Қарақалпақстан Республикасы
Хожелі ауданы Халық білімдендіру бөліміне қарасты 33-санды
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кулыбаева
Тазагүл
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы:
5-сынып
Пән
мұғалімі: Кулыбаева Тазагүл
Сабақтың
тақырыбы:Тасымал
(4-тоқсан,122-сабақ,165-бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Фонетикадан өткенді қайталай
отырып,оқушыларды сөздерді дұрыс тасымалдауға
үйрету.
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке,өз Отанын
қорғауға,үлкенді сыйлауға,әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың
грамматикалық сауаттылығын арттыру,тіл байлығын,сөздік қорын
байыту.
Әдісі:
сұрақ-жауап,талдау түрлері
Сабақтың
түрі:жарыс сабақ
Көрнекілігі:кестелер,графикалық
диктант,перфокарталар,қызықты сұрақ.
Пәнаралық
байланыс:әдебиет,сурет.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1.Жаттығу жұмысын тексеріп
шығу.
2.Фонетика нені
зерттейді?
3.Буын дегеніміз не?
4.Буынның неше түрі бар?
5. Дауысты дыбыс нешеге
бөлінеді?
6.Дауыссыз дыбыс нешеге
бөлінеді?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Тақтаға тасымалдың ережесі жазылған плакат
ілінеді.
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын
келесі жолға тасымалдауға болады.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға
болмайды.
1.Бір буынды сөздерді тасымалдауға
болмайды.Мысалы:от,қарт,кел,сан,өрт,бас.
2.Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға
немесе жолдың соңына қалдыруға
болмайды.
3.М.Әуезов,А.Құнанбаев
деген қысқартылып жазылған кісі атын оның
фамилиясынан бөліп тасымалдауға
болмайды.
4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын
(км,мм,т,см,г,т.б.)алдындағы санынан бөліп тасымалдауға
болмайды. 13см, 40 км,5 т.
5.Қысқарған сөздер
тасымалданбайды.Мысалы: БҰҰ,НМПИ,ТМД
Тасымалдау
үлгісі:
Мек-теп,кі-тап,дәп-тер,қа-ғаз.
Сыныпты 3 топқа бөліп «Тұлпар», «Сұңқар», «Қырын»
топтарына бөліп сабақ жарыс түрінде
өтіледі.
І тапсырма:
«Кім жылдам, кім
тарқыр»ойыны ойналады.
Үш топқа үш түрлі жұмбақ жазылған плакат
беріледі.
1-плакат.
Төрт аяғы астында,
Ақ сәлдесі басында.
Нелер жақсы келсе де,
Ұялмай отырар қасыңда.
(самаурын)
2-плакат.
Бір нәрсе екі аяқты,сегіз
бармақ.
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жұлмап.
(Бүркіт)
3-плакат.
Тұрады жетпіс кемпір жерді
басып,
Баласын арқасына арқаласып,
Рақмет ол баланың атасына,
Баласын бағып отыр қолмен қағып. (киіз
үй)
Ойынның шарты:
Жұмбақты шешу,сурет салу,фонетикалық талдау
жасау.
ІІ тапсырма:
«Тасымалданады,тасымалданбайды»
ойыны. 316-жаттығу.
Тақтаға плакатқа бірнеше сөздер жазылады. Сол
сөздерді екі баған бойынша бөліп теріп жазады.
Ақын,еңбек,ұялу,арыстан,елу,ұшақ,берік,ауыл,мектеп,жіңішке,қолғап,аралау,жаз,әтеш,қала,су,ағай,киім,бұрын,наурыз,ата-ана,әркім.
|
Тасымалданады
|
Тасымалданбайды
|
|
|
|
ІІІ тапсыпма:
Графикалық диктант.Ақын-жазушылар атын жазып
шығу.
-
-
ІV тапсырма:
«Жаңылдырсаң да
жаңылмаймын»ойыны:
Ітопқа сұрақ:
Қолда буын көп пе аяқта буын көп пе?
(аяқта)
ІІ топқа сұрақ:
Бота мен қозы ұқсас екен дейді.Олар қалай ұқсас
болады? (екеуі де ашық буын)
ІІІ топқа сұрақ:
Ерінде еріндік бар ма? (жоқ)
Сергіту сәті: «Алма
теру».
Балалар,қазір барлығымыз орнымыздан
тұрып,қасымыздағы биік талдан алма тереміз.Ең бірінші оң қолымызды
жоғары көтеріп,алақанымызды қатты ашып,демімізді ішке тарта
отырып,жайлап саламыз.енді осы жаттығуды сол қолмен
қайталаймыз.
IV.Сабақты пысықтау.
Дидиктикалық материалдың бір
түрі-перфокарталар.Тасымалды өткенде төмендегідей пенфокарталарды
пайдалану әрі жаңадан алған білімді бекітуге,әрі оқушылар білімін
әділ бағалауға көмегін тигізеді.
|
Сөздер
|
Дұрыс
|
Дұрыс емес
|
Тасымалдауға болмайды
|
|
Зы-ғыр
|
+
|
|
|
|
Сыз-ғыш
|
+
|
|
|
|
Ки-ме-шек
|
+
|
|
|
|
А-нар
|
|
|
+
|
|
Тоқ-ушы
|
|
+
|
|
|
Жай-ық
|
|
+
|
|
|
Сөздер
|
Тасымалданады
|
Тасымалданбайды
|
|
Бор
|
|
+
|
|
Орамал
|
+
|
|
|
Май
|
|
+
|
|
Моншақ
|
+
|
|
|
Сабақ
|
+
|
|
|
Қасық
|
+
|
|
|
Өрт
|
|
+
|
V.Оқушыларды бағалау:
(бағалау парағы арқылы
жасалады).
Ақын Қ.Мырзалиевтің «Баға мен бағалау»
деген өлеңін басшылыққа ала отырып,оқушылардың
білімін өздеріне бағалату.
«Екі» деген жаман баға,
Алады оны жаман бала.
-Бізде бүгін сабаққа дайындалмай
келген «екіге» лайық бала бар ма?
«Үш» деген орта баға,
Сапасы да орта ғана.
-Бүгінгі сабаққа орташа дайындалған кімдер деп
есептейсіңдер?
«Төрт» дегенің жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
-Кімдерге «төрт» қоюға болады деп ойлайсыңдар?
«Бес» дегенің үздік баға,
Оқып келген үздік қана.
Олар кімдер?-деп оқушылардың өз білімдерін
өздеріне бағалатып барып,үш топқа бағалау парағын тартып,сабақта
оқушыны өзін-өзі бағалата білуге үйретемін.
VI.Үйге тапсырма:
31-жаттығу,ережені жаттап алу.