400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тату доспыз бәріміз. Мектеп алды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тату доспыз бәріміз. Достар қалай татулығы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:

Көркем әдебиет

Мектеп:

№123 «Самал» жалпы орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

Тату доспыз бәріміз

Күні:16.11.2018ж

Мұғалімнің аты –жөні:


Сынып: МАД «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:


ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтін, тақпақ және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Достық, татулық туралы тереңірек біледі. Сурет бойынша достық туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша достық, татулық туралы сұрақтарға жауап бере алады. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді. Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады: Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Тілдік мақсат:

Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? неге? не үшін? қалай? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Әдеби жанрларды ажыратады. Көптілділік: достық – дружба – friendship

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: әркез, біргеміз. Пікір алмасу сұрақтары:

Дос болу, тату болу адам бойындағы қандай қасиет? Дос дегенді қалай түсінесіңдер?

Сенің досың бар ма? Досыңмен татусың ба?

Досыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар? Достық, татулық туралы өз ойларын айтады.

Өткен ҰОҚ алған білім

Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтып береді.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут


Ұ) Балалар, достық туралы өлеңімізді есімізге түсірейік. Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

Әнімен айтып, бір­біріне жылы лебіздерін білдіреді. – Сен қандай әдемісің? Өйткені...

– Сен менің досымсың! Өйткені...



ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут






ҰОҚ ортасы ІІІ. Тақырып

бойынша жұмыс. 6-27 минут










(Ұ) Педагог мақалмен таныстырады. «Достық, татулық бәрінен де қымбат»

Мәтіннің достық, татулық туралы болатынын болжамдайды. «Дос» деп қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп, қиналғанда бір­бірінің жанынан табылатын адамдарды айтамыз.

Көптілділік: достық – дружба – friendship

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс: – Суретте не болып жатыр?

– Суретке тақырып ойлап тап.

– Суретте ұлдар мен қыздар не істеп жүр? – Олар бір­бірімен қалай ойнап жатыр?

– Балалардың қолдарында қандай ойыншықтар бар? – Олардың көңіл күйлері қандай?

– Сендер достарыңмен қалай ойнайсыңдар?

(Ұ) Педагог Фариза Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз» өлеңін ұсынады.

Педагог өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар.

– Өлең қалай аталады?

– Өлеңде не туралы айтылған? Сендерге ұнады ма?

– Сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар? – Сендер «тату достар» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Татулық – достар арасындағы ең керемет қасиет.

Тату балалар бір­бірін тыңдайды. Ойыншықтарымен, кітаптарымен т.б. бөліседі. Ренжіспейді, тату­тәтті ойнайды.

Өлеңді бірге жаттайық. Сергіту сәті:

Достар тату­тәттіміз, Болса қолда тәттіміз Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз.

Педагог өлеңді екінші қайтара оқиды. Балалармен қайталап, өлеңді бірге жаттайды. 3­4 балаға өлеңді жатқа айтуды ұсынады.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Досыңа не сыйлайсың? Суретін салу.

Балалар педагогпен бірге «Достық ережесін» құрастырады. Жолдастарыңа көмектес.

Егер қолыңнан бір нәрсе келсе, оларға да үйрет. Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса, тоқтатып, дұрыс еместігін түсіндір.

Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату ойна, мақтанып кетпе.

Жолдасыңның жетістігіне қуан. (Т) Ойын: «Менің досым»

«Сенің досың қандай?» Мен бір балаға гүл беремін, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын, ол гүлді алып, толық сөйлеммен өз досының қандай екенін айтып, келесі балаға гүлді ұсынады. Мысалы: Менің досым батыр, өйткені...

Менің досым әдемі, өйткені... Менің досым адал, өйткені...









Кітапхана бұрышы, кітаптар









Әліппе-дәптер












Музыкалық сүйемелдеу



IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды.

– Біз бүгін не туралы әңгімеледік? Сабақ сендерге ұнады ма? (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі