400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тату ағайындылыр. (Отбасылық құндылық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал өзін-өзі тану сабағында қолдануға болады. Тақырып бойынша отбасылқ құндылықтарға байланысты мұғалім сыйына алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тату ағайындылар

  Өте ертеде бір патшалықта  екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың  екі жағында  болса да,  олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.

  Бір күні  ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы  ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп  бөліп алдық, бұл дұрыс емес.  Інім жаңа ғана шаруашылығын  бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Ағасы тұрып, түнде інісіне  бір қап бидайды апарып тастайды.

   Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады:  «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен  үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».

   Таңға жақын інісі де  білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.

    Таңертең ағайындылар  өз қамбаларына  қарап,  таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой,  ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»

    Түн болысымен ағасы мен  інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.

   Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың  түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:

-          А, бұл сен бе? Кештетіп қайда  бара жатырсың?

Інісі айтады:

-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?

  Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.

Сұрақтар:

1.      Әңгіме не туралы?

2.      Екі ағайынды не ойлайды ?

3.      Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?

4.     Осындай қадам жасап, жақсылық жасап отырсақ бір –бірімізге қандай сезім болады?

5. Өздеріңнің өмірлеріңде осындай  жағдай кездесті ме?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.04.2019
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі