Татулық – достық кілті
(психологиялық тренинг)
9 «a»
сынып
1.Кіріспе
сөз
2. «Мен саған сенемін»
жаттығуы
3. Тақырып
мәні
4. Менің көзқарасымдағы
менің сыныбым
5. Әуенді
терапия
6. «Тілектер»
жаттығуы
7. «Болашаққа
хат»
8. «Балық аулау»
жаттығуы
9. Ұғымдар
жаттығуы
10.
Бейнебаян
11. Достық
жүрекшесі
1.Кіріспе
сөз
Мұғалім
сөзі: — Сәлеметсіздер ме
құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі тренингімізді ашық деп
жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер
ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?!
Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз
төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді
тексерелік.
Бүгінгі тренингімізде біз
біздің сынып жайлы әңгімелесіп, арамыздағы қарым - қатынас туралы
сөйлесеміз. Алдымен тренинг сабағының ережесін еске
түсіреміз.
2. «Мен саған сенемін»
жаттығуы
Әуен ойнап тұрады. Жұп
құрып,бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін.»
ойткені сен жақсы адамсың.
3. Тақырып
мәні
Достық-қасиетті сөз, қасиетті
ұғым.
Досқа деген ыстық сезімімізді,
досқа деген шынайы махаббатымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес...Әр
адамның өмірінің әрбір сәтін қызықты да, қуанышты өткізуіне адал
достың орны бөлек . Қуансаң да, қайғырсаң да үнемі сенің қасыңнан
табылатын адам – ол сенің досың. Сонда ғана тағдыр ұсынған қиын,
қызық өткелдерден досыңмен бірге өмірдің әрбір белестерінен
сүрінбей өтіп, оның бізге сыйлаған бағын мықты ұстап қала аламыз.
Досыңды қадірлей біл, сүйе біл.
Достық – өмір үшін ең қажетті
сезім, достықсыз өмірдің мәні жоқ. Күн нұрындайй төгілген досқа
деген жылулыңымыз бой-бойымызға тарап, бізді өзінің шуағымен
жылытқандай. Өйткені, достық, татулық сыйластықпен жылылықтан
тұрады.
Достық туралы
сұрақтар.
1. Дос сөзін қалай
түсінесіндер?
-
Достық дегеніміз
не?
-
Шын дос қандай болуы
керек?
-
Адал дос және амал дос
туралы не айтасыңдар?
5. Жалған достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
4. Менің көзқарасымдағы – менің
сыныбым
1. «Менің көзқарасымдағы – менің
сыныбым»
2. «Менің сыныбым - мінсіз сынып
»,
3. «Мінсіз сынып болу үшін қандай болу
керек?»
Әңгімелесу.
- Барлықтарың бір сыныпта бірнеше жылдан бері оқып келесі4дер,
кейбіреулерің тіпті бірінші сыныптан оқып келесіңдер. Қазір өз
сыныптарыңның психологиялық климатына баға бересіңдер. Сендер бір -
бірлеріңді түсінесіңдер ме, бір - бірлеріңе қол ұшын бересіңдер ме?
Мектепке не үшін келеді? Біріншіден білім алу үшін, екіншіден
балалармен араласуға. Бұл басты себептер. Кейбір бала
сыныптастарымен қарым - қатынасты орната алмағандықтан мектепке
барғысы келмейді. Қазір сендермен сыныпта әр бала өзін жақсы сезіну
үшін, сыныпта қандай қасиеттер болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
Сыныпта барлығына жайлы болу үшін қандай қасиеттер болу керек деп
ойлайсыңдар?
5. «Әуенді
терапия»:( баяу әуен
ойналады).Көзімізді жұмамыз.Денемізді бос
ұстаймыз.
Тыныштық
сәті...
Барлығымыз екі қолымызды
тіземізге қойып, еркін отырамыз. Көздеріңізді жұмып, ыңғайлы
отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.
Дене дем алады, ал сана-сезім сергиді.
Сіздер, өзен жағасында
отырсыздар «достық еліне» сапар шегіп,
барамыз деп елестетіңдер. Алдымыздан қоңыр жел есіп
тұрғандай, күн шуағы денеңізді
жылытады. Ашық аспан биігінен қарасақ,
ну ормандар мен тоғайлар, көлдер мен шөлдер артта қалып бара
жатқандай. Айнала ұшып жүрген құстар үні, құлақ түбімізден
естіледі, олар біздің аялы алақанымызға қонғысы келгендей,
шырылдап, жер бауырлап, ерсілі-қарсылы ұшады.
Қандай ғажап табиғат,таза
ауа,жұмсақ құм,жылы су!Терең демаламыз,ақырын демімізді
шығарамыз.Біздің басымыз артық ойлардан тазарды.Біз өзімізге күні
бойға жетер жігер,қуат жинадық, біздің көңіліміз көтеріңкі. Біз осы
өмірдегі ең бай, байсалды,білімді,керемет жандармыз! Енді
ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Мінеки
«Достық еліне» де келіп
жеттік. Бір-бірімізғе қуанышты
сезіммен қараймыз.Біз қандай бақыттымыз!Қандай
кереметпіз!
Бүгінгі тақырыбымызға орала
отырып, нағыз кермет достарымыздың мықты жақтарын еске түсіріп,
солардың жақсы жақтарын айтайық.
6. «Тілектер»
жаттығуы.
Қатысушыларға сыныптастарының есімі жазылған жапырақтар таратылады.
Жапырақта есімі жазылған сыныптасына тілек жазу ұсынылады. Жазған
соң жапырақшалар иесіне беріледі. Жазылған тілектер позитивті,
жақсылыққа бағытталған болу керек.
– Өздеріңе қандай қорытынды жасадыңдар. (Әр оқушының пікірін
тыңдау.)
7. «Ойлануға арналған балықтар»
жаттығуы.
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе
«балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды»,
себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен
аяқтайды.
Карточкадағы
сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –
бұл...
Мен мынадай адамдарға
сенбеймін...
Мен ренжимін,
егер...
Мен ұмытпаймын,
егер...
Маған көңілсіз,
егер...
Мен жақсы істей
аламын...
Өзімді жақсы сезінетін
орта...
Ең үлкен
жетістігім...
Мен сенетін үш
адам...
Егер маған
дауыс көтерсе, мен...
Егер мен
сенімсіз болсам, онда...
Жүргізуші:
Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз
қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен
өттік.
Ренжіген, нашар
көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен
сүйенішті қажет етеміз.
8. «Ұғымдар»
жаттығуы.
Сынып сабақтың басындағыдай 4 топқа бөлінеді. Әр топтың бір мүшесі
адамдардың қандай қасиетін бағалайтынын атайды. А3 форматты парақта
келесі сөздер жазылған: Қайырымдылық , Өзара көмек,
Достық,
Әр топқа ватман мен маркерлер беріледі. Топтарға мынадай тапсырма
беріледі:
1. Эмблема немесе белгінің суретін салу.
2. Осы сөздің мағынасын жазу.
3. Бұл ұғымның жақсы жақтары және жаман жақтары.
Ватмандар топтар арасында беріліп, әр топ басқа топтың жұмысын
жалғастырады. Соңында ватмандар бастапқы топқа
қайтарылады.
9. Бейнебаян
(сызат)
10. Достық
жүрекшесі
Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық
сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы
сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық
тілеп жүрейік.