Т
ақырыбы: «Тәуелсіздік – ел
тірегі»
Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне
деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөзбен жазылған
плакаттар, жалауша, шарлар, жеке суреттер,
бейнеролик.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті
қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Республика! Ерікті ел –
Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге.
Мен басымды иемін бүгінге,
ертеңіме.
«Ой ашар»
кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз
не?
1.Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті
сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата–бабаларымыз аңсап
қана қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып
күресті емес пе? Төгілген қан, сіңірген еңбек ешқашанда зая
кетпейді.
Ия, қазақ халқының басынан
небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды алқакөл
сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ
жерін ойсыратып кетті.
1941-1945 жылдары азамат
тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік жолында жан қиған қазақ
батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
Жүзге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы
атақ берілді.
1986 жылы Атыраудан Алтайға,
Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның қанды
қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бой көтерген
жас боздақтардың маңдайы тасқа
соғылды.
Бейнеролик: «Алматы алаңы – 1986
жыл»
Айнар:
Көк туым көтерілді бағым
жанып,
Елтаңбам әлемге танылды
анық.
Шырқадым ән ұранды бар
дауыспен,
Арманым ата заңым
қабылданып.
Ұлжан:
Әр қазақтың есінде
сақталады
Желтоқсандық өрендер
ақталады,
Ел намысын қорғаған
сарбаздарын
Ерліктерің мәңгілік
сақталады.
Нұрсұлтан:
Біз жас ұлан - Отан ана
өркені
Үміт артқан болашағы,
ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке
өрлетіп,
Он алтыншы
желтоқсан
Тәуелсіздік алған
күн
Ерекше боп
мәңгілік
Ел жадында қалған
күн
Томирис:
Он алтыншы
желтоқсан
Ел мерейі
тасыған
Қазақ деген қалың
жұрт
Бәрін кешті
басынан
Лунара:
Сәуле шашқан алтын түсті күні
бар,
Екпіндеген қыран құсты үні
бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк
аспандай,
Қазағымның желбіреген туы
бар
Айзере:
Отан деген
атамекен
Отан деген туған
жер.
Отан ана, Отан
үлкен
Қазақстан туған
ел.
Мұғалім: Еліміздің тәуелсіздігін
аңсаған, ақ найзаның ұшымен елді жаудан қорғаған батыр аталарымыз
бен желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған қыршын кеткен
жастарды құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан
тұру сұралады.
«Үйренейік, танысайық»
кезеңі: Мәдени ескерткіштерді
білеміз бе?
1. Ата тарих тұмасы – Алтын
Адам.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті
елді мекенінің жанындағы ескі қорғандардың бірінен археологиялық
экспедиция кезінде табылды. Алғаш хабарлаған археолог, профессор,
тарих ғылымының докторы Әбдеш Тәшкенұлы
Төлеубаев.
2. Жас Астананың символы –
Бәйтерек.
Бәйтеректің жобасын жасаған сәулетшілер Артур
Манукян, Мұрат Байысбай. Биіктігі – 97 метр, салмағы – 210
тонна.
3. Респубика3. Респубика алаңында. Тәуелсіздік
монументі.
16.12.1996жылы ашылды, авторы: Ш.Ыдырысұлы
бастаған топ. Монументтің биіктігі – 32 метр, оның ортасында
еліміздің елтаңбасы салынған, ұлттық нақышпен өрнектелген, биік
тұғырдың ұшар басына алтын батыр мен жолбарыстың мүсіні қойылған.
Батырдың бейнесі Есіктен табылған «Алтын адам» үлгісінде құйылған.
Ескерткіштегі алтын жалатылған бүркіт, батырдың қылышы мен
жолбарыстың жиынтық бөлшектері қымбат тастармен
жасалған.
«Поэзия минуты»
кезеңі: Оқушылар
тақпақтары
1.
Егемендік – иесімін деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып осы келген кез.
2.
«Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
«Тәуелсіздік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
3.Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
«Шын жүректен»
кезеңі: Жылы тілек
айту.
Әр оқушы көк жалаушаны
қолдарына алып, «Мен елімді сүйемін» деп жылы лебіздерін
білдіреді.
Бекіту:
-
Тәуелсіздік мәңгі жасасын! Еліміздің бірлігі мәңгілікке
сақталсын!
Ән: «Көк тудың
желбірегені»