400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты:

Білімділік мәні: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік мәні: Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу

ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу. Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні: Тәуелсіз еліміздің болашағы-жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып,туған жері мен елін,сүюге,сөздік қорын молайтып дамуына ықпал ету.

Сөздік жұмыс: Тәуелсіздік, желтоқсан, егеменді.

Керекті құралдар: Рәміздердің суреті,Желтоқсан құрбандарының суреті

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңбері.

Жарқын,жарқын,үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Қош келдіңіз,бәріңіз.

Жарайсыңдар, балалар!

 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті. 

Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз.

Ол ел –қай ел?

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде неше ай бар?


  • Қазір қай ай?

Дұрыс, 1991 жылы желтоқсан айында біздің еліміз өз алдына егемендік алды.

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 25 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 25 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда.







  




Қазақстан.

 

Қыс мезгілі

Үш ай бар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

Желтоқсан айы

,


Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек.

Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады ?

Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?

  

Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?


Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?


Балаларға слайдтан қайсар батырларымыздың суретін көрсетіп,әңгімелеп беру.

 Ендігі кезекте балаларымыздың тақпактарына берейік.

Медина:

Жиырма жыл,жиырма жыл, азаттық,

  Өзімізді құрсаудан босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Аяна:

Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

Динара:

Құтты болсын тәуелсіздәк мереке

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


Әділ:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын,

Желтоқсанда шықты алаңға жастарың.

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік,

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?


Назерке:

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға,

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

Балалар бәріміз бірігіп бір сергіп алайық.


Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қоялық

Оңға қарай бұрылып, солға бұрылып,

Орнымызды табайық.

Жарайсыңдар, балалар!

Келесі кезекте балаларымыздың тақпақтары.

Нұрай:

Ел ордасы-Астанам,

Саған айтам асқақ ән.

Әрқашанда қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.


 

 


 

 

 

 

 

 

 

 












Ту, елтаңба, әнұран.


Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Тақпақ

Әнұраным – жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны. 


Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.

Тақпақ

Аспан түстес көгілдір

Тік бұрышты матаның

Ортасында төгіп нұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған

Қыран құстың бейнесі

Азат елдің шалқыған

Көңілі деп білерсің.

 

 Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.

Тақпақ

Алтын қанат көмкереген

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес ұғып ал

Сүйсіндірген өзіңді

Түсіне біл таңбаны

Ауызда ұшқыр төзімді

Пырақ халық арманы



 




Айда:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мереке ел тосқан,

Атаменен барғаным.


Дінасыл:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңбам!


Елнұр:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.


Мұхамед:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстан!

Ән:

Көктудың желбірегені.


Қортынды.


-Қайсар батырларымыздың аттарын кім айтады?

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғанына қанша жыл болды?

Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан!




Ортамызда балалар тақпақтарын айтады.






















Балалар хормен өлеңді айтады.



Қайрат Рұсқылов,Сәбира Асанова



Тәуелсіздігімізге 25 жыл болды.





Күтілетін нәтиже:


Біледі: Өз ұлтының тарихын,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін білу.


Игереді: Қазақстан Республикасы тауелсіз ел екенін біледі.


Меңгереді: Тәуелсіздік туралы,тақпақ,өлеңді меңгереді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі