Материалдар / "Тәуелсі елім-Қазақстан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсі елім-Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік мерекесіне арналған мерекелік іс-шара
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«І. Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ










Мерекелік іс-шара


Тақырыбы: «Тәуелсіз елім-Қазақстан »






Сыныбы: 4 «Г»

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Қасенова Г.С









«І.Жансүгіров атындағы №130 гиназия» КММ

Мерекелік іс шара тақырыбы: “Тәуелсіз елім-Қазақстаным ” Мақсаты: Білімділік:Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні туралы түсінік беру; Дамытушылық: танымдылық қабілетін арттыра отырып,балаларды ұлттық сезімге баулу. Тәрбиелік: Балаларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; Көрнекілігі: рәміздердің суреті, слайд,Қазақстан туралы әндер. Сыныбы: 4 «Г» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Әнұранды орындау. Әнұран туралы оқушылар тақпақ айтады. Али Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Аня Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
. Айым Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам


МАУЛЕН АЙЗЕРЕ -Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекемізге арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз!

-Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.

-Good day, boys and girls. We are glad to see you. You are welcome, dear children and our guests. Today we are talking about our Republic – Kazakhstan.

- Сегодня у нас большой праздник – День независимости нашей Родины! Казахстан – наша родная земля, наше наследство. Красив, богат Казахстан – страна древнего народа.

Ой қозғау Балалар, айтыңдаршы “Отан” дегеніміз не? Отан ол біздің туған жеріміз. тұратын жеріміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?


Тимур
Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным қазақстаным
Айару Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Милана Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.
Доминика Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
                                                                         Р.Айзере Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.
Амина Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Сабир
Отан - деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға
Әлібек
Жасасын азат ерлік күн,
Жасасын бейбіт елмен жер,
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.

Алена Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Дарина Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел
Нұрбақыт Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім. Отан оттанда ыстық дегендей, бүгінгі мерекмізге арналған 
«Алға Қазағым» биін қабыл алыңыздар! Математикалық сөзілгек әдісі. Оқушылар есепті шешу арқылы, мерекелерді біледі. 3800:2+91 =1991 (Тәуелсіздік алған жыл) 996*2+3 =1995 (Жаңа конституция қабылданған жыл) 4000:2-8   =1992   (ҚР Рәміздері қабылданған жыл) 800*2+393 =1993 (ҚР ұлттық ақшасы нарыққа енген жыл) 575:23  =25        (25 қазан республика күні) (15*3)-29 =16  (16 желтоқсан тәуелсіздік күні) 

Қарлы кесек әдісі. Оқушылар кезек-кезек қардың ішіндегі сұрақтарды алып оқып ,сұрақтарға жауап береді. 1. ҚР — сы қандай мемлекет? Тәуелсіз мемлекет 2.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазды? Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов. 3.Қазақстанның ірі қалаларын ата? Алматы, Астана, Түркістан, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Тараз, Талдықорған. 4. Білім күні 1-ші Қыркүйек 5.ҚР — ң тұңғыш ұшқышы кім? Тоқтар Әубакіров 6.Мемлекеттік тіл Қазақ тілі 7.ҚР қазіргі Президенті кім? Қасым Жомарт Тоқаев 8.Тілдер мерекесі қай күн? Тілдер мерекесі 22 қыркүйек 9.Қазақтың музықалық аспаптарын ата? Домбыра , Сыбызғы, қобыз, сазсырнай 10.қазақтың ұлттық тағамдары? бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ 11.Бие сүтінен дайындалған қышқыл сусын. Қымыз 12.Абай Құнанбаев кім ? ақын ,жазушы 13.Түйе сүті Шұбат 14.Қазақстанның астанасы қай қала? Астана қаласы 15.Жыл мезгілдерін ата күз, қыс , көктем, жаз

Мақалдарды жалғастыр ойыны. 1. Оқу білім бұлағы….. (білім өмір шырағы) 2. Өнерлінің қолы алтын,…. (өлеңшінің сөзі алтын) 3. Еңбек етсен ерінбей,… (тояды қарның тіленбей) 4. Отан — қуат… (Отбасы — шуақ) 5. Ұланы бар елдің… (ұраны бар) 6. Ер жігіт ел үшін туады… (ел үшін өледі) 7. Білекті бірді жығады,… (білімді мыңды жығады) 8. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол) 9. Қыз өссе елдің көркі,… (гүл өссе жердің көркі) 10. Жері байдың… (елі бай) 11. Жақсыдан үйрен,….(жаманнан жирен) 12. Ердің атын… (еңбек шығарады) 13. Мың малын болғанша,… (бір балан ғалым болсын) 14. Отансыз адам.....( ормансыз бұлбұл)

Сөздерді тауып, әр түске боя

А У А Қ Ы Н К С

Т Ж П Ұ Л Ы Ө Ү

Қ О Л Ж А З Б А

М Ұ Р А Ң У П Н

Ы Н Ғ Т Ж Ә С Д

М А Қ Т А Н Ы Ш

Құжат, жазба, мақта, жол, ұлы, мұра,



«Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны Жерді көрдім қаласы бар Үйлері жоқ мекендейтін, Көлді көрдім, өзен көрдім Сулары жоқ терең дейтін (Карта)

Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама (Кітап)

Екі аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты (Велосипед)

Күндіз білінбейді, Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)

Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді (Ұстаз)

«СӨЗ ойла, ТЕЗ ОЙЛА» жарысы . Жаңа сөз жасалып тұр. Түбірге қосымша жалға ОҚУ :::::::::::(оқушы, оқулық, оқудың) ЖАЗ:::::::::::(жазған, жазда, жазушы) ГҮЛ:::::::::(гүлде, Гульмира, гүлді) БІЛ:::::::::(білімді, білдім, білу) ЖАС:::::::::::(жастық, жасадым, жаса)

Кім жылдам? Ас атасы-.....нан Құстың баласы-......балапан Біздің мемлекетіміз-......Қазақстан Қоршаған орта-......табиғат Ас сөзіне мәндес сөз-......тағам Суық ақ ұлпа-.......қар Менің ұлтым-.......қазақ, орыс, ұйғыр, татар, кәріс Жыл мезгілі-......қыс Екі адамның әнмен жарысы-.....айтыс Қос ішекті-......домбыра Тәуелсіз-.......мемлекет Былғары зат-.....етік Ағаштан жасалған зат-......бесік Еңбекқор жәндік-.......құмырсқа

Жұлдызқұрт” әдісі Тәуелсіздікке байланысты сөздерді үш тілге аудар История, тарих, History Гимн, әнұран, Anthem Флаг, ту,Flag Монета, тиын, Coin Герб, елтаңба, emblem Глава государство, елбасы, Head of state Столица, Астана, Capital Граница, шекара, The border Независимость, тәуелсіз,Independence Победа, жеңіс, Victory Мұғалім: Қазақстан көк байрақтың нұры едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым тірегім.

Хор Ескендір Хасанғалиев « Атамекен» әні» АНТ Мен,Қазақстан Республикасының азаматы -Өз Отанымды сүюге - Білімді болуға -Салт-дәстүрді сақтауға -Елімді, жерімді, елбасын құрметтеуге -Ата Заңды орындауға -Еліміздің Туын, Елтаңбасын, -Әнұранын, тілін қастерлеуге АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

МАУЛЕН АЙЗЕРЕ –Dear children. I am glad to see that you were very active at our discussion. Thank you for your attention. Good luck and good-buy! Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить и защитить казахскую землю от врагов и передать её в наследство нам - ныне живущим! Вы самое дорогое богатство нашей страны, это от вас зависит в дальнейшем, чтоб наш Казахстан был сильным, свободным и счастливым! Мұғалім: Балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз бар. Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың тірегі сендерсіңдер. Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты мерекелік іс-шарамызды тамашалағандарыңызға рахмет!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!