«А.Тихоненко
атындағы орта жалпы білім беретін
мектебі» КММ
Тренинг
«Татулық – достық кілті»
Тренингтің
фотогалереясы
Өткізген:
мұғалім-дефектолог Махмут М.Ж
2018-2019
оқу жылы
«Татулық
– достық кілті» тренингі
Сәлемдесу.
Оқушылар өз есімін, және есімінің
алғашқы әрпінен басталатын сын есім,
қала атауын айтады.
«Ақша
қар» жаттығуы. Әр қатысушы жіптің бір
ұшын ұстап, олар ақылдаса отырып,
жіптерді алмастырып, қар үлгісін
жасайды. Ортасына қарындаш қойылады.
Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу
қажет. Егер, қарындаш жерге түсіп кеткен
жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды
сөйлемей, дыбыссыз өткізу ойынның
қызығушылығын арттыра түседі.
«Айна»
ойыны. 2 оқушы ортаға шығып, бірі айна,
яғни түсіндіруші,екіншісі жасырынған
оқушыны табады.
Сергіту
ойыны. «Күн нұрын шашады.......» Оқушылар
шеңбер болып отырады. Бір оқушы ортада
болады, «күн нұрын шашады, сырға таққандар
ауысады» деп айтқан кезде, сырға таққан
оқушылар жылдамырақ орындарын ауыстыруы
қажет. Сол кезде ортада отырған оқушы
бір бос орынға отырып алуы қажет. Ал
орын қалмаған оқушы ортаға отырады.
«Жазу
машинкасы» жаттығуы. Қатысушылар шеңбер
бойымен отырып, жаттығуды орындайды.
Әр қатысушы оң қолын оң жағындағы
көршісінің тізесіне, ал сол қолын сол
жағындағы көршісіне қояды. Әрі қарай
кезекпен жылдам көршісінің тізесіне
қолын тигізуі қажет. Жаттығу шеңбер
бойымен кезекті бұзбай орындалуы қажет.
Егер қатысушы қатарды бұзып алған
жағдайда, немесе шатасып кетсе бір
қолын алып тастайды. Жаттығу соңында
аңғарымпаз қатысушылар қалады. Жүргізуші
ойын шартын өз қалауы бойынша қиындата
алады. Бірінші айналымда ойынды сағат
бағытымен жүргізсе, екінші айналымда
кері бағытта жүргізе алады.
Рефлексия.
«Татулық
– достық кілті»
Мақсаты:
-
Әр
оқушының өз «менін», «ұжымының «біз»
ұғымдарын қалыптастыру;
-баланың
сенімін тұрақтандыру;
-өз
тобында өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу;
-адамгершілік-психологиялық
жағдай туғызу;
-топта
достық қарым-қатынас орнату.
Көрнекіліктер:
жіп,
қарындаш, ақ қағаз, құты.
Қатысушылар:
4
«а» сынып оқушылары.
Жоспар:
Сәлемдесу.
«Өрмекші
торы» жаттығуы.
«Айна»
жаттығуы.
Сергіту
ойыны «Күн нұрын шашады......»
Рефлексия.
Жүру
барысы:
Алғашқы сәлемдесуде оқушылар бір-бірімен
амандасып, осы күнге тілектерін білдірді.
«Өрмекші торы» жаттығуында оқушылар
берілген жіптен тор шығарды. Оқушылардың
ұйымшылдығын анықтау мақсатында тор
ортасына қарындаш қойылып, оны құтыға
салу керек болды.
«Айна»
жаттығуында өз еркімен ортаға екі оқушы
шығып, бірі айна, екіншісі түсіндіруші
болды. Оқушылар кезекпе-кезек шығып,
олардың ойынға қызығушылығы арта түсті.
«Күн
нұрын шашады......» сергіту ойынында
оқушылар дөңгелене отырады. Ортаға
жүргізуші шығып, «күн нұрын шашады........»
сырға таққандар ауысады немесе жейде
кигендер ауысады деп айтады, оқушылар
сол сәтте жылдамырақ орындарын
ауыстырулары қажет. Сол кезде ортада
тұрған оқушы бір бос орынға отырып алуы
қажет. Ал орын қалмаған оқушы ортаға
шығып, қайтадан ойынды бастайды.
Тренинг
соңында оқушылар тренингтен алған
әсерлерімен бөлісіп, сабақтан жақсы
көңіл-күймен шықты.
Қорытынды:
Оқушылар
ойын, жаттығуларға белсене араласты.
Өз ойларын ашық жеткізе білді.