жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Гаухар балабақшасы


Дайындаған: МАД «Ақ көгершін»тобының тәрбиешісі Куракова. Г. Г
Бекітемін: Балабақша әдіскері Г. Наурызбаева
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Мақсаты:
Білімділігі: Жас ұрпаққа Н. Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту, тұңғыш президент туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
Тәрбиелігі: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын» деген ұран сөздер.
Тәрбие сағатын Әнұранмен ашу.
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың,-деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады.
Тәрбие сағатында президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, тұңғыш президент күні туралы әңгімелейміз.
Өмір жолы. 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы , Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келеді. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарады. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтеді.
1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтеді. Сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетеді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды.
Көркем сөз. Елімнің көшбасшысы .Орындайтын Талап Үздік.
Тәуелсіз қазақ елім,
Бақ қонған ғажап елім.
Нұрсұлтан Назарбаев,
Артамыз сізге сенім.
Елім деп, жерім деген,
Адымдап сенімменен,
Халқымның көшбасшысы,
Еңбектен ерінбеген.
Президент ең алғашқы,
Қырандай самғап ұшты.
Халқымның көшбасшысы,
Келер күн құшақ ашты.
Асамыз асулардан,
Құламай тасулардан.
Әлемнің алды болу,
Ол үшін асыл арман.
Үлгі боп келешекке,
Балаға, ересекке.
Президент даңқымызды,
Көтерер келешекте.
Биік боп көздегені,
Бірлік боп іздегені.
Халқымның көшбасшысы,
Жастарға ол сенеді.
-Балалар, осы біз Отан деген сөзді күн сайын естіп жүрміз. Оны бала кезімізден білеміз. Осы Отан дегеніміз не?
-Отан дегеніміз- адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені.
Кәусар: Отан деген – атамекен
Отан деген- туған жер.
Отан-ана, Отан- үлкен,Қазақстан-туған ел!
-Біздің Отанымыз қай ел?
-Қазақстан Республикасы.
ҚР-сы- тәуелсіз ел. Оның тарихы өте бай. Біздің ата-бабаларымыз кең-байтақ жерімізді сыртқы жаулардын қорғап алды. Міне, ата-бабаларымыздың ерен ерлігінің арқасында біз осы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Еліміздің тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жер жаһанға жария етілді.біз өз елімізді жақсы көріп, оны құрметтеп, қастерлеуіміз керек.
Шерхан: Бұзылмас мәңгі оның балқаймағы,
Достығым, бақыт, бірлік, мол қайнары.
Көркейсін тәуелсіз ел –Қазақстан,
Желбіреп аспанында көк байрағы.
Қазақ халқы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің тұңғыш президентін сайлады.
-Ал, сендер еліміздің президентін білесіңдер ме?
-Иә, дұрыс айтасыңдар, Н. Ә. Назарбаев!
-Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғандықтан оның рәміздері болады. Оны білеміз бе?
-Әнұран, Ту, Елтаңба.
Ту жөнінде Ақерке түсінік береді: мемлекеттік Туымыздың түсі көгілдір. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі –тыныштық пен байлықтың белгісі. Астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін көрсетеді.
Айжүрек:
Көк аспандай көкпенбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Еліміздің Елтаңбасын Нұрғали сипаттап береді: Республикамыздың Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді.
Мирим:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Сергіту сәті.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
«Елтаңбасы елімнің» әнін хормен орындау.
-Балалар, сонымен қатар еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өз Ата заңымызды қабылдадық. Ата заң- заңдар жинағы. Біз Ата заңымызды құрметтеуіміз керек. Оны әрқашан жадымызда сақтап, естен шығармағанымыз абзал.
Адия: Ата заңым- егемендік, теңдігім,
Қанат жайып көкке өрлеген кеңдігім.
Ата заңмен іргелімін мен бүгін,
Ата заңым биіктігім, елдігім.
-Балалар, сендер Отан, туған жер, Қазақстан туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар. Ал, мақалға қалаймыз? Оны «Кім жылдам?» ойыны арқылы білейік.
1. Отан- оттан да (ыстық).
2. Отансыз адам- ормансыз (бұлбұл).
3. Өз елің- (алтын бесігің).
-Жарайсыңдар! Сендер мақалды да жақсы біледі екенсіңдер. Балалар, сендер қазақ елінің жас ұланысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді , әкелер мен аталар сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға міндеттісіңдер. Саналы , білімді азамат болу үшін не істеуіміз керек?
-Еңбек етуіміз керек.
-Біздің қазіргі еңбегіміз не?
-Оқу.
Ендеше оқу үшін еңбек етуіміз керек. Сапалы білім, саналы тәрбие алып, өз мемлекетіміздің туған жеріміз ҚР-ның өркендеп дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.
-Балалар, енді алдарыңда жатқан бейбітшілік құсы- көгершінді алып, бір-біріңді тұңғыш президент күнімен құттықтап, жақсы тілек айтып, көгершінді бір-біріңе сыйлаңдар.
Ел парламенті қабылдаған заңға сәйкес , 1-желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күні-мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Қилы кезеңде осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты шын мәнінде бақытты.
Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік баянды болғай!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Елбасы күні-елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын,- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген