Материалдар / Тәуелсіз -елдің тірегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз -елдің тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Мектепалды даярлық тобына арналған. Қазақстан елінің Тәуелсіз мерекесі жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2021
258
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Еркіндігі елімнің- Тәуелсіздік»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері елтаңба, ту, гимн жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнеклік құралдар: рәміздер, тақырыпқа байланысты суреттер.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.

Қостілділік компонент: Рәміздер –символы, Ту-флаг,елтаңба-герб,Отан-Родина,Тәуелсіздік-независимость.



Туды міне алтын күн

Қазақ енді жыламас!

Өз алдына халқымның

Тіккен туы құламас!

Гимн орындалады.

-Құрметті қонақтар ,балалар алдымызда үлкен мереке.Қазақстан Республикасы егеменді,тәуелсіз ел . Осы үлкен мерекемен сіздерді шың жүректен құттықтаймын. Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, еліміз,жеріміз тыныш, көк туымыз желбірей берсін. Бейбітшілікте, тыныштықта бақытты өмір сүрейік!

-Тәуелсіздік жолында Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,Е.Сапатаева сияқты қазақ жастары құрбан болды.Осы құрбандардың рухы үшін 1 минут үнсіздік жариялаймын.



-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Бас қаламыз қай қала?

-Елбасымыз кім?

-Қ.Р.қандай мемлекеттік рәміздері бар?

-Тудың аворы кім?

-еліміздің туының түсі қандай?

-Тудың бетінде ненің суреті бейнеленген?

-Ортасында алтын күн орналасқан,әрқашан жайнап, жарқырай берсін деп.Күн астында қыран-еркіндіктің,тәуелсіздіктің белгісі,биікке самғайды.

Туымыз ұлттық оюмен өрнектелген.



-Елтаңбаның авторлары кімдер? Шота Уалиханов

-Елтаңбада шанырақ,қос пырақ ат бар. Ат –адамның қанаты, Шанырақ –үлкен ортақ үй деген түсінік.

-Сендер қалай олайсыңдар,Елтаңбаны қайдан көруге болады?

-Қазақстан Республикасының шекарасында,маңызды құжаттарда,теңгемізде бейнеленген.



-Гимнің сөзің жазғандар кімдер, әнің жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов.әнін жазған Н.Ә.Назарбаев)

-Гимн –салтанатты ән. Оны үлкен жағдайларда орындайды .Гимн орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.

- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Біз осындай тыныш,тәуелсіз заманда өмір сүріп жүргеніміз осы елбасымыздың арқасында.

Осы тәуелсіздігіміз туралы тақпақтарымызды айтайық.

Диас: Тәуелсіз еркін елде біз,

Дүниеге келгенбіз

Көк ту мен Елтаңбамыз.

Бар біздің өз теңгеміз.

Орындайтын бәріміз

Бар біздің ата қанымыз.

Жиында тұрып айтатын.

Бар біздің әнұранымыз.

Елбасымыз салдырған,

Астанамыз ән-думан

Иесі Қазақстан.

Біз бақытты балдырған.



Абзалзан: Кең байтақ жерім

Тәуелсіз елім

Шырқай бер шырқа

Қазақстаным.

Талапқа –арын

Жаныма-дарын.

Шырқай бер шырқа

Қазақстаным .



Ж.Ильяс: Көгінде нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу,неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.





Мадияр: Еңбек етіп табысты

Жібермеймін намысты

Мен әлемге танытам

Қазақ деген халықты.



Сафия: Отан біздің анамыз

Әлпештеген өсірген

Өмір нәрін аламыз.

Оның жұпар төсінен.





Алуа: Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер

Балдай бала шағымыз.





Сергітус сәті: Тәуелсіз елдің тірегі (қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз.

Тек алға,алға бастаймыз.

Қыран құстай қалықтап,

Болашаққа самғаймыз.

-Елордамыз –Астана

- Отанымыздың жүрегі,астанасы-Астана қаласы. Астанамыз жас қала,әрі бас қала.Астанамыз жылдан жылға көркейіп,әсемденіп келеді. Әрқашанда Қазақстан жеріміз,еліміз гүлдене берсін.

-Отан дегеніміз не?

-Отан дегеніміз, адамның туып өскен жері,халқы.

-біз қандай ұлтпыз?

-қандай тілде сөйлейміз?

-Қазақстан жерінде көп ұлттар тұрады, барлығымыз тату-тәтті өміт сүріп жатырмыз.



Отан туралы мақал-мәтелдерімізді айтайық.

Отан –елдің анасы

Ел ердің анасы.



.

Ән: « Отаным менің Қазақстан»



11 « Моншақ» тобының балаларыңа сөз беріледі.

Би «Алға Қазақстан»



-Тәрбиеші: Тәуелсіздік-тірлігімнің айғағы

Татулығым-бірлігімнің айғағы

Сөгілмесе еліміздің іргесі

Әлде де бар ұрпағымның арманы,

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарлама,жарқыра.

Тарихымда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына



-Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне сендерсіндер.Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу міндеттерің. «Туған жер-алтын бесік»-демекші,балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді, жерді сүюді,қадірлеуді өмірлік мақсат етейік! Еліміздің рәміздерін қадірлеп,бағалап,биікке көтеріп жүруіміз керек. Солар арқылы біз өзіміздің Қазақстан Республикасы екендігімізді таныта аламыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!