Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:

Қизатуллаева Лейла Дулатқызы

Күні:

27.02.2025

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Таяқшаның, құтышаның және түкті жасушалардың құрылымы мен қызметі

Оқу мақсаты:

8.1.7.3 көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

Сабақтың мақсаты:

1.Таяқша, құтыша және түкті жасушалардың құрылысын сипаттау.

2.Олардың негізгі қызметтерін түсіндіру (көру және тепе-теңдік сақтау).

3.Ағзадағы маңызын талдап, олардың жұмыс істеу механизмін түсіндіру.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

I.Сабақтың басы

1.Ұйымдас-тыру кезеңі

(7 мин)






Жаңа сабаққа кіріспе

(4 мин)

Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.


«Дифференциалды бағалау» әдісі:

1-топ. Сәйкестендіру тапсырмалары.

2-топ. Биологиялық диктант.

3-топ. Тест жұмысы.




Қызықты дерек” әдісі – таңғажайып фактілер

Көру рецепторлары туралы қызықты деректер:

1.Адам көзі шамамен 10 миллион түсті ажырата алады, бірақ кейбір жануарлар, мысалы, асшаяндар, 16 түсті ажыратады.

2.Түнде жақсы көруімізге көмектесетін таяқша жасушалары жарықтың аз мөлшерін де сезе алады, сондықтан қараңғыда пішіндерді ажырата аламыз.

3.Түсті көру қабілеті құтыша жасушаларының үш түріне байланысты: біреуі қызыл, екіншісі жасыл, үшіншісі көк түстерге сезімтал.

4.Адамның қарашығы тек жарыққа ғана емес, эмоцияларға да әсер етеді – қорыққанда немесе қуанғанда кеңейеді.

5.Кейбір адамдарда (тетрахроматия) төртінші типті құтыша жасушалары болады, олар қалыпты адамдарға қарағанда көбірек түстерді ажыратады.

Есту рецепторлары туралы қызықты деректер:

1.Адам құлағы 16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі дыбыстарды қабылдайды, бірақ иттер 40 000 Гц-ке дейін, ал жарғанаттар 100 000 Гц-ке дейін ести алады.

2.Құлақтың ішкі бөлігіндегі түкті жасушалар дыбыс толқындарын жүйке сигналдарына айналдырады, ал олар зақымданса, есту қабілеті нашарлайды.

3.Есту жүйкесі секундына 1000-нан астам импульс жібере алады, осылайша ми жылдам түрде дыбысты таниды.

4.Құлақ тек есту мүшесі ғана емес, сонымен қатар тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.Вестибула аппараты дененің қозғалысы мен орналасуын анықтайды.

1.Сәйкестендіру тапсыр-масын орындайды.

2.Биологиялық диктантты толықтырады.

3.Жеке тест тапсырмаларын шешеді.


Қандай қызықты мәліметтер байқағандық- тарын айтады.

«Бас бармақ» әдісі









«Жарай сың!» деген мадақтау сөзімен ынталан-дыру.

Слайд.












Интерак- тивті тақта.

II. Сабақтың ортасы

(25 мин)

1-топ: Көру рецепторлары (Таяқша және құтыша жасушалары)

Көздің тор қабығындағы таяқша және құтыша жасушаларының құрылымы мен қызметін зерттеп, плакатқа сызбамен түсіндіру.

Таяқша мен құтыша жасушаларын салыстырып, олардың ерекшеліктерін кесте түрінде көрсету.

2-топ: Есту рецепторлары (Түкті жасушалар)

Ішкі құлақтағы түкті жасушалардың құрылысы мен қызметін сипаттау.

Вестибула аппараты мен ұлуденедегі түкті жасушалардың айырмашылықтарын плакатта көрсету.

3-топ: Сәйкестендіру және қорытындылау

Көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметін сәйкестендіретін диаграмма немесе Венн диаграммасын жасау.

Барлық топтардың жұмысын біріктіріп, қорытынды плакат жасау.

Топтық жұмыс, берілген тақырыпқа плакат жасайды. Тақырыпты толық қамтиды, талдайды.

?Бағалау критерийлері:

Дұрыс ғылыми ақпарат беру

Сызбалар мен кестелердің анықтығы

Плакаттың көрнекілігі мен мазмұндылығы.



«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталан-дыру.

Презентация, сызбалар, А3 қағаз, маркерлер.

III. Сабақтың соңы


1.Бекіту

(7 мин)
















































2.Рефлексия

(2 мин)

Жұмбақ шешу арқылы меңгеру” әдісі

1.Қараңғыда көремін, жарықта әлсізденемін, көз торында тұрамын. Мен кіммін?

(Таяқша жасушалар)

2.Жарыққа сезімтал, түстерді ажыратамын, көздің ішінде тұрамын. Мен не?

(Құтыша жасушалар)

3.Құлақ ішінде тұрамын, дыбыс дірілін сеземін, миға хабар жіберемін. Мен кіммін?(Түкті жасушалар)

4.Көру мен есту – менің жұмысым, менсіз ақпарат жетпейді. Мен не?

(Рецепторлар)

5.Толқын келсе тербелем, есту үшін керекпін, ішкі құлақта тұрамын. Мен кіммін?

(Есту түкті жасуша-ы)

6.Тор қабықта тұрамын, түстерді де сеземін, анық көру – міндетім. Мен кіммін?

(Құтыша жасушалар)

7.Көзбен көремін, құлақпен естимін, бірақ өзімсіз мүмкін емес. Мен не?

(Сезім мүшелері)

8.Қараңғыда жақсы көремін,

Жарықта әлсізденемін.

Тор қабықта тұрамын,

Көру үшін қызмет етемін. Мен кіммін?

(Таяқша жасушалар)

9.Түстерді анық ажыратам, Күндіз белсенді болам. Тор қабықтың тұрғынымын, Көру үшін керек болам. Мен не?

(Құтыша жасушалар)

10.Дыбыс келсе қозғалам, Толқынды сезіп ойналам. Есту үшін қажетпін, Қай жасушамын, ойланам?

(Түкті жасушалар)

11.Сигналды жүйкеге жеткізем, Құлақта тербелем, Менсіз есту қиын-ау, Қалай ойлайсың, мен кім-ау?

(Есту рецепторлары)

12.Толқын келсе мен тербелем, Дыбыс болсын мен үшін,

Ұлуденеде тұрамын,

Қалай ойлайсың, мен кіммін? (Ішкі құлақтың түкті жасушалары)


«Данышпан үкі» әдісі.

3 топқа 4 жұмбақтан беріледі. Жұмбақтарды дұрыс шешсе бүгінгі сабақты меңгергендіктерін білуге болады.











































Оқушылар

бүгінгі сабақтың

мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына

қарай, өз түсінгенін, пікірін,

өз ойын айту арқылы сабаққа  қорытынды жасайды.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталан-дыру.














































«Жақсы, түсінікті, жарайсың» т.б мадақтау сөздері.

Слайд






















































Үй тапсырмасы


Үйде орындайды.

Жазбаша тексеру

Оқулық, интернет ресурстар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2025
101
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі