400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»

(танымдық сайыс).

Мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге дағдыландыру. Туған жерін, Отанын қастерлеп сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, еліміздің ертеңі жас ұландар және сайысқа қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты танымдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі,

Менің елім – Қазақстан, Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

Бүгінгі сайысқа қатысушылар «Шежіре» және «Тарих» атты екі топқа бөлінді.


Сайысқа төрелік ететін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектебіміздегі биология және химия пәндерінің мұғалімі Есенгалиева Райгүл Сағидоллақызы.

  2. Мектебіміздің психологы Жапарова Баян Жиенғалиқызы.


Жүргізуші: Құрметті ойыншылар және көрермендер, келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.


  1. кезең: «Топты таныстыру» 4. кезең: «Сандар сыры»

  2. кезең: «Әріптер сөйлейді» 5. кезең: «Тарих әлемі»

  3. кезең: «Ұлттық салт-дәстүр»


Жүргізуші: Ендеше, сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1-ші бөлім: Топты таныстыру. Әр топтың топ басшылары таныстырады. Жауап 10ұпайға теңестіріледі.

2-ші бөлім: «Әріптер сөйлейді» Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Қазіргі біз пайдаланып жүрген қазақ әліпбиін 42 әріп бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр топ кезектесіп 10 әріп таңдайды. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады. Сөзбасында кездеспейтін й, ң, һ, ъ, ь сияқты әріптерге кезек келгенде жалпы сұрақтар қойылады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі. Әрбір берілген жауапқа 10 ұпайдан қойылады.



А – Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым. (Археолог)

Ә - Абылай ханның шын аты. (Әбілмансұр)

Б – Астана қаласының символы (Бәйтерек)

В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға (Валюта енгізілді)

Г – Тарихтың атасы (Геродот)

Ғ – 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды (Ғасыр)

Д – Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы.(Дін)

Е –«Алтын адам» қайдан табылды? (Есік қаласының маңынан)

Е – Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992ж. 4 маусым)

Ж –«Мен қазақпын» поэмасын жазған ақын (Ж. Молдағалиев)

З –Сиырдың пірі. (зеңгі баба)

И –Елбасымыздың мамандығы (инженер-металлург)

Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы. (Халифа Алтай)

К – Орыс және шетел ғалымдары қай теңіздің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен танысты.(Каспий)

Қ – Жүсіп Баласағұнның ХІ ғасырда жазған еңбегі («Құтты білік»)

Л – Абылай хан Әмірсананы жоңғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларын көндірді. (Лама Доржыға)

М – Әмір Темірдің мемлекеті (Мәуереннахр)

Н –Күйші-сазгер, дирижер, домбырашы. (Нұрғиса Тілендиев)

Ң – 1993жылы белгіленген ҚР Қорғаныс Комитеті әскері құрамының жоғарғы офицерлері, прокуратура т.б органдар басшыларына берілетін орден. («Даңқ» ордені)

О – Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Орынбор)

Ө - Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған хан. (Өзбек хан)

П – Жоғарғы заң шығарушы орган. (Парламент)

Р – Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет. (Ресей)

С –Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы. (сөк)

Т – Қазақстан жеріндегі түркі тілдес мемлекет. (Түрік қағанаты)

У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. (уыз)

Ұ – Орталық Қазақстандағы тау. (Ұлытау)

Ү – Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген? (Үркер)

Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Фараби)

Х – 2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға. (халақ санағы)

Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден. (Халық Қаһарманы)

Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы. (Целиноград)

Ч – Үйсіндердің астанасы. (Чигучен)

Ш – Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы. (Шәмші Қалдаяқов)

Щ –Тәуке ханның заңы (Жеті жарғы)

Ъ – ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл? (19)

Ы –Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз. (Ысмайлова Гүлфайрус)

І –«Көшпенділер» трилогиясының авторы. (Ілияс Есенберлин)

Ь – Қазақстанның ең биік тауы. (Тянь-Шань)

Э – Халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым. (Этнография)

Ю – ХІІ ғасырдың соңында Түркістан өңірінде туып-өскен, «Ақиқат сыйы» деген дастан жазған ақын. (Югнаки)

Я – 1812жылы соғысқа белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ. (Яков Беляков)

3-ші бөлім: «Ұлттық салт-дәстүр» Бұл бөлімде әр топ экранда көрсетіліп тұрған тақырыптардың біреуін таңдап, соны қорғайды. 2 минут уақыт беріледі. Жауап 10 ұпайға теңестіріледі.


4-ші бөлім: «Сандар сыры» Бұл бөлімде әр топ экранда көрсетілген бір сан таңдайды. Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.



«3» саны:

- Үш дананы атаңыз (Абай, Шоқан, Ыбырай)

- Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

- Үш тұл (қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым)

- Үш алыс (көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы)

- Үш қадірлі (бақ, ырыс, дәулет)

«4» саны:

- Төрт тұлға (от, су, жер, жел)

- Төрт маусым (қыс, көктем, жаз, күз)

- Төрт періште.(Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил)

- Төрт мұрат (дау мұраты – біту, сауда мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты - кету)

- Төрт кітап (Зәбүр, Таурат, Інжіл, Құран)

«5» саны:

- Бес парыз (иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)

- Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

- Бес намаз (таң, бесін, екінді, ақшам, құптан)

- Бес жаратылыс (күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн)

- Бес өсиет (топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма)

«7» саны:

- Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

- Жеті ата ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, жүрежат)

- Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы)

- Жеті жұт (зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық)

- Жеті жоқ (аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт)

Жүргізуші: Отаншылдық – білімділік. Көп оқыған, білгені мол адам әділетті, айбынды қоғам қайраткері бола алады, яғни қоғам тағдыры, мемлекет тағдыры, білімді ұрпақ, өздеріңнің қолдарыңда.

Сонымен, танымдық сайысымыздың бесінші кезеңіне де жеттік.

5-ші бөлім: «Тарих әлемі» ережесі: Экранда көрсетілген тарихи салалар бойынша әр ұяшықтарға сұрақтар берілген. Сұрақтар қиындығына байланысты 10, 20, 30 ұпайлармен бағаланады.

Болмасаңда ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз

Жанбай жатып сөнсеңіз, деп Абай атамыз айтқандай, соңғы сайысты бастаймыз.



Тарихи тұлға:

10 – 1913 жылдың өзінде: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған кім? (А. Байтұрсынұлы)

20 – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Жетісудағы басшыларының бірі.(Б.Әшекеев. Т.Бокин)

30 – Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы болған кім? (Ғани Мұратбаев)

Тарихи қала:

10 – Қазақ АКСР- нің тұңғыш астанасы болған қала. (Орынбор)

20 – 1924-1929 жж Қазақстанның астанасы болған қала. (Қызылорда)

30 – Ортағасырлық қала. Атыраудан 40км жерде, Жайық өзенінің оң жақ жағасында орналасқан қала (Сарайшық)

Тарихи термин:

10 – Соғыс қаруы қалай аталады? (айбалта)

20 – Халықтың қоныс аударуы (миграция)

30 – Бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы. (интервенция)

Тарихи оқиға:

10 – Бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты? (38)

20 – Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418)

30 – Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті неше күнге созылды? (2)

Жүргізуші: Міне, сайысымызда аяқтала келді. Енді ұпай санын есептеп жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына уақыт беріледі. Әділқазылар қорытынды шығарғанша көрермендермен ойын ұйымдастырылады. Ойынның шарты:

Жүргізуші: Сөз әділзазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Дана халқымыздың «Білімі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады» деп айтқанындай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сезімін ақтай біліңдер.

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі!

Сайысты тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі