«Тамшылар» тобының 8наурыз аналар мерекесіне арналған сценарийі
«Құлпынайлы тәтті бәліш»
Жүргізуші; Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар,қасиетті аналар!
Бүгінгі аналарымызға арналған мерекеге «Тамшылар»тобының балапандарын әдемі көңіл-күймен қарсы алайық»!
(Залға балалар қолдарына гүлдерін ұстап кіреді, шахматты вариантта 3 қатарға турады)
Фоновая музыка қосылып тұрады
Ән «Ана деп ән салам»
(ән айтылып болған соң гүлдерін себетке жинап аламыз,балалар орындарында қалады)
Жүргізуші; Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады,
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде!
Тәрбиеші: Иә, міне көптен күткен көктем бізге келіп жетті.Қарсы алайық!
(Залға вальс әуенімен қолына бәйшешектер салынған себеті бар көктем кіреді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, аналар!
Сағынышпен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Тәрбиеші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, бұлақтың сылдырын, құстардың дауысын сағынды. Олардың мерекеге байланысты арнаған тақпақтарын тыңдайық
1бала 2бала 3бала 4бала
«Көктеммен» би (Гүлдер биі) (қыздардың басына гулдер кигіземіз,ұлдар бағбан, су құйғышпен)
Жарайсыңдар балалар! Балалар мен жер бетін аралап жылу шашуым керек, күн нұрын таратуым керек,әзірше сендерге бәйшешектерімді қалдырайын,сау болыңдар,жылы күнде кездескенше
( Музыка ойнап тұрады.Залға Құлпынайқыз кіреді) (мульфильм кейіпкері)
Сәлеметсіңдер ме балалар?! Мен ертегілер елінен келген Құлпынайқыз боламын.
Тәттілерді өте жақсы көремін.Сиқырлы орманда тұрамын,құрбыларым да көп.
Балалар қандай әдемісіңдер,неге әдемі боп кеткенсіңдер?
Жүргізуші: Құлпынайқыз балалар бүгін 8 наурыз аналар мерекесін тойлағалы жатыр,соған орай аналары мен әжелерін де мерекеге шақырды.
Құлпынай: ой, онда мен де құрбыларымды құттықтап, қуантқым келеді. Сыйлық бергім келеді. Мен оларға қандай сыйлық алсам екен..? Балалар сендер маған көмектесіңдерші,қандай сыйлық алу керек екенін мен білмеймін,ақыл қосыңдаршы..
Жүргізуші: олай болса сыйлық ерекше болу керек.
Сөздік ойын «Иә,жоқ»
Құлпынай:Ал,ендеше тыңдаңдар: егер сыйлық қыздарға,аналарға қажет зат болса «иә» деп айғайлаңдар ,ал қажет болмаса «жоооқ»деп айғайлаңдар
Қане бастайық: Мүмкін ол қүрек? Жооооқ
Мүмкін ол кәмпит? Ияяяяя
Мүмкін ол балға? Жооооқ
Мүмкін ол әдемі гүл ? Иәәәә
Мүмкін ол ине жіп? ияяя
Мүмкін ол иіс су? Ияяя
Мүмкін шеге керек? жооооқ
Жарайсыңдар балалар,мен енді ұқтым не сыйлау керек екенін.
Жүргізуші: ал біздің балалар біледі аналарына не сыйлау керек екенін.
(балалар орындарынан тұрып оркестрге қажетті аспаптарын алады)
Оркестр «Құстардың үні»
Құлпынай: Қандай керемет! Тағы не сыйласақ болады? Менің құрбыларым көп қой..
Жүргізуші: біз ойланып,ойланып дәмді ас әзірлейік деп шештік. Ол үшін бізге дүкенге барып азық-түлік алу керек. (қыздар ойнайды)
Ойын «Тәтті бәліш»
(Екі топқа бөлініп бәлішке арналған азық-түлікті себеттерге жинаймыз
әкелген азық-түлікті реттейміз) ал енді азық-түлігіміз дайын болса құлпынайлы тәтті бәліш пісіруге кірісейік
(қыздар ойнап жатқанда ұлдарға фартук пен бас киім кигіземіз)
«Аспаздар биі» (ұлдардың биі бәліш жасайды)
(қысқатолқынды пешке бәлішті саламыз, муляж) бәліш дайын болғанша ән шарқайық.
Құлпынай: ұлдар неткен шебер еді,аналарына ас әзірлеп, мерекеде қолқанат боп жүр екен,қандай жақсы!
Ән «Айналайын ақ мамам»
Жүргізуші: бәрі керемет, мерекеге келген әжелерімізді де ұмытпайық, ән айтып би билеп берейік. Би «Құлпынайлар» (қыздар биі)
Әжелерімізге арналған тақпақтарымызды тарту етейік балалар,
1бала 2бала 3бала
Құлпынай: Тамаша! кішкентай «құлпынайларым», сендерді құрбыларыма айтып мақтап баратын болдым.
Жүргізуші: Балалар әжелерімізбен бір ойын ойнап көңіл көтеріп алайық.
Ойын «Әжеге көмектес»
( екі әже екі топқа бөлініп шұлықтардың сыңарын табу керек,кім көп табады сол жеңімпаз болады)
Ән «Әжетайым»
Жүргізуші: балалар біз ән айтып,би билеп жүргенде тәтті бәлішіміз де дайын болып қалыпты. (Пештен алып көрсетеміз)
Құлпынай енді саған балалардың көмегі тиді ме,құрбыларыңа не сыйлауға болады екен?
Құлпынай: Таптым,таптым балалар,мен енді білемін не сыйлау керек екенін Рақмет сендерге, мен енді құрбыларымды қуантуға барайын.
Жүргізуші: Ал,балалар олай болса біз де өз аналарымыз бен әжелерімізді қуантайық,сыйлықтарды сыйлайық!
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз
аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре
беріңіздер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тәтті бәліш"

шағым қалдыра аласыз