Тәуелсіз елдің дарынды ұландарымыз атты шығармашылық байқау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіз елдің дарынды ұландарымыз атты шығармашылық байқау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елдің дарынды ұландарымыз атты шығармашылық байқау. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дарынды балалармен Сурет салу байқауы және Актерлік шеберлік байқауы бойынша сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Дарынды балалар арасында өткізілетін конкурстың сценарийі

Жауапты:

Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін орны:

Қатысушылар: оқушылар, педагогикалық ұжым

Мақсаты:
- Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
- Жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау;

-Дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту;

- Жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;

-Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру;

-Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру.

-Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Патриоттық сезімге баулу;

- Тәуелсіздік жайлы түсініктерін арттыру;

- Сахналық мәдениеттілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Өткізілетін уақыты: 70 мин.

Жүргізуші:


Іс-шараның барысы

Қазақстан Республикасының Гимні


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, шығармашылығына шабыт беретін «Тәуелсіз елдің дарынды ұландарымыз!» атты байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқау 6-10 сыныптар арасындағы 26 оқушының басын қосатын екі номинация бойынша өтеді. Бірінші номинация «Сурет салу» байқауы. Әр оқушы алдын-ала дайындалған орындарға отырып, 30 минут ішінде алдында тұрған параққа «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» деген тақырыпта өз ойын білдіріп , сурет салады. Болған соң, 1 минут ішінде жұмысын таныстырады.

Екінші номинация «Актерлік шеберлік» байқауы. Бұл байқауға қатысушыларға үй тапсырмасы ретінде Тәуелсіздікке, Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерді жаттап, монолог ретінде айту берілген еді.

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық:

-

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өздеріңді таныстырар, – дей келе сайысқа түспекші қырандарымызды қарсы алыңыздар:

«Сурет салу» байқауы: «Актерлің шеберлік» байқауы:


Олай болса, суретші өнерпаздар алдарыңызда тұрған орындарыңызға жайғасыңыздар (сайыс ережесін түсіндіріп, уақытты белгілеген соң сайыс басталады )

«Актерлің шеберлік» байқауына қатысушылар, әділқазылардың алдында 1-ден 13-ке дейін белгіленген карточкаларды таңдасаңыздар. Сайысымыздың реттілігін анықтау үшін.


Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып жеткіншектер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, – дей келе сайсымызды бастаймыз.





Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің дарынды ұландарымыз» атты шығармашылық байқауымыз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі