400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәуелсіз елдің төл теңгесіне 25 жыл" лоторея ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тәуелсіз елдің төл теңгесіне 25 жыл

«Сәтті жұлдыз» лоторея ойыны

Шарты: Теңге, ақша төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берген оқушы мектеп буфетіне тегін тамақтануға талон алады.

Алдымен теңгенің дүниеге келуі туралы қысқаша мағлұмат ұсынамын назарларыңызға. 1992 жылдың тамыз айында Ұлттық банкте теңге купю­раларының үлгісін бекіткен дизайнерлер тобы Тұманды Альбионға табан тіреді. Банкнот бастыратын фаб­рика, құнды қағазға керек қаржы да жоқ уақытта Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» атты тарихы терең, тәжірибесі бай фирманың қызметіне жүгінді. Әл-Фараби, Абылай хан, Шоқан, Сүйінбай бабаларымыз сынды тарихи тұлғалардың бейнесі бедерленген банкноттар осылай жарыққа шықты. 

Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауымен орындалып, өнеркәсіпке арналған жабдық ретінде тасымалданған.

Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.

Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алса да, Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллар қауіпсіздігін күшейткен. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.

Теңге банкнотасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды. 
Ақша тарихын зерттейтін ғылымды-нумизматика деп атайды.

Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!


Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.



1 сұрақ. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.

1.Теңге тиыннан өсер,                  

Жылқы құлыннан өсер.     

2.Ақша кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады.

3.Есепсіз дүние жоқ.                  

4.Базары жақын байымас.
5. Алтын тапсаң санап ал.
6. Тамшыдан тама берсе дария болар.
7.Шашу оңай, жинау қиын.
8. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
9. Ақшада көз жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның, ақшасы аз болады.

2 сұрақ. Кез-келген 5 елдің ақша валютасын ата.
1. Ресей -рубль
2. Қытай -юань
3. Қырғызстан -сом
4. Өзбекстан -сум
5. Үндістан-рупия
6. Германия-евро
7. Египет-египет фунты
8. Англия-фунт стерлинг
9. АҚШ -доллар
10. Түркия-түрік лирасы

11. Украйна-гривна

12. Түркіменестан-манат

3 сұрақ. Ұлттық банк 2011 жылдың 11 шілдесінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған номиналы? (Тұңғыш рет 3 қорғаныш жіп қолданылады)

10000 теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды.

4 сұрақ. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күнімен бірге қандай кәсіби мереке етіп белгіледі?

қаржыгерлер күні болып белгіленді.

5 сұрақ. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?

Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды

6 сұрақ.200 теңгенің сыртында қандай сурет бейнеленген?

Бәйтерек, Елбасының қолының суреті,елтаңба, ту

7 сұрақ. Ең алғаш теңге қай жылы айналысқа шығарылды?

1993 жыл

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.05.2019
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі