400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз ел тілегі

Материал туралы қысқаша түсінік
желтоқсан құрбандарын еске алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік ел-тілегі

Мақсаты: Оқушылардың Отанға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай келген «Тарих» пәні апталығын ашылуына қош келдіңіздер!

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік – ел бақыты, ертеңгі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!



2—жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы Орман, Жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын!

1-жүргізуші: Біз осы күнге қалай жеттік? Еліміздің тәуелсіздігі үшін талай шайқас болды. Бұған патриот қазақ жастары қатысты. Олар өз елін, жерін, тілін сақтап қалу үшін шайқасты.

Қайрат Рысқұлбеков , Ляззат Асанова , Сабира Мұхаммеджанқызы және т.б. есімдері мәңгі есте қалады.

2—жүргізуші:

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық.

«Адай» күйі. Орындайтын: Бағлашова Ақбота , Қанат Саламат.

1-жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ- дәулетім

Болашағым, өнер білім, өркенім.



Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілін шұбарланба жарқыра.

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

2—жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым дыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ

Ән: «Жаса Қазақстан»

Орындайтын 7-сынып оқушысы



1-жүргізуші:

Тәуелсіздігімнің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп, Тәуелсіздікке тарту апталығымызды ашық деп жариялап келесі кезекті 5-сыныптар дайындаған патриоттық әндер сайысын бастайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.02.2019
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі