400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Тәуелсіздік жайында жазылған.Оның негізгі мақсаты;Отан сүюге, Еліне жеріне деген балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы»

Мақсаты:балаларды Отан сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

Қазақстан картасы, елбасының суреті,Қ Р рәміздері.

Әдіс тәсілдері:аралас, түсіндіру, сұрақ- жауап

Оқу іс – әрекет кезеңдері. :-)

Тәрбиешінің іс –әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық –қозғаушылық.

Тәрбиеші:сәлеметсіздерме , балалар!.

-Балалар,бізде бугін тәрбие оқу іс әрекеті,бүгін ерекше күн екен.

Біздің сабағымызға коптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасайық.

Балалар:салеметсіздер ме!.

-Енді балалар,шаттық шеңберін жасайық:

Бір шаңырақ астында,

Қазақстанда тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз,

Бір үйде біз тұрамыз.

-Иә,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Бүгінгі күндерін нұрлы болсын,коңіл-күйлерін жақсы болсын,сабақтарын

Жақсы өтсін деп тілеймін.

Балалар сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.

Балалар біздің мемлекет қалай аталады?

(Қазақстан)

ҚР елбасы кім?

(Н.Ә.Назарбаев.)

Елордамыз-Астана қаласы.

ҚР Рәміздері бар. Олар:Әнұран,Елтаңба,Ту.

Туымызға келетін болсақ мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет.

Сол көгілдір аспан ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн.Күнді қанатымен көтеріп қалықтай үшқан қыран құс қандай әдемі.Оған өміріміздің

Қайнарындай қазақтың ұлттық ою-өрнегі қандай жарасымды.

-Ал бұл Елтаңба.Қараңдаршы қандай әдемі.Ендеше Елтаңбамызға тағы да

Көз салайық.Ортада қазақтың қара шаңырағы,қос пырақ ат бар, астында

Қазақстан деген жазу бар,жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.

-Балалар әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады.Әнұранды орындаған кезде

Міндетті түрде орнымыздан түрып оң қолымызды сол жақ жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.

-Жарайсындар балалар ,ендеше Қазақстан туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.

Жансері:

Отан-жерім,Отансуым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді.

Дильназ:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көнілдің,

Ортада-аспан әлемі.

Арнұр:

Отаным менің Қазақстан

Атыңан сенің айналдым.

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер,Жаса Қазақстан



Мансұр:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол,тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

Айым:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным.

Айзере:

Ол біздің Қазақстан

Анамыздай тілеуі ақ

Отан біздің біреуақ

Ол біздің Қазақстан.

Айнара:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ойын:Не артық?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Құстай болып ұшайық.

Астанаға қонайық,

Бәйтерекке ұқсайық.

Жабыстыру:Қазақстан картасына жүрекше жабыстыру.

Қорытынды:

Сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:біледі:ҚР-ның қазіргі жағдайы.

Игереді:ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері туралы білімді.

Менгереді:үлкен,кіші қалаларда тұратын бірнеше ұлт өкілдері туралы білід.

Құрметті қонақтар,балалар!Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп отырған «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы» атты тақырыптық сабағымызға келіп,көріп тамашалағандарынызға көп,еөп рахмет!Әрқашан күн сөнбесін,аспанымыз ашық болып,заманымыз тыныш болсын,бейбіт күніміз жарқын болсын,тек Қазақстан ғана емес,бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей,әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын.Тәуелсіз еліміздің көкбайрағы желбірей берсін!Рахмет Сау болыңыздар.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі