400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

:«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету. Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту. Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зеленов АББ Володар ЖОББМ КММ





Тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Тәуелсіз

елдің ұланымыз»



Өткізген:бастауыш сынып

мұғалімдері.Супушева Ф.А Умбетова А.Б Жалмухамбетова А.Х






2018-2019 оқу жылы


Мерзімі:14.12.2015ж

Сыныбы:1.2.3 а сыныбы

Сынып жетекші: бастауыш сынып

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау

Көрнекі құрал: «Желтоқсан оқиғасы», «Қазақстан арнасы», «Тәуелсіздік күні» бейнежазбалары, плакаттар,маркер.

Психологиялық дайындық

Сынып 1,2,3 сандары бойынша топқа бөлінеді. Сабаққа деген көңіл күйлері қандай екенін басмармақ арқылы көрсетеді.

Қызығушылықты ояту

Тәрбиеші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың

Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның

Шартарапта шаттығындай азаттық

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың

Әнұран орындалады

-Балалар, алдымызда сөзжұмбақ тұр. Сол сөзжұмбақты шешейік

1-топ

Тәуелсіз

2-топ.

елдің

3-топ.

ұланымыз-сөзін тігінен оқиды.

-Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болды?

-Тәуелсіз елдің ұланымыз

Жаңа сабақтың тақырыбының ашылуы

3топқа «топтастыру» әдісі бойынша «Тәуелсіз», «Ел», «Ұлан» сөзін айтқанда ойымызға не келеді.

Тәуелсіз-дербес, егемен, бостандық,жеке,азат деген мағынаны білдіреді.

Ел-халық, мемлекет,қазақ,ру,тайпа,отан, атамекен деген мағынаны білдіреді.

Ұлан-азамат, ер, кең, жауынгер, сарбаз деген мағынаны білдіреді. Адам есімі ретінде де кездеседі.

Осы сөздерге қарап отырып бүгінігі сабағымыздың тақырыбын басқаша тағы да қалай баламалауға болады?

-Егеменді отанымыздың азаматы деп те айтуға болады.

Мағынаны тану

Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!

Өз қолына берген ерік тізгіні

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

ҚР-ның әнұраны орындалады.

Мұғалім: 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп айтып жүрміз.. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді?Осы жайында «Желтоқсан оқиғасы» бейнежазбасын тамашалайық. Осыдан тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінеміз.

1986 жылы Желтоқсан елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып бар шарасы.

27 жыл тәуелсіздік туғалы,

                   Қазақ елі бірлікке бел буғалы

                   27жыл Қазақстан халқының

                   Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны

мұғалім1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Енді «Қазақстан»арнасын тыңдайық

        Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                   Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

                   Қазағымның жерін, елін қорғайтын

                   Жас жеткіншек ұланы, ері бар.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Ал бізге Тәуелсіздік қандай қиындықтармен келгені жайлы бейнежазбаны көрейік.

Мейрамбек: Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын толық қуаттаймыз. Әсіресе, Отанымыздың болашағы саналатын балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге бағытталған іс-шаралары бізді қатты қуантады.

 Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Арай: Міне, осындай, егеменді еліміз

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Ән: «Туған ел» орындайтын Асқарова Ұ

Гаухар

Отаным, жерім, ауылым

Әкешім, ана, бауырым

Отанның сүйем құм тасын

Сүйемін қарын жауынын


Хаджар.

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалар мен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық

Қазақ биі.қыздар билейді.

Хор. Азат елміз

Елназ

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным - бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Даниял

Ал мен елімді қорғайтын батыр боламын

Мен кішкентай баламын

Тайдай өсіп толамын

Талабым биік асқар шың

Ел сүйген ер боламын


Айым

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: Казақ елі: орындайтын Ғариполла Даниял


Ой ашар:

1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

4.Президент күні қашан атап өтіледі?

5. Тәуелсіздік қалай келді?

6.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?

Мұғалім: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Ертеңімін Егеменді елімнің.

Менің елім — Қазақстан Отаным!

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсің, абыройың, атағың.




Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер.

Тәрбие сағатымызды әнмен аяқтайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1213
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі