400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәуелсіз елдің ұланымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
16желтоқсанға сценарий балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

 «Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Балалардың әдемі биімен залға кіруі.

1.Жүргізуші: Қайырлы күн болсын әріптестер, балалар, қонақтар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала - дағы ең кіші.

Рәміздерім –Әнұран, Көк ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Бүгінгі мерекені Қазақстан Республикасының гимнмен бастайық.

ҚР Гимн орындалады. 2.Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан, Қазақ елі барған күн! -Балалар біздің Отанымыз қалай аталады. –Қазақстан!

-Қазақстан қандай мемлекет? -тәуелсіз мемлекет -Балалар бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі.

3.Тәуелсіз елімізге арнап тақпақтарымызды айтайық.

Асылым

Тәуелсіздік тартуы ол тәңірдің.

Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік таймайтұғын тағым бұл.


Тәуелсіздік бабам берген аманат.

Тәуелсіздік келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Айлуна

Шаршамаймын жол кешіп,

Білімімді шыңдаймын.

Отан үшін от кешіп, Тұлпардай боп зулаймын.

Арайлым

Отаным бір, туым бір,

Көк туымда көгім бір.

Қырыным бір қорғаған,

Әнұран мен үнім бар.

4.Жүргізуші: -Балалар еліміздің президенті кім? –Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев. Жарайсыңдар ендеше осындай елімізді қорғайтын батыр ұлдарымыз көп болсын. Алдарыңызда «Батырлар» биі. Би: «Батырлар» 5.Балалар Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Мерей. Отан-сенің ата-анаң, Отан-досың, бауырың. Отан-өлкең, астанаң, Отан-аудан, ауылың.

Арсен. Отан жерім, Отан-суым, Отан қуат нәр береді. Отан-ұран, Отан туым, Отан мәңгі гүлденеді.

Іңкәр. Отан дейміз от жаққан жерімізді. Отан дейміз өсірген елімізді, Отан дейміз туған жер атамекен Биік тау,орман,тоғай көлімізді. 6.Біздің Асылым қызымыздың отан туралы әні мен биші қыздарымыздың биін тамашалайық. Би: 7.Ән: «Отан» 8.Жүргізуші: --Балалар біздің туымыздың түсі қандай? Ненің суреті белгіленген? Ту, Елтаңба туралы тақпақтарымызды еске түсіріп айтып беріңдерші.

Айбар. Аспан түстес көгілдір, Тік бұрышты матаның. Ортасында төгіп нұр, Күн жаяды шапағын.

Кәусар. Астында оның қалқыған, Қыран құстың бейнесі. Азат елдің шалқыған, Көңілі деп білерсің.

Айару.

Көк аспандай көкпеңбек.

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

 

Қарақат.

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес ұғып ал.


Әмірхан.

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Аңызда ұшқыр төзімді,

Пырақ халық аманы.


Арнұр.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Алуа.

Елтаңбасы елімнің.

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің.

Ортада аспан әлемі.

9.Жүргізуші: Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, туымыз көкте самғасын! Алдарыңызда би.

Би: «Көктегі күн» 10.-Еліміздің елордасы қай қала? –Астана қаласы. Ендеше Астана қаласын арнап Жантөре тақпақ айтып берсін. Жантөре: Болашаққа бас қадам Қазақ рухын биіктет Ей, бас қалам –Астана Қадамың бар баспаған. Асуың бар аспаған. Халқым жетсін мұратқа,

Ей бас қала-Астана.

Динара.

Қазақ дейтін елде,

Әкем туған жерде.

Ата жолын жалғап,

Туып-өстім менде.

Раяна

Осы менің бақытым

Отанымда Қазақпын.

Бар ұлтымен дос болған,

Мәңгілікке азатпын.

Азамат Кәусар.

Қазақстан Отаным

Бақыттымын елімде.

Мен тәуелсіз ұланмын

Ұлан байтақ жерімде.

11.Ән: «Мой Қазақстан»

Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейікші.

Айқаракөз.

1.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

2.Туған үйдің түтіні жылы

Туған ананың күтімі жылы.

Мансұр.

Отан оттанда ыстық.

Сезім.

Отанын саткан онбас.

Шырайлым.

Отан-отбасынан басталады.

Дарияш

Отан үшін күрес

Ерге тиген үлес. 12.Би: «Өрле»

Осымен балалардың тәуелсіздік мерекесіне арнап дайындаған ертеңгілік аяқталды.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі