Материалдар / "Тәуелсәз елдің ұландарымыз" 2- сынып

"Тәуелсәз елдің ұландарымыз" 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік тақырыбын оқушыларға кеңінен түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
594
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:

Мектеп директоры директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

__________ Г.З.Кембебаева ___________А.Сейсеке





«Бірлік орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі





Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұландарымыз!»

(зияткерлік сайыс)







Сынып жетекшісі: М.Шілдебай

Сыныбы: 2«Ә»









Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұландарымыз!»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: "Зерде" зияткерлік ойын сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: тапсырма жазылған кітаптың суреттері, асық, ребус, сөзжұмбақ, Астананың айшықты жерлерінің суреттері, рәміздер, тақырыптың аты, сөздер: Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый

Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру.
І топ - Желтоқсан тобы, ІІ топ - Тәуелсіздік тобы


Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Бүгін ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны! 

Сабағымызды бастамас бұрын ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
Мұғалім:
Қазақстан көк байрақтың нұры едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіреп көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұстап туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

- Балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке? - 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.
- Желтоқсан оқиғасы туралы сен не білесің?
- Ол туралы біз көп білмейміз ғой, себебі сол кезде біз дүниеге де келген жоқпыз. Ол туралы теледидардан, ұстаздардың айтуынан, кітаптардан оқып жүрміз.

- Сол кезде неге қазақ студенттері алаңға шықты деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Г. Колбиннің сайлануына қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Мұның соңы немен аяқталды, сен білесің бе?

- 1991 жылғы 16 – желтоқсан. Жастар алаңға жиналды. Аяз қысып, қыс қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Жүздеген адамдар жарақат алды. Ұсталғаны сотталды. Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді. Бірнеше күн Алматы қаласының барлық қалаларымен байланысы үзілді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Өскемен қаласына да жетті. Студент жастар қала орталығындағы "Ушанов" алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін қолдаған Сәбира Мұхаметжанқызы да болған. Сәбира үйіндегі кенжесі. Жазықсыз балағаттап, ұрып - соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жіберген.
Сол кездегі желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар - нағыз қаһарман, ержүрек, адамдар деп мойындау керек. Сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған жастарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысына кеудесін тосып қорғаған, жандары тек шындық деп шырқыраған Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттар сол кезде қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешті. Осындай қайсар рухты аға - апаларымызға құрмет көрсету, олардың ерлігін үлгі ету біздің міндетіміз.

ІІ. Шағын видеоролиикке назар аударсақ!

ІІІ.Оқушылар дайындаған шағын әдеби монтажға кезек берсек
Биыл , міне, осы аға-апаларымыздың арқасында бейбіт күн кешіп, егемендік алып отырмыз. Ендеше осы боздақтардың құрметіне 1 минут үнсіздік жариялайық.

Елбасымыз айтқандай, «Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында», тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған зияткерлік сайыс-ойынымызды бастайық.
Оқушыларға ұшқыр ой, сәттілік тілеймін!
4. Әр топ өздерін таныстыру
«Білім» тобы
Ұраны: Білімді бірді жығар
Білекті мыңды жығар

«Бүркіт» тобы
Ұраны: Ұшқыр ой тілден жүйрік
Әділқазылар алқасын сайлау: Тәрбие ісінің орынбасары: Сейсеке Ахын және бастауыш сынып мұғалімдері.
сандықтың ішінен төңкерілген екі асықтың бірін таңдайды.
І. Ойын шарттарымен таныстыру
ІІ. Негізгі бөлімдер
• Ойлан тап
• Білгенге маржан
• Сөзжұмбақ
• Көңілді ребус шешу
• Математика
• Арнайы сұрақ

І. Ойлан тап
1 минут ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан бересіздер.
1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)
2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә)
4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)
5. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді ме? (иә)
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)
7. Бәйтеректің биіктігі 97 метр ме? (иә)
8. Ұлтына қамқор Елбасы атты сынып сағаты өтті ме? (иә)
9. Қайрат Рысқұлбеков жазушы ма?( жоқ)
10. Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев желтоқсанның қарлығаштары ма?(иә)

ІІ. Білгенге маржан
6 конверттің біреуін таңдайды. Конверттің ішінде сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап береді.
1 - конверт Астана
Астанадағы қандай айшықты орындарды білесің?

2 - конверт Рәміздер
Қазақстан Респупликасының мемлекеттік рәміздерін ата.

3 – конверт. Батырлар
Желтоқсанның қарлығаштарын ата.

4 – конверт Хандар
Қазақ хандығын ең алғаш құрған қай хандар?
Керей хан мен Жәнібек хандар

5 – конверт Тәуелсіздік
Тәуелсіздік күнін ата.

6-конверт Президент

Президент Н.Назарбаев қашан сайланды?

ІІІ. Сөзжұмбақ «Отан»

 Екі топ бір - біріне дайындап әкелген сөзжұмбақтарын шешеді.

ІV. Мәңгілік ел ақырыбына эссе жазу 3 сөйлем.

V. Математика
Логикалық сұрақтарға кезектесіп жауап беру
1. Апта күндерінің қайсысы "ма" буынымен аяқталады? (жұма)
2. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (қыздар екеу, ұлдар екеу!
3. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға оралды. Мұзайдында қанша бала болды?
VІ. Арнайы сұрақ 


VІІ. Қорытынды: Жинаған ұпай сандары есептеліп, орындар анықталды.
І – орын – «Білім» тобы ІІ - орын «Бүркіт» тобы
Ән: Тәуелсіз елдің ұланы!
Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есе сақтайық.
Жеңімпаз командаға сыйлық беру. Астана кітабын сыйға тарту

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ