(Ұ)Тапсырма-1
«Байланыстыр» әдісі.
Оқулықтың суреттерге
мұқият қараңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Жұмыс
дәптеріндегі жылы түсті жұлдыздарды қызыл сызықпен байланыстыр.
Суық түсті жұлдыздарды көк сызықпен байланыстыр.
-Суреттерден көріп
тұрған түстерді ата.
-Олар неліктен жылы
түстер деп аталған?
-Суық түстердің
астындағы суреттерге қара.
-Олар неліктен суық
түстер деп аталған?
Дескриптор:
- Оқулықтағы түстерді
талдайды.
- Жұлдыздарды сызықпен
дұрыс байланыстырады.
Саралаудың «Қарқын»
тәсілі жүреді.
Қарқыны жылдам
оқушыларға: сұрақтар
беріледі.
-Қазіргі жыл мезгілін
қандай түстер үйлесімімен бейнелей алатыныңды тиісті
қарындаштарыңды көтеріп көрсет.
Қарқыны
баяу оқушыларға қосымша
уақыт беремін.
ҚБ:«Қарындаштар» әдісін
қолданамын.
Жасыл
- Түстерді талдап, жұлдыздарды сызықпен дұрыс байланыстыра
алса;
Сары
- Түстерді талдап, жұлдыздарды сызықпен дұрыс байланыстыруда
көмек қажет болса;
Қызыл - Түстерді талдауда,
жұлдыздарды сызықпен дұрыс байланыстыруда
қиналса.
Сергіту сәтінде
қарындаштарды алып өлең мазмұнына сәйкес қимылдар
жасайды.
Мынау сары қарындаш
Мұнымен күнді
бояймын,
Мынау қоңыр қарындаш
Мұнымен құмды
бояймын
Мынау жасыл қарындаш
Мұнымен гүлді
бояймын
Мынау көкшіл
қарындаш
Мұнымен суды бояймын
Мынау түрлі қарындаш
Мұнымен үйді бояймын
(Т)Тапсырма-2.
«Салыстыр» әдісі.
Суретшілердің
жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауап бер. Пікіріңді
дәлелде.
- Екі суретшінің
жұмысының қайсысы жылы түстер үйлесімімен салынған?
Суретте.
- Ал қайсысы суық
түстер үйлесімімен салынған? Суретте.
-Суреттердегі түстер
үлесімі қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?
Саралаудың
«Тапсырма» тәсілі қолданылады.
Кейбір
оқушыларға:
-Қай суретте тал түс,
қай суретте кешкі мезгіл бейнеленгенін тап.
Дәлелде.
ҚБ:«Жұлдызша» әдісі
қолданылады.
Үлкен
- Сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін дәлелдей
алса;
Орташа
- Сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін дәлелдуде көмек қажет
болса;
Кіші - Сұрақтарға жауап
беруде, пікірлерін дәлелдеуде қиналса.
(Д)Тапсырма-3.
«Жасап көр» әдісі.
- Таудың кқрінісін
сәйкес түстермен бояп, жұмысты аяқта.
-Жыл мезгілдеріне
сәйкес келетін түстерді төртбұрыштардың ішіне жағып
шық.
-Көктем және жаз
мезгіліне сәйкес келетін түстермен композицияларды
боя.
Дескриптор:
- Кілемшелерді бояп,
жұмысты аяқтайды.
-
Сәйкес
түстерді төртбұрыштардың ішіне жағады.
- Сәйкес түстермен
композицияларды бояйды.
Саралаудың «Диалог
және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.
Кейбір
оқушыларға қосымша сұрақтар
беріледі.
-Өзіңнің жұмысың жайлы
айтып бер.
-Достарыңның жұмысы
туралы не айтасың?
Көмек қажет ететін
оқушыларға қолдау көрсетіледі.
ҚБ:«Дөңгелектер» әдісі
қолданылады.
Жасыл – тау суретін бояп,
сәйкес түстерді төртбұрыштардың ішіне жағып,
композицияларды бояй
алса;
Сары
- тау суретін бояп, сәйкес түстерді
төртбұрыштардың ішіне жағып, композицияларды
бояуда көмек
қажет болса;
Қызыл - тау суретін бояуда,
сәйкес түстерді төртбұрыштардың ішіне жағуда,
композицияларды бояуда
қиналса.
|