400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері. Тау жыныстарының жасын анықтау. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім 3.

Физикалық география. 3.1. Литосфера

Мектеп: Жамбыл облысы,Шу қаласы, Жамбыл атындағы гимназия

Күні:26.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Примкулова Айгерим

Сынып: 8

Қатысқандар: 17

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері. Тау жыныстарының жасын анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

8.3.1.7.Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды.

8.3.1.8.Тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтау.

Басым бөлігі: тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіну .

Кейбір оқушылар: тау жыныстарының зерттеу әдістерінің ерекшелігінің мәнін шешу.

Бағалау критерийі

-таңдаған тау жыныстары мен минералдардың қасиеттерін анықтайды.

− тау жынысының абсолюттік жасын анықтау жолын түсіндіреді.

- тау жыныстарының зерттеу әдістерінің ерекшелігінің мәнін ашады.

Тілдік мақсаттар


Оқылым, жазылым: Мәтінді оқи отырып тау жыныстары мен минералдардың қасиетін ажыратады, кестеге толтырады.

Тыңдалым: бір-бірінің пікірлерін тыңдайды

Айтылым, жазылым: Оқушылар: Кестені, суреттерді қолдана отырып, тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тау жыныстары. Минералдар.Тарихи геология

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- тау жыныстарының жасын анықтау әдістері қалай жүргізіледі?

-абсолютті және салыстырмалы әдістері несімен ерекшеленеді?

Құндылықтарға баулу



Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану- тау жыныстары,

Химия- минералдардың түзілуі

Алдыңғы білім


7.3.1.1-Литосфераның құрлысы мен заттық құрамы.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, оқушылар зейінін сабаққа шоғырландыру.

1.«Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта қолайлы атмосфера құру.

Көрсетілім арқылы сабақ тақырыбын ашу және бүгінгі сабақтың мақсатын айқындау.

«Түртіп алу» стратегиясы оқушы көрсетілімді көре отырып, өзіне түйінді деген сөздерді дәптерге жазып алады, соныңыан ой бөліседі.

Жетелеуші сұрақтар:

-Көрсетілім бойынша не көрсетілді? Бұлар қалай аталады?

-Олар қандай жолдармен пайда болады және қалай аталады?

-Бүгінгі сабақ мақсаттарын қалай қоюға болады?

Көрсетілім:слайд

«тау жыныстары мен минералдар»

коллекциясы



Сабақтың ортасы


Жж.1-тапсырма

«Тау жыныстары мен минералдар» коллекциясынан тау жынысы мен минералдың бір түрін таңдап алыңыз. Оның қасиеттерін анықтап, кестеге толтырыңыз.

Атауы

Пішіні


түсі

қаттылығы

мөлдірлігі

Жылу

өткізгіштігі

иісі

балқуы










Дескриптор

− таңдаған тау жыныстарының және минералдардың қасиеттерін анықтайды.


ҚБ. «Бас бармақ»


Т. 2-тапсырма: оқулықтың 66-67 бетіндегі геохронологилық кестені пайдалана отырып «Әуе шары» әдісі бойынша талдау. Бұл әдіс оқушылардың проблемаларды салыстырып, олардың салдарына болжам жасау, белгілі бір іс-шараларды жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

1 топ

Геохронологиялық кесте бойынша қатпарлықтар мен олардың жүрген кезеңдерін анықтаныз..


2 топ

Жекеленген материктердің негізін құрап жатқан платформалық құрылымдарды есіне түсір. Оларға қандай жер бедері тән екенін анықтаныз.

3 топ

Атластағы «Минералды ресурстар»картасынан ірі көмір алаптарын табыңыз.Қазақстанда мұндай аудан бар ма? Алаптардың қандай жер бедерінің түріне сәйке келетінің анықтаныз.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Топтық жұмысты бағалау үдерісінде топ арасында жұмыстың екі жақсы жағын және бір тілек (ұсыныс) айту арқылы жұмысты бағалау

С (саралау)

Кестеде берілген минералдардың өзіндік анықтамалық белгілерін анықтау. Жұмысты орындау барысында минералдардың коллекцияларын пайдаланыңдар



Анықтамалық белгіліері

Гранит

Бор

Кварц

Малахит

Мәрмәр

Графит

Түсі







Мөлдірлігі







Жылтырлығы







Иілгіштігі







Қаттылығы







Салмағы







Пайда болу жолы








ҚБ «От шашу»



Қалыптастырушы бағалау 8 сынып

20- бет











http://expert.mektep.kz

География 8 сынып

66-67 беттер
























http://expert.mektep.kz

География 8 сынып

64-бет


Сабақтың соңы


Рефлекция « Жетістік баспалдағы» арқылы жүргізу

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім

баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай

баспалдақта тұрғандығын анықтайды.Баспалдақ тақтаға

стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

DrawObject1 Өте жақсы түсіндім

DrawObject2 Жақсы түсіндім

DrawObject3 Түсіндім

DrawObject4 Аздап түсіндім

ТDrawObject5 үсінбедім




Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралау тапсырмасының мақсаттары оқушылардың деңгейіне сәйкестендіріліп берілді. Саралау мақсатының тиімділігі жеңілден күрделіге қарай құрастырылып, оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Саралау тапсырмаларын орындау барысында төмен деңгейдегі оқушыларға жетелеуші сұрақтар бере отырып жетелеймін. Орта деңгейдегі оқушыларға бағыт –бағдар бере отырып, тапсырманы орындауына көмектесемін.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

«Бас бармақ» әдісі бойынша оқушылардың тапсырмаларды түсініп орындау деңгейі бағаланады. Бас бармақ жоғары қараса-өте жақсы, жанына қараса- жақсы, төмен қараса- әлі де жұмыс істеу керек екендігін айқындайды. Бағалау оқушы мен оқушы арасында жүргізіледі.


«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылардың материалды игеру деңгейін ынталандыру, мадақтау және тілек пен ұсыныстар айту арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында өтіп отырады.

«От шашу» әдісі арқылы оқушылар орындалған тапсырмалар қорытындысы арқылы қол шапалақтау арқылы бірін-бірі бағалайды.


Пәнаралық байланыстар: жаратылыстану- жер қыртысының түзілуі мен тау жыныстарының түрлері, химия пәні бойынша минералдар мен тау жыныстарының түзілу заңдылықтарын еске түсіру.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Тау жыныстары мен минераладар( суреттер топтамасы)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
3872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі