жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәуелсіз елдің ұланымыз
«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Сабақтың мақсаты:
·Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
·Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу;
· Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.
1 Жүргізуші:
-Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар!
Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын.
2 Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді 14 желтоқсан М.Хасенов атамыздың туған күніне орай «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,еңбекте жемісті,оқуда озат болуларыңызға тілектеспін.
1.Жүргізуші:
Әнұраным – жанұраным
Айтар әнім-сөйлер сөзім
Туған жерім-сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраным
Гимн
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.
Мешітбай Хасенов 1914 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Ол 17 жасынан бастап-ақ еңбекке араласа бастаған. 1930 жылдары аудандық МТС-да кадрлар меңгерушісі қызметінде және Үржар ауданының РК ЛКСМ- де пионерлер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
1936 жылы Мешітбай Хасенов РККА әскер қатарына шақырылып, өзінің отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Қызметін абыроймен атқарғандықтан, ол Ташкент қаласындағы кіші командирлер мектебіне түседі. Оны бітірген бойда Горьковтағы М.В.Фрунзе атындағы жоғары әскери-саяси училищесінде білімін жалғастырады. Бірақ, оқу курстарын соңына дейін тәмамдамастан, ол өз еркімен Карелияға ақфиндермен соғысқа аттанады. ҰОС басталған шағында М.Хасенов Новоград-Волынскте Рокоссовский корпусындағы ротаның саяси жетекшісі қызметін атқарып жүрген еді. Өзінің бастан кешкен соғыс жылдарын, қиын-қыстау тұтқында болып, одан құтылып шығып Польша арқылы СССР-дің басып алынған территориясына өтіп және Белоруссия жеріндегі Пинск облысындағы партизандық соғыстағы белсенді күресі жайлы жан-жақты толыққанды түрде «Болотные волки» (Х-24 БОЛОТНЫЕ ВОЛКИ. – Записки командира партизанского отряда. – Алматы:, 2001. – 360 стр.) деректі мемуарлы повесінде жазған.
1945 жылы 9-мамыр күні жеңістің сүйінші хабары жетіп, жүрек жарды қуанышты сәт туған соң М.Хасенов туған жері Үржарға қайтып оралды. Мұнда ол өмірінің соңына дейін ауыл шаруашылық саласында жұмыс атқарды. Өзінің көпшілік замандастары сияқты соғыстан кейінгі жылдары оның отбасылық өмірінің гүлденген шағы орнады. Ол 14 баланың әкесі атанды.
Әрине, Мешітбай Хасеновтың өмір жолындағы әртүрлі кезеңдерде орын алған тағдыр толқындары мен шаттық-қуаныш сәттерін бірнеше абзацқа сыйдырып жазу мүмкін емес. Оның соғыс жылдарындағы ерлігі жайлы Мәскеу, Новосибирск, Минск, Брест, Пинск және бұрынғы СССР-дің басқа да қалаларында орналасқан ҰОС мұражайларындағы экспонаттар мен материалдар куәлік етеді. Ол ҰОС «І-дәрежелі партизан» орденімен, «Қызыл жұлдыз» және т.б. көптеген медальдармен марапатталған.
Тыныштық заманында М.Хасенов еліміздің ауыл шаруашылық саласына ерең еңбегін сіңірген. Оған үкіметтің тарту еткен көптеген мемлекеттік марапаттары айқын дәлел бола алады. 1969 жылы ардагердің есімі Қазақ ССР-дің Алтын құрмет кітабына енгізілді. Бірақ, ол үшін ең үлкен де, ең маңызды мадақ ретінде солар үшін күрескен, еңбек еткен елінің шынайы арқа сүйеуі мен сенім артқаны еді.
Мешітбай атамыз 1980 жылы небары 66 жасында туған жерінде дүниеден өтті. 1994 жылы ШҚО, Үржар ауылында өзінің өмірінің соңғы жылдарын өткізген үйде құнды материалдарға толы мұражай ашылды. Аудандағы Бестерек ауылындағы орта мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат, сондай-ақ Үржардағы бір тұрғылықты көшенің атауы Мешітбай Хасеновтың атын алды. Сонымен қатар, деректі фильм мен публицистикалық телебағдарламалар топтамалары түсірілді. Қазақстандық баспалардың көпшілігінде ардақты Ардагердің ерлігін баяндайтын мақаларлар жарық көрді. Н. Едыгеновтың «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии» (Изд. «НАУКА» Казахской ССР, 1972 г.) атты кітабында оған айырықша орын беріліп, оның ержүректігі туралы жазылған.
Бүгінгі таңда оның артында ұрпақтары ардагерді мақтан етіп, өмірлік жолын үлгі тұтуда. «Адам ұрпағымен мың жасар» деген мақалдың дәлеліндей, қазіргі уақытта Мешітбай атаның 14 баласынан тараған 37 немересі, 39 шөбересі бар. 2019 жылдың 14-желтоқсанында тура 105 жасқа келетін атамыздың рухына тағзым жасаймыз.
Көп
адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып,
аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия
ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына
сөз қалдырған?, —
деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев өлең жолдарына қосқандай Мешітбай Хасеновтың қалдырған жазбалары, сіңірген еңбегі ғасыр уақыт өтсе де ел есінде жаңғыруда. 2014 жылдың М.Хасеновтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жерленген бейітінің басына үлкен ескерткіш тасы орнатылды.2019 жылы 1 қыркүйекте мектебіміздің ауласына Мешітбай атамыздың ескерткішінің ашылуы болды.
Өткенді білмей, келешекке қадам басу мүмкін емес. Біздің әрбір арайланып атқан таңымыз – Ардагер аталарымыздың ұрпақ тыныштығы үшін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшін сарп етпей, аянбай күрескендерінің жемісі. Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ. Егемен еліміздің еркелеріне айналған біздер әрдайым соғыс жылдарында қан төккен ерлер мен батырларға бас иіп, тағылым етуіміз керек. Болашағымыз баянды болсын десек, бүгінгі жастарға білектің күші мен патриоттық сезімді үдететін жүректің үнін жарастыра білуді саналарына сіңіруіміз керек.
2.Жүргізуші:
Осындай ардагер аталарымыздың арқасында біз бейбіт,тыныш,тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықтарды бастан кешірді.
Ендігі кезекте Серікова Альфияның орындауында «Атамекен» әні
Айым: Арманды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңгі
О,халайық! Құтты болсын қуаныш
Үміт: Жасымыз жомарт қазақпыз
Мәнгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты бауырлар
Жанайық жансақ маздап біз.
Заңғар: Тәуелсіздік ел болу
Ынтымақпен өрге озу
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең болу
Жанерке:Тәуелсіздік баға жетпес бағымыз
Қымбаттан да,ең қымбатты барымыз
Тәуелсіздік –білектегі әліміз
Тәуелсіздік –жүректегі әніміз
1.Жүргізуші:Олай болса «Тәуелсіз» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
... (Оқушылар жауабы)
2.Жүргізуші: «Мешітбай атаға арнау»
1.Жүргізуші: Бір ата,бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз –дей отырып ,ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
2.Жүргізуші: Сөз кезегін қонағымыз Марат Мешітбайұлына береміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген