Тәуелсіз елдің тірегі –
білімді ұрпақ!
Тәрбие сағатының
мақсаты:
-
оқушыларды Отанды сүюге,
тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа
тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін
арттыру;
-
ғылым мен техниканың
жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді
елдің жастарын тәрбиелеу;
-
оқушыларға туған жері, туған
тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу
арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: 1.Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың
портреті, Қазақстан Республикасының картасы; нақыл сөздер,
слайд.
Тәрбие сағатының әдіс-
тәсілдері: сайыс,
әңгімелесу, баяндау,
ойын.
Сабақтың
барысы
Сынып ішінде күй орындалып
тұрады. Көрермендер мен жарысқа қатысатын оқушыларды орындарына
жайғастыру.
Мұғалім
сөзі:
Құрметті ұстаздар,ата-аналар,
оқушылар бүгінгі өтіп жатқан «Тәуелсіз
елдің тірегі – білімді
ұрпақ!», атты әдеби сазды
сайысымызға қош келдіңіздер.
Ел болдық, шүкір не
керек,
Әлемге аты
танылған,
Жасасын, жаса, Азат
күн,
Жасасын бейбіт ел, су,
жер.
Бостандық алған
қазақтың
Мәртебесін көрсін
ел.
1-нші сынып оқушыларының
тәуелсіздік мерекесіне арналған, туған жеріне арналған тақпақтарын
қабыл алыңыздар. Бүлдіршіндерге рахмет.
Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
Кезеңдер:
-
Топты таныстыру, топ атауының
мән, мазмұнын аша білу;
-
Мәнерлеп
оқу;
-
Сөзжұмбақ
шешу:
-
Көркем шығарма
оқу;
-
Тапқыр болсаң тауып көр;
(ойын).
Әділ қазылар алқасымен
таныстыру. Үш әділ қазы болады. Сайысты
бастау.
1-кезең; Топты
таныстыру.
2,3,4 сынып оқушылары топ
аттарын таныстырады, не себепті олай қойғаны туралы ашып айтады.
Топтың атын қорғайды.
Сайысымызды көруге, жақсы
өтуіне атсалысушы, ерекше қонақтарымыздың бірі Бердібек келіп отыр.
Бердібектің орындауында «Желтоқсан
желі» әнін қабыл алыңыздар.
Бердібекке қошемет.
2-кезең: Мәнерлеп өлең
айту.
Әр топтан оқушылар Отан туралы
өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Әділ қазылар бағасын
береді.
3-кезең: Сөзжұмбақ
шешу.
Әр топқа сөзжұмбақ
сұрақтарымен таратылады. Қандай топ бірінші орындайды және қатесіз
орындалуына қарай бағаланады.
Үшінші кезеңнен кейін тағы бір
ерекше қонағамыз Ертарғын Аялананың туған жері, туған елі туралы
өлеңін тыңдауға шықырамын.
4-кезең: Көркем шығарма
оқу.
Тапсырма алдын ала берілген
балалар шығармаларын көрермендер алдында оқиды, әділ қазылар алқасы
шығарманың көлеміне, қаншалықты көркем жазылғанына және сауатты
жазылуына мән бере отырып бағалайды. Шығарма туған елі, туған жері,
Отаны жайлы болуға тиіс.
Бердібекке кезек беру тағы бір
ән орындату. «Туған
жер»
әні.
5-кезең: Тапқыр болсаң
тауып көр. (Ойын).
Топбасшылары камандадағы
оқушыларға қағазда жасырынған сөзді қимылмен көрсетеді. Оқушылар
оны тауып алу керек. Қай каманда көп сөз және дұрыс тапты сол
топтың ұпайы көп болуы тиіс. Әр сөзе 5 ұпайдан алып отырады.
Камандаларға 2 минут беріледі. Камандаларды әділ қазылар
бағалайды.
Қортынды
сөз:
Туған жерім тұңғиықтан нәр
алған,
Әрбір адам туған жерден
жаралған.
Туған жер ақ қолтығым кең
далам,
Әрқашанда ыстықсың ғой сен
маған,-дей отыра «Тәуелсіз
елдің тірегі – білімді
ұрпақ!» атты әдеби сазды сайысымызды
қортындылайтын кез жетті.
Кімнің жеңіске жеткенін білу
үшін әділ қазыларға м сөз кезегін береміз. Камандалар 1,2,3 орынға
ие болады. Әділ қазылар қортынды бағаны шығарғанға дейін топтармен
жұмбақ шешкізу, жұмбақтың шешуінен мақал-мәтел
құрастыру.
1.Көреді бәрін
өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
(Көз).
Көз қорқақ, қол
батыр.
2.Бойлаған сайын
тереңге,
Шығасың биік белеңге.
(Білім).
Оқу білім бұлағы, Білім
өмір шырағы.
3. Бір нәрсе жоғарыда от жағып
тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып
тұр.
От жағып дабыл қағып
турғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып
тұр. (Жаңбыр, найзағай).