400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Татулық-достық кілті»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Татулық-достық кілті» тақырыбына сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Бөлім:

Бірлік және ынтымақ айы

Күні:

12.05.2025

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Нұрғалиева Г.Т

Класс: 8 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

«Татулық-достық кілті»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Мектептегіқауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

Сабақтың мақсаты:

Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

саяхат кезіндегі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге және пайдалы әдеттерді дамытуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезең

(7 мин)


Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы бір біріне игі тілектерін айтады, қағаз түстеріне қарай топқа бөлінеді.

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.






Компьютер

Бір біріне тілек айтады,қағаз түсіне сәйкес екі топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлап, топтарына ат қояды.


Әдетте табиғи апаттың жақындағаны туралы сирена белгісімен хабарлайды, содан кейін оларға дайындалуы үшін алдын ала хабарлайды.

Егер сіз үйде сирена сигналын естіген болсаңыз, радио немесе теледидарды қосыңыз, жаңалықтарды тыңдаңыз, содан кейін терезелер мен есіктерді жабыңыз; газ бен электрді өшіріңіз; заттарды, құжаттарды, электр шамын және батареялары бар радиоқабылдағышты дайындаңыз.

Ересектермен бірге құйын кезінде жертөлеге кіріңіз. Терезеге жақындамай, қабырғаға жақын тұрған жөн.

Егер күшті жел (дауыл, құйын) сізді далада немесе орманда басып қалса, кең жыраға, жол бойындағы жыраға жабылып, жерге қарай қысылыңыз.

Құйын жақындаған кезде машинадан, автобустан шығып, жақын жердегі жертөледе, жырада, жол кюветінде жасырыну қажет.

Егер жаңбыр, бұршақ, найзағай болатын дауыл болса - электр беру желілері тіректерінің астында жасырынба. Бұтаның астына тығыл. Барлық төтенше апаттар кезінде көпірлерде, жанармай бекеттерінің, мұнай және газ құбырларының, электр беру желілерінің жанында болу өте қауіпті.

Өрт кезінде адам өзіне қалай зиян келтіруі мүмкүн?

Өрт - материалдық құндылықтарды жоюмен қатар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақыланбайтын өрт апаты.

Өрттің негізгі зиян келтіруші факторлары:

қоршаған ортаның жоғары температурасы;

түтін құрамында улы заттар болуы;

түтін салдарынан көрінудің жоғалуы.

«Сөйлемді аяқта» ойыны.

Төтенше жағдайларды басқару үшін кейбір ережелерді білу қажет. «Сөйлемді аяқта» ойыны осы қағидаларды есте сақтауға көмектеседі (ойын «лото» принципімен өткізіледі).

Өрт болғанда

101

Сіріңке балаларға

ойыншық емес

Өр пен түтіннен

қашу керек

Полиция нөмірі

102

Жедел жәрдем нөмірі

103

Түтін шыққан бөлмеде

еңкейіп жүру керек

Хлормен улану қаупінде

жердің төменгі бөлігінен аулақ болу қажет.

Күші 12 балл жел

дауыл

Кез келген төтенше жағдайда өзіңмен бірге алып кету к/к

құжаттарды

Таңғыштарды

сулау

Төтенше жағдайдағы қағидалар

Төтенше жағдайда тез, мұқият әрекет ету, сақ болу керек.

Хабар берген кезде келесіні жаса:

1. Бетпердені тақ.

2. Портфельдерді/сөмкелерді ал.

3. Белгіленген жерге бар.

4. Орныңа орал.

Педагогтің нұсқауымен балалар орындарын ауыстырып, орындарына оралады.

Қорытынды

Сабақты қорытындылау.

ТЖ жағдайына арналған іс-қимыл жоспары бар жадынамаларды тарату.


Сабақ басы (13 мин)






Достық - сыйластық, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындықта үзе алмайды. "Достық" деген сөздің мәні кең. Ол туралы өте ауқымды айтуға болады.


Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.


Өз ойларын ортаға салады, ортақ шешімдерін постерге түсіріп,қорғайды.






Бейнежазба









Ортасы

(20 мин)


Әр топ берілген мәтінді оқып түсінгенің айтып береді

І топ: «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.

ІІ топ: Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті.


І)Екі топ та өздеріне берілген әңгімені оқиды,әңгіменің түйінін тауып жазады, қарсы топқа үш сұрақ дайындап балықтың қаңқасына жазады.

ІІ) Әр топ жұмыстарын алмастырып қарайды,жауаптар жазады.







презентация

Соңы






Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Достықтың алғашқы белгілері мектептен, сыныптан басталады. Сондықтан барлық уақытта да достығымызғы адал да берік болып оны мәңгілік сақтай білейік.


Әр топ өз бетімен шығармашылық тапсырма орындайды.

1 топқа «Досымсыз өмірімді елестете алмаймын»

2 топқа «Менің сыныптастарыма және достарыма тілегім»






презентация



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
05.06.2025
118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12