400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тасымал. Отан. Ж.Әбдірашев

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет сабақ жоспары. жаңа форматқа сай жасалған. Көптеген әдіс-тәсілдер оқушының білім деңгейін анықтауға, арттыруға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гүлзат Қонарбаева,Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Отан. Ж.Әбдірашев

Сабақтың мақсаты: Тасымалдаудың кейбір ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Ж.Әбдірашев өлеңінің мәнін ашу, тасымал жайындағы білімдерін дамыта түсу, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Табыс критерийлері:

1.Тасымал жайлы оқушыларға білім беріп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Астана жайлы білімін кеңейту.

2.Отан, туған жерді таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлі оқуға жетелеу. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. 

3.Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, әсемдікке, сұлулық сырын ұғынуға тәрбиелеу. Ән айтуға баулу.

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:Дүниетану

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,топтастыру.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: дидактикалық материалдар.

Уақыт

Белсенді жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут




Топқа бөлу.

Шаттық шеңбері

«Менің Отаным» тренингі

*Егер сіздің досыңыз болса, көршіңнің басын сипаңыз;

*Егер сіз, анаңызды жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

*Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

*Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

3 топқа бөлініп отырады

1. «Алғырлар»

2.«Тапқырлар»

3.«Ойшылдар»

Оқушылармен сәлемдесемін.




Балалар, мына менің алдымда жатқан сөздерді оқып, сәйкесінше топтарға бөлінеміз.Астана, ел, жер, қазына, өлке, ауыл, қала, бәйтерек, орда, халық, елбасы, ту, құт, бақ, отбасы.

Мұғаліммен,сыныптастарымен сәлемдеседі.








Буын түріне қарай өз тобына отырады.

Білу

8 минут


Мәнерлеп оқу байқауы

“Сен бақытты ұлансың”

“Кім алғыр?”

1-топ:Буын дегеніміз не? 2 буынды сөз

2-топ:Тасымал дегеніміз не?3 буынды сөз

3-топ: Сөз неден құралады?4 буынды сөз

Оқушыларды мұқият тыңдап жауабын толықтырып отырамын.


Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды топта талқылай отырып орындайды.

Түсіну

10 минут








Дәптермен жұмыс .

Бүгінгі сабақтың мақсаты тағы бір мәрте тасымал туралы білімдерімізді одан әрі дамыта түсу, сөздерді дұрыс тасымалдай алуға үйренуіміз керек.

69-жаттығу

1-топ 2-топ 3-топ

Те-ле-ди-дар Кі-тап-ха-на Ше-бер-ха-на

1) те-ледидар 1)кі-тапхана 1)ше-берхана

2) 2) 2)

3) 3) 3)

Тасымалданбайтын сөз түрлерін түсіндіремін.






Оқушыларға бағыт беремін.








Әр топ өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындайды .


Сергіту сәті

1 минут

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақта тыныш отырып,

Жақсы білім аламыз.

Біз қандай баламыз?

Отан сүйгіш баламыз.

Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау.

Оқушылар жатқа айтады.

Қызығушылық танытады.

Қолдану

8 минут

Жарасқан Әбдірашев.Отан.

1-топ: «Отан» сөзін топтастыру.

2-топ:Отан туралы суретті мақал-мәтел.

3-топ:Отанымыздың танымал тұлғаларын ата.


Бүгінгі тақырыпқа сай өлең шумақтарымен танысайық«Ер-азамат атан» дейді дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар мұқият тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді.

Талдау

6 минут

70-жаттығу

1-топ 2-топ 3-топ

Жиналыс Жұлдыздар Жіңішке

1) 1) 1)

2) 2) 2)

Көмектесіп отырамын




Берілген тапсырманы топта талқылап,жауап береді.



Жинақтау

5 минут

«Шынжыр»ойыны

1-топ:Оқушылар әріптердің кез-келген біреуін айтады

2-топ:Бірінші топ айтқан әріпке сөз айтады.

3-топ:Екінші топ айтқан сөзді тасымалдайды.

Әрбір сөздерді тасымалдауда қателескен жерлеріне түзетулер енгізіп отырамын.

Әр топ оқушылары жауап береді.

Үйге

71-жаттығу. «Отан» өлеңді жаттау.

Күнделіктеріне жазып беремін


Бағалау

2 минут

Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау,марапаттау

Менің көңіл күйім .Бағалау парағына топты бағалау.

Рефлексия

2-минут

Бүгін мен.....білдім.

.....қызықты болды.

.....қиын болды.

Мен.....үйрендім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі