Сабақ тақырыбы:
|
Тәуелсіздік- тұғырым,
егемендігім елдігім
|
Сілтеме:
|
Интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар,
стикерлер.
|
Жалпы мақсаттар,
мен міндеттер:
|
Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы
ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен
таныстыру.
Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді
құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін
аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
Патриоттық тәрбие беру. Сөздік
қорларын арттыра отырып, бірлесіп жұмыс жасай білу дағдыларын
жетілдіру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар өз елі туралы мағлұмат бере алады, өз
елінің тарихына үңіле отырып, тани біледі.
Ойларын жинақтап, жаңа ой
қорытып шығара алады. Топтық жұмыстар жүргізу негізінде тәрбие
сағатына деген қызығушылықтары артады.
|
Әдістері
|
Миға шабуыл, автор орындығы, кім тапқыр, бинго
ойыны,кері байланыс.
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті:
|
Оқушы іс-әрекеті:
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Мозайка» әдісі
|
«Мозайка» әдісі бойынша
сыныпқа психологиялық дайындық жасау және сыныпты екі топқа
бөлемін.
«Мозайка» әдісінде Тәуелсіз
Қазақстан мемлекетінің суреттері мен сұрақтары
берілген.
|
«Мозайка» әдісі бойынша сыныпқа психологиялық
дайындық жасалынады және сынып екі топқа
бөлінеді.
«Мозайка» әдісінде Тәуелсіз
еліміздің суреттері мен сұрақтарына жауап
береді.
|
Тарихи шолу
«Кім тапқыр» бинго ойыны
|
Топтық жұмыс
Оқушыларға бинго ойыны арқылы сұрақтар
қоямын.
–
Қазақ КСР-інің егемендігі
туралы Декларация қай жылы қабылданды? 1990 ж. 25
қазанда
-
Семей полигоны қай жылы
жабылды? 1991 жылы 29 тамызда
-1991 ж. 2 қазанда ғарышқа ұшқан қазақтың тұңғыш
ғарышкері? Тоқтар Әубәкіров
-ҚР тұңғыш президенті қашан сайланды?1991 ж. 1
желтоқсанда
-
Қазақстан Республикасы
Біріккен ұлттар ұйымына қашан мүше болды?1992 ж. 2
наурызда
- ҚР Қарулы Күштері қай жылы
құрылды? Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі
мемлекеттік рәміздерді қабылдады. 1992 ж. 7
мамырда
- Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы –
Конституция қай жылы қабылданды? 1993 ж. 28
қаңтарда.
-1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында
ерекше күн болып қалды неліктен? Осы күннен бастап ұлттық валютамыз
– Теңге айналымға енді
- Қазіргі Ата Заңымыз – жаңа
Конституция қашан қабылданды? 1995 ж. 30
тамызда
-Алматы қаласында Тәуелсіздік
монументі қай жылы ашылды?1996 ж.
- Қай жылы Ақмола қаласы Қазақстан
Республикасының астанасы ретінде жарияланды? 1997 ж. 10
желтоқсанда
-Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы
болып қай жылы өзгертілді. 1998 ж.
|
Оқушылар тәуелсіздік жолында
тарихи шолу жасайды
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді
|
Сөзжұмбақ шешу
|
Топтық жұмыс
І топ: «Отан» сөзжұмбақ
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы
(Достық)
2. Елордамыз қай қала? (Астана)
3. Біз қай ұлтпыз? (Қазақ )
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің
бірі (Әнұран)
ІІ топ: Топтастыру.
«Қазақстан»
|
Әр топ өздеріне берілген
тапсырмаларды орындайды.
|
Видео ролик көрсету.
|
«Менің тарихым» тақырыбында
бейнеролик көрсету.
Сұрақтары:
Балалар мына бейне роликте не
байқадыңдар?
|
Оқушылар бейне роликті көріп, сұраққа жауап
береді
|
Постер қорғау
|
«Менің қиялымдағы Отаным» тақырыбында постер
қорғайды және бірін бірін бағалайды.
|
Әр
топ өздерінің жасаған постерлерін қорғайды.
|
«Автор орындығы» әдісі
|
1-топ:
«Тәуелсіз қазақ елінің
ұланымыз» тақырыбында эссе жазу
2-топ:
«Тәуелсіз қазақ елінің
ұланымыз» тақырыбында өлең шумақтарын
құрастыру.
|
Оқушылар автор орындығында үздік шығарманы
оқиды.
|
Қорытынды
|
Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ
елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді
алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай
құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола
берсін!
Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір
туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей
берсін!
Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар
білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге
рахмет!
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы
ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін,
ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді!
Осымен сабағымызды музыкалық қоштасумен
аяқтаймыз.
|
Кері байланыс
|
О
қушылар сабақтан алған әсерлерін жазып
шығады.
|