғол тiлiнде, мысалы, «Ман-Да Буддаға сыйынамын» деген дұға бар. Бұл жазуларға кейiннен моңғол, жоңғар шапқыншылықтары кезiнде жаңа мəтiндер қосылған.





Қаратау шимайлы тастары


Қаратау шимайлы тастары – Қаратау аймағындағы қола дəуірі мен орта ғасыр (шамамен б.з.б. 4-ші мыңжылдық – б.з. ХІХ ғасыры) аралығында тастарға қашалған суреттер. Мұндай тастар Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ, Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай, т.б. шатқалдары мен сайларында көптеп ұшырасады. Жалпы суреттер саны – бірнеше мың. Олар тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Қаратау шимайлы тастарында аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің символын білдіретін түйе кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі басты орын алған. Қола дəуірі петроглифтерінің арасында соғыс арбасын бейнелеу де кеңінен таралған. Олардың бəрі бір мəнерде, арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, арбаның екі жағына қойылған тəрізді етіп салынған. Арбаларға жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады. Осы бейнелерден Қаратауды мекендеген көшпелі тайпалар аң мен хайуанаттарды ерекше қадір тұтып əрі киелі деп, Құдайдай пір санағандығын аңғаруға болады.







Тамғалы шимай тастар


Тамғалы (Таңбалы) шимайлы тастары – Шу-Iле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Тамғалы шатқалындағы жартас суреттері. Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарабастау ауылының маңында орналасқан. Мұнда қола жəне ерте темiр дəуiрлерi, орта ғасырлар мен жаңа заманғы қоныстар, қорымдар, құрбандық орындары жəне петроглифтер тəрiздi барлығы 100-ге жуық ескерткiш орындары бар. Шағын аумаққа шоғырланған ескерткiштер осы өңірдi мекендеген ежелгі тайпалардың 3 мың жылдық тарихын қамтиды. Кешеннiң негiзгi өзегi – шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер. Қазіргі кезде мыңнан аса петроглифтер зерттелді. Олар қола дəуірінен түркілер дəуіріне дейінгі екі мың жылдан аса уақыт бойы салынып отырған. Таңбалы шимайлы тастары күн шапақты бетперде киген адамдар кескінінің көптiгiмен ерекшеленедi. Бұл суреттер алыстан көрiнуi үшiн жартастардың ұшар биiгiне қашалған. Қола дəуiрiнiң суреттерiнде жаяу жəне салт атты садақшылар бейнеленiп, аңшылық дəстүрi көрiнiс тапқан. Ерте темiр дəуiрiнiң петроглифтері тобында əр түрлi қозғалыста, кейде аяқтарының ұшымен тұрған, кейде аяқтары бүгiлген бейнедегi маралдар, қабандар жəне тауешкiлер салынған. Ежелгі түркi кезеңiнiң тас суреттерi бұрынғы петроглифтердiң үстiне қашалған. Ортағасырлық суреттерде, негiзінен, салт атпен шауып бара жатқан дала сарбазы жиі кездеседі.






Shape12

4

Shape11

5

Shape10

6





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1456
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі