400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін біледі Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрайды Жіктік жалғауларының қолданысын біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп

№5 мектеп-лицей

Бөлім

Қоршаған ортаны қорғау

Педагогтің аты-жөні

Артықбай Д.М

Күні:

13.02.2026ж

Сынып:4 а

Қатысушылар саны:21

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№85 Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі 1-6 жаттығулар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

4.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрау

4.4.2.2 жіктік жалғауларының қолданысын білу

Сабақтың мақсаты

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін біледі

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрайды

Жіктік жалғауларының қолданысын біледі

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйек сөз: «Шығармашыл бала – ойлы бала»

Құндылық: Құндылықты түсіну адам өміріндегі еңбек, отбасы, қоғамның.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ширату жаттығуларын жасату.

Бізде жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз

Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз,

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Өткенді қайталау

1.Септіктерді ата.

2.Атау септік сұрақтарын ата.

3. Кімге? неге? Кімдерге? Нелерге? Қайда деген сұрақтарға жауап беретін қай септік?

4.-ны,-ні,-ды,-ді,-ты, -ті жалғаулары қай септіктің жалғаулары?

5.Кімде? неде? Кімдерде? Нелерде? Қайда? деген сұрақтарға жауап беретін қай септік?

6.-ның, -нің, -дың, -дің, -тың,-тің жалғаулары қай септіктің жалғаулары?

7.Кімнен? неден?кімдерден? нелерден? Қайдан? деген сұрақтарға жауап беретін қай септік?

8. -мен,-бен,-пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатын қай септік?

Мұғалімнің тапсырмасын орындайды.







Бағалау: «Менің уақытым»

компьютер, модем, теледидар, ұялы телефон суреттері

Сабақтың ортасы

10 мин



ФС 1 – тапсырма Жұптық жұмыс

«Түсініп оқу » әдісі.

ОДД:білу,түсіну,қолдану

«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Ай құндылығы: жасампаздық және жаңашылдық

Апталық дәйек сөз: «Шығармашыл бала – ойлы бала»

Құндылық: Құндылықты түсіну адам өміріндегі еңбек, отбасы, қоғамның

.Нұсқау Тыңда. Тыңдау барысында мәтіннің негізгі тұстарын тірек сөздермен белгіле.

Белгіленген тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын бір-біріңе айтып беріңдер.

Тірек сөздер қатарын толықтырып, "Мен адамның досымын" деген тақырыпта монолог құрап жаз.

Мен адамның досымын

Мен қарлығашпын. Менің тұмсығым қысқа, қанатым ұзын. Мен айырқұйрықты құсын және адамның досымын. Адамдарға пайда келтіремін. Оларға зиянды жәндіктерді ұшып жүріп ұстаймын. Адамдар менің жанашырым. Олар менің ұямды бұзбай, қамқорлық көрсетеді.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің тәуелдеулі зат есім екенін дәлелдеп көр.

Ұясын, қуыстарына, бұрыштарына, ұясы.

Саралау тапсырмасы

1.Берілген сөзді ілік, барыс, табыс септіктерінде жаз:
кітап + ым (менің кітабым)

Ілік: __________________

Барыс: __________________

Табыс: __________________

2.Дұрыс нұсқаны белгіле:

Мен кітабым-ды оқыдым.

Мен кітабым-ға оқыдым.

3.Сөйлемдерді толықтыр:

Мен мектепке бара___ .

Сен досыңа көмектес___ .

Біз тапсырманы орында___ .

Тыңдау барысында мәтіннің негізгі тұстарын тірек сөздермен белгілейді.

Белгіленген тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын бір-біріне айтып береді.

Тірек сөздер қатарын толықтырып, "Мен адамның досымын" деген тақырыпта монолог құрап жазады.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің тәуелдеулі зат есім екенін дәлелдеп көреді.



Бағалау критерийі

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, монолог құрайды

Дескриптор:

Тыңдау барысында мәтіннің негізгі тұстарын тірек сөздермен белгілейді. 1балл

Белгіленген тірек сөздер арқылы мәтін мазмұнын бір-біріне айтып береді. 1балл

Тірек сөздер қатарын толықтырып, "Мен адамның досымын" деген тақырыпта монолог құрап жазады.1 балл

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің тәуелдеулі зат есім екенін дәлелдеп көреді.1балл

Саралау тапсырмасын орындайды 1 балл


Оқулық, дәптер




5мин

Сергіту сәті


Балалар бірге орындайды

Жарайсыңдар


10 мин









ҚБ 2,3-тапсырма Жұптық жұмыс

«Көшіріп жаз» әдісі

ОДД:білу.түсіну

Нұсқау: Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Қарлығаш төбеде( з.е.,ж.с) қонақтап отыр.

2. Ол ұясын үйдің төбесіне( з.е.,б.с) салады.

3. Жұмыртқаны( з.е.,т.с) тоңазытқышта сақтайды. 4.Көкек жұмыртқасын( з.е.,т.с) кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді.

5. Балапан ұяда( з.е.,ж.с) не көрсе, ұшқанда соны іледі. 6.Торғай ұясында(з.е.,ж.с) қонақтап отыр.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Олардың қай септікте тұрғанын айт. Не байқадың?


Зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстырып оқы.

Тәуелденіп септелгенде қай септіктердің жалғаулары өзгерді? Оларды жеке жаз. Септік жалғауларының астын сыз.

I II III

Б.с. әжеме әжеңе әжесіне

құсыма құсыңа құсына

Т.с. әжемді әжеңді әжесін

құсымды құсыңды құсын

Ж.с. әжемде әжеңде әжесінде

құсымда құсыңда құсында




Суретке қарап, ақпаратты қолданып, қандай ауа райында сабақ болмайтынын хабарлайды.

Дайындаған хабарламаны қатесіз жазады.

Септік жалғауында тұрған сөздерді анықтап, астын сызады

Бағалау критерийі Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін біледі

Дескриптор:

Сөйлемдерді көшіріп жазады.1 балл

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдап, олардың қай септікте тұрғанын айтады.1балл




оқулық







10 мин

ҚБ 4,6-тапсырма Жұптық жұмыс

«Көшіріп жаз» әдісі

ОДД:білу.түсіну

1 жұп Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жаз.

Дәптеріме, ініме, әкеме, ұлыма, атама, досыма

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.

Дәптеріме бүгінгі күнді жаздым. Ініме доп сатып әпердім. Әкеме қолорамал сыйладым. Ұлыма зергерлік бұйымдар жасауды үйреттім. Атама әкем жылқы берді. Мен досыма тек жақсылық тілеймін.

2 жұп Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Күндіз төбеңе шығады,

Түнде шегеге шығады. (Бөрік)

Барыс септіктегі сөздерді тауып, өзара салыстыр. Жалғауларының әртүрлі болу себебін түсіндір.

Төбе -не?/з.е; -ң тәу.ж II жағы, -е б/с жалғауы. Себебі тәуелдік жалғауының екінші жағынан соң барыс септігінің жалғауы өзгереді. -а -е болып.

Шеге -негізгі түбір зат есім, -ге б/с жалғауы. Себебі түбір сөзге тікелей жалғанады.


Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жазады.

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.

Жұмбақты оқып, шешуін табады.

Барыс септіктегі сөздерді тауып, өзара салыстырады. Жалғауларының әртүрлі болу себебін түсіндіреді.


Дескриптор:

Берілген сөздерді барыс септігіне қойып жазады.1балл

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды. 1балл

Барыс септіктегі сөздерді тауып, өзара салыстырады. Жалғауларының әртүрлі болу себебін түсіндіреді.1балл






Сабақ

тың соңы

5 мин


-Рефлексия: «Менің уақытым» әдісі бойынша өтеді.


Оқу тапсырмасы: 5-жаттығу


Сабаққа кері байланыс жасайды.

Жинаған балдары бойынша рефлексия жасайды.

Үй тапсырмасын жазып алады











































№5 мектеп-лицей











Тақырыбы: «Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі»











Өткізген:Д.М.Артықбай















2025-2026 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2026
23
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі