400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елдің ұланымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Тәуелсіз елдің ұланымын!" атты тәрбие сағатында мен сиақты тәрбиешілерге тәрбие саатына қажет боп қалар деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәуелсіз елдің тірегімін»


Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету . Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет– ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға . Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .


Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.


Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .


Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.


Құттықтау сөз

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер «Шолпан» бөбекжай балабақшасының ұжымы! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз. Мұндағы мақсатымыз: Желтоқсан оқиғасы арқылы келген тәуелсідігімізді, оқиғаға қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі ету, туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін аямау. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Ал енді «Айгөлек» ересектер тобының «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты ертеңгілігін таныстыруға шақырамыз.

  • Балалар Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Біздің тұңғыш президентіміз кім?

  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?

Жүргізуші

Тәуелсіздік-бабам берген аманат,

Тәуелсіздік келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің бегісі.

Тақпақтар

Еркебұлан

Жасай бер елім, Қазағым

Еселесін ғажабың!

30 жылдығың құтты боп

Кіре берсін ажарың!



Қазақстаным айбыным

Өзіңсің менің Ай, күнім

30 жылдығың құтты боп

Таусылмас шаттық, байлығы

Нұртас

Достық біздің тірегіміз

Бірге соғар жүрегіміз

Оттан ыстық бір-біріне

Одақтасқан ұлы елміз

Жүргізуші

Мерекең құтты болсын егемен ел

Терезең барлық елмен тең ұлы ел.


«Мереке» би шашу


Жүргізуші

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, тәңірім бізді баққа толықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.


Астана біздің сәніміз

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз

Аймен

Бейбітшілің күн жаса

Мерейімді асырып

Тәуілсіз күнім жүз жаса

Келеңсіз күнді жасырып.

Раяна


Өзіңді мақтан етемін,

Қазақстаным Отаным.

Құтты боп 30 жылдығың

Жасай бер жаса сабазым!

Жарқырап атар таңы бар,

Жарқылдап айтар әні бар.

Әні бар, теңіз дәні бар

Айналдым сенен Отаным.


Ән «Тәуелсіз ел ұраны»

Сергіту сәті «Ұлттық рәміздерді ата» ойыны

Жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті көп халқымыз

Әрқашан кетпесін туған жердің берекесі.


Би. «Тәуелсіз-елдің ұланымыз»

Жүргізуші

Тәуелсіздік-тартуы ол тәңірдің

Тәуелсіздік-маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік-сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік-таймайтұғын тағым бұл.


-Балалар , ал еліміздің туы мен елтаңбасы туралы не білеміз.


Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.


Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :

Адема

Тәуелсіздік-тартуы ол тәңірдің

Тәуелсіздік-маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік-сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік-таймайтұғын тағым бұл.

Балжан

Абыройың асқақ боп,

Жасай берші гүл елім!

30 жылдығың құтты боп,

Биіктей бер жыр елім!

Нұрымжан

Отаным, Қазақстаным

Құтты болсын мерекең

Тәуелсіз елміз 30 жыл

Арта берсін берекең!

Айым

Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.

Еркебұлан

Қазақтың жері кең байтақ

Бабамның берген еншісі

Желбірей бер көк байрақ

Отанымның белгісі.



Тәрбиеші : Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?


Балалар . Еңбек етуіміз керек .


-Біздің қазіргі еңбегіміз не ?


Балалар. Оқу!


Ән : Әрқашан күн сөнбесін .


Би : «Қаражорға!»


Тәрбиеші Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп бүгінгі іс шарамыз аяқталды . Сау болыңыздар !

Мерекелеріңізбен!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі