Тәуелсіз ел Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз ел Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды еліміздің тәуелсіздігі туралы өлеңмен таныстыра отырып, оны жатқа айтуға үйрету; Тәуелсіздік мерекесінің бүкілхалықтық екенін ұғындыру; өлеңдегі көркем сөздерді мәнерлеп айта білуге жаттықтыру: Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы ұғымдарын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіз ел Қазақстан

Оқу қызметінің мақсаты

Балаларды еліміздің тәуелсіздігі туралы өлеңмен таныстыра отырып, оны жатқа айтуға үйрету; Тәуелсіздік мерекесінің бүкілхалықтық екенін ұғындыру; өлеңдегі көркем сөздерді мәнерлеп айта білуге жаттықтыру: Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы ұғымдарын кеңейту. Тақпақтағы көркем сөздер арқылы балалардың сөздік қорын молайту және дүниетанымын кеңейту; тақпақты жатқа айтқанда есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту. Балалардың Отанға сүйіспеншілігін арттыру; өз еліне құрметпен және мақтанышпен қарау сезімдеріне, елжандылыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс

«Жайнай бер, Қазақстаным!»,«Көк тудың желбірегені», «Қазақтың асқақ беделі», «Елдіктің асқақ өлеңі», «Әр жаққа тартпай, Қазағым», «Қиырда қалған Қазақтың» сөздерін пайдалану арқылы балалардың тілін жетілдіру. 

Әдіс-тәсілдер

Ғажайып сәт, түсіндіру, баяндау, интербелсенді тақтадан Қазақстан туралы шағын бейнебаяннан үзінді көрсету, тақпақты мәнерлеп оқу, көркем сөз, миға шабуыл, кері байланыс, сергіту сәті, тақпақ мазмұны бойынша әңгімелесу, пысықтау, тақпақты әнге қосып айту, дидактикалық ойын.

Құрал-жабдықтар

1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Интербелсенді тақта, көк түсті дистанционды ойыншық машина, көк тудың желбірегені туралы слайд; Тәуелсіздік туралы суреттер; жалаушалар, бәйтерек бейнеленген таңбалауыштар.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Бәйтерек бейнеленген таңбалауыштар, жалаушалар.



ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Шаттық шеңбері.

Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен
"Қайырлы таң!" - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін
«Кеш жарық!» - деп кіремін.
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

1.2. Топты іші әдемі безендірілген.  
Әңгімелесу.
- Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз – Отанымыз туралы әңгімелесеміз. 
- Балалар, біз қай Респбуликада тұрамыз?
- Біз - Қазақстан Республикасында тұрамыз. 
- Біздің мемлекетіміздің астанасы қай қала?
- Біздің мемлекетіміздің астанасы -
Астана қаласы.

- Біздің қазіргі президентіміз кім?
- Біздің президентіміз - Қасым-Жомарт Тоқаев.

- Алғашқы Елбасымыз кім?
- Алғашқы Елбасымыз - Нұрсұлтан Назарбаев.

- Жақсы, балалар!
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл Республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні.
Тәрбиеші балалармен бірге тұрып, бәрі Әнұранды айтып шығады.

2 Негізгі бөлім

- Балалар, бүгін, біз үшін маңызды күн, сендерге өлең оқып беремін, мұқият тыңдап алыңдар:
"Қазақстан жалауы".

Жалауымда көгілдір:
Күн келеді төгіп тұр...
Қыран-бейне – 
Қанатты, 
Көкке самғар –Елім бұл!

Ілем биік жерге оны,
Қашан дағы төрде орны:
Әжем басқан сырмақтай – 
Әшекейлі өрнегі...

Елміз байтақ, іргелі,
Қуатты да жүлделі...
Аспандаса Жалауым,
Аласартар кім мені?!
Суреттер бойынша әңгімелеу үлгісі. "Менің Қазақстаным".
Әңгімелесуді ұйымдастыру үшін, рәміздердің жеке-жеке фото суреттері. 

көрсеткішті қолданып, әңгімелесуді бастайды.


- Балалар, кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? 
- Иә. Қыс мезгілі. Жарайсыңдар.
- Балалар, менің әңгімем сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы.
- Балалар, Тәуелсіздікті қалай түсінесіңдер? Иә. Ешқандай мемлекетке тәуелді болмай, өз еркінше өмір сүру деп аталады.
- Бізге тәуелсізідік оңай келмеді, қанша батырлардың ерліктерімен келді.
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? Иә, Біз Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
- Мына суреттерге назар аударайық, бұл жерде нелерді көріп тұрсыңдар? Иә, Қазақстан Республикасының суретін көріп тұрмыз. Жарайсыңдар!

- Қазақстан мемлекеті қандай? Иә, Қазақстан мемлекеті кең байтақ, байлыққа толы мемлекет.
- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? Иә, Қазақстан Републикасының астанасы Астана қаласы.

- Біз алдымен Астана қаласына шағын саяхатымызды бастайық. Балалармен бірге Ақорданың қасына келеді. 
- Балалар, біз қай жерге келдік?

- Ақордаға. Дұрыс. Ақордада кім отырады?
- Президент. Дұрыс. Біздің президентіміз кім?
- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Жарайсыңдар!
- Президент қандай қызмет атқарады? Елді басқарады. Дұрыс.
- Келесі суретте не бейнеленген?
Бәйтерек.
- Дұрыс, балалар, Бәйтерек бейнеленген. 
- Балалар, Бәйтерек ненің белгісін білдіреді?
- Биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, «бәй» – үлкен деген ұғымды, ал терек «ағаш» деген ұғымды білдіреді. «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді білдіреді. 
- Бәйтерек - биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі.
- Бәйтерек - өмір ағашы.  Жердің асты - бәйтеректің тамыры, жердің үсті  -  бәйтеректің сабағы, ал аспан әлемі - бәйтеректің ұшар басы. Бәйтеректегі алтын жұмыртқа Самұрық құстың ағаш басына жыл сайын салатын жұмыртқасын білдіреді. Мына суретке қарасаңдар, самұрық құстың бейнесін көруге болады.

- Енді, балалар, біз қайда келдік?
Хан шатырға келдік. Дұрыс.

- Дұрыстап қарасаңдар, балалар, ғимарат ханның шатырына ұқсайды. 

- Мына суретке қарасаңдар, ескі дәуірдегі хан шатырын көресіңдер.
- Келесі ғимаратымыз -
Астана арена. Солай ма, балалар? Иә.

- Міне, балалар, біздің астанамызда қандай керемет ғимараттар бар екенін көрдіңдер.

- Балалар, қараңдаршы, қандай керемет сыйлық! Бізге көк түсті қашықтықтан басқарылатын машина келіп, өзімен бірге көп жалауша алып келді.
Балалар қолдарын шапалақтайды.
- Балалар, ол жалаушаларды ненің құрметіне алып келді деп ойлайсыңдар? Самат, айта ғой. Мейрамның құрметіне әкелді. Дұрыс айтасың!
- Қандай мейрам, балалар? Еліміздің Тәуелсіздік алған мерекесі екен. Жарайсыңдар, балалар!  
- Балалар, ойыншық машинадағы жалаушаларды бір-бірден алып алайық. Жақсы.
- Балалар, бәріміз бірге шеңбер жасайық! Енді менімен бірге қайталаймыз.
- Теңдігі тең (қолдарын жоғары көтереді),
- Керегесі кең (қолдарын жанына жаяды).
- Амансың ба, елім (қолдарын көкіректеріне қояды), 
- Тәуелсіздік теңім! (қолдарын жанына жаяды).

«Қазақстанның Туын тап» дидактикалық ойыны.
Мақсаты. Түстері және бетіне салынған бейнелері ұқсас көп тулардың арасынан Қазақстанның Туын табуды үйрету. Түстерді ажырату, зейін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші :
- Балалар, мен сендерге тақтадан бірнеше туды көрсетемін, оларға мұқият қарап отырып, Қазақстанның Туын тауып көрсетіңдерші?  
  Балалардың таңдау керек суреті Қазақстанның Туы.

. Сергіту сәті. «Желбірейік туымыздай!»
Педагог бәсеңдеу дыбыста әуен жазбасын қосады.- Балалар, орнымыздан тұрайық. Жалаушаларымызды қолымызға алып, сергіп алайық.
- Желбірейік туымыздай! (қолдарын жоғары көтеріп, жалаушаларды желбіретеді),
Тәуелсіздік теңіміз (қолдарын алға созып, жалаушаларын желбіретеді).
Татулығы желбіреген (қолдарын жанына жіберіп, жалаушаларын желбіретеді),
Егеменді еліміз (жалаушаларын төменнен жоғары қарай желбіретіп көтеру).
Сергіту жаттығуын екі рет өткізу.
«Тәуелсіздік күнін тап» дидактикалық ойыны.
- Балалар, қазір біз «Тәуелсіздік Күнін тап» дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: тақтадан көптеген сандар көрсетіледі. Сендер сол сандарды көріп отырып, Еліміздің Тәуелсіздік алған Күнінің сандарын көрген кезде «Қазақстан» деп айтасыңдар. Дұрыстап ойланып барып, дауыстап айтыңдар. Тақтадан көптеген сандар көрсетіледі. Балалардың жауабын беретін сандар - 16, 12, 19, 9, 1.
Осы сандарды ретімен айтқан кезде ғана балалар жеңіске жеткен болып есептеледі. Педагог балалармен бірге ойынды қадағалап отырады, соңында жақсы ойнаған балаларға бәйтерек бейнеленген таңбалауыштарды үлестіріледі.
- Балалар, кейбір сандар бояуды қажет етеді екен. Кәне, бәріміз алдымыздағы дайын қағаздағы сандарды бояп тастайық.

«Отан туралы қандай мақал білеміз?»
1.Отан оттан да ыстық.
2.Отан-отбасынан басталады.
3.Отан үшін отқа түс-күймейсің.
4.Туған жерге туың тік.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылау, балалардың іс-әрекетін бағалау.
- Балалар, бүгін сендер үшін не қызықты болды? 
- Балалар, менің әңгімем сендерге ұнады ма? 
- Балалар, Тәуелсіздікті қалай түсінесіңдер? 
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз? 
-Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады? 
- Қазақстан Ресбликасының Рәміздерін атайықшы? 
- Тудың түсі қандай? Иә, Тудың түсі аспан түстес көк.
- Туда тағы не бар?
Егер балалар бірден жауаптарды таппай жатса, алғашқы уақыттарда педагог өзі жауап үлгісін айтып, балаларға қайталатады. Контексті ұқсас сұрақтар қойылған сайын, балаларды жауап беруде көптеген үлгілер мен нұсқалар пайда болады, сөздік қорының молаюына қолайды жағдайлар туындайды.
- Балалар, бүгін сендер, әңгімеде айтылғандай, өте зерек, ұйымшыл, тәртіпті де бола білдіңдер. Келешекте біз көптеген ойындарға, ойындар үстінде ізденімпаз, тапқыр, ұғымтал болып, көптеген ертегілерді тыңдап әңгіме  құрастыруды үйренеміз. Оқу қызметіміз аяқталды. Жарайсыңдар.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі