Сабақтың тақырыбы: «Татулық достықтың киелі
бесігі»
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың
шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.
2. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді
болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі
тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз
досын дұрыс танып білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер, шарлар, мақал -
мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
Мұғалім: Құрметті, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие
сабағымыздың тақырыбы «Татулық достықтың киелі бесігі» деп
аталады.
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық»
дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
Мұғалім:
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсы түсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
Мұғалім:: Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз
достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.
Тақтаға «дос»күншуағын сөзін жазу
Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос,
кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау,
ашықтық, бүкпесіздік: Мұғалім:Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл,
адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз. Демек,
дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды
басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан
күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның
шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің.
Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және
өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
Мұғалім: Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер
ме?
(оқушылар өлеңдерін айтады).
1 - оқушы
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.
2 - оқушы
Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар
3 - оқушы: Дос дегенің ұлы ұғым
Бала кезден бұны ұғын
Достарына әр күні
Сыйла көңіл тұнығын
4 - оқушы
Адал дос барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.
5 -
оқушы
Балдырған
баламыз,
Досты көп
табамыз.
Қашан да, қайда
да,
Достар
бір-біріңе
Сенімді
боламыз.
Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай
үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай
әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы
шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп -
оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.
Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.
Мұғалім:
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа
халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді.
Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым
келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық,
бірлік.
Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.
Мұғалім:
Ойын: «Ренжістік, достастық»
/әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып,
ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің
өтінішім бойынша сендер:
• «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып,
саусақтарыңды безейсіңдер.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен
бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз
құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты,
көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны,
көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен
достықта, татулықта болғанға не жетсін.
Мұғалім: Біз
қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжесуді білмейміз –дей келе балалардың өлең
шумақтарын тыңдайық.
6-оқушы:
Дружат в небе облака
Дружит с берегом река
Ведь не даром говорят
Что для дружбы нет преград!
7-оқушы
Я держу в ладожках Солнце
Я дарю его друзьям!
Улыбнитесь – это же просто
Лучик солнце – это Вам!
8-оқушы
Все с друзьями попалам
Поделить мы рады!
Только ссориться друзья
Никогда не надо!
«Хат қоржын» (хаттарға
жауап)
Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп,
келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да
болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл
айтасыздар?
«Сиқырлы орындық»
жаттығуы.
Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының
ұнамды жақтарын айтады.
Көрініс
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен
кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық
нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал
достық.
— Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
— Адал достық – өмірлік нұсқа
болады, амал достықтың өрісі қысқа
болады, –
деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.
Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге
қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашан да бір — біріне жақсы тілек
білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып
тек жақсылық тілеп жүрейік. Ал ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың
соңында қасымыздағы досымызға «Досымның жүрегі» деп аталатын ойын ойнау арқылы
кеудеге тағылған жүрекке бір - бірінің жақсы қасиеттерін жазу. Бәрі
жазып болған соң оқу.