Материалдар / "Тәуелсіз елдің ұстазы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тәуелсіз елдің ұстазы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіз елдің ұстазы" эссе Тәуелсіз елдің ұстазы қандай болу керек? Бала болашағына жол көрсетуде ұстаздың рөлі қандай? қысқаша ой толғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2021
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәуелсіз елдің ұстазы» эссе


Тәуелсіз елдің ұстазы.... ол қандай?

Тәуелсіз елдің мүддесіне жұмыс жасайтын, тарихын жеткізетін , құндылықтарын сіңіретін елдің бастаушы күші, білімді азаматтарды даярлайтын тұлға. Ол оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасауға, оқуға деген ынтаны арттыруға қабілетті адам. Бүгінгі мұғалім іскер және оқушыларға деген сүйіспеншілікті біріктіреді, балаларды үйретуді ғана емес, сонымен қатар өз оқушыларынан да үйренуге қабілетті. «Табысты мұғалім табысты оқушыны тәрбиелейді.» Табысты мұғалім-бұл кәсіпқой, оның кәсіби шеберлігі өзін-өзі зерттеумен анықталады. Өзін-өзі дамыту, яғни кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыру болып табылады.

Қоғамдағы кез-келген сала білім беру саласымен жанаспай өте алмайды себебі білімді сауатты адамдар қоғамның дамытушы күші болып табылады.

Қазіргі кезде білім беру жүйесі әлемдік озық үлгілері мен ғасырлар бойғы жинақталған рухани құндылықтар негізінде жасақталып, ұрпақ тәрбиесінде жүйелі жұмыс жасап келеді.

Жаңа ғасыр. Жаңа технология. Тың жаңалықтар. Жаңа білім. Жаңа мектеп. Ақпарат ғасыры оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты өзгертіп жіберді. Жаңа арнасын қалыптастырды. Соған қарамастан тәуелсіз елдің ұстазы жаңа заманға сай білім берумен қатар, болашақ пен өткенді байланыстырып, шебер қолдана білу керек. Өткенді білмей, болашақты жасау мүмкін емес. Қазіргі таңда мұғалімдерге жеткілікті деңгейде жағдай жасалып, шығармашылықпен жұмыс жасауына толық мүмкіндіктер берілді. Мұғалімдер мәртебесі көтеріліп, қоғам тарапынан қолдауға  ие болып та келеді.  Қазір білім саласында қаншама өзгерістер болып жатсада, мұғалім ғана бұрынғыша мұғалім болып қалды. Ол нағыз мықты жан. Өзінің оқушыларына сенеді, олардың өмірде терең білім алып алға басуына, тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Қазіргі кезде мұғалімдерге жаңаша талаптар бар.

Тәуелсіз елдің ұстазы – бұл оқушыларды білімге құлшындыратын, олардың білімінің толық болып, жан-жақты дамуына, өсуіне күш беретін жан. Тәуелсіз елдің ұстазы – бұл оқушылардың зерттеуші-ғалымы, ғылыми жетекшісі. Балаларды оқытып, үйретеді, өздері де ізденеді, оқиды. Өйткені мұғалім де оқушылардың қызығушылығын білу керек. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо бекер айтпаған.

Мұғалім білім саласындағы жаңалықтарды толық меңгеріп, біліп, өз ойын-пікірін айта алуы, жаңарған бағытта жұмыс жасай алуы керек. Қазіргі балалардың ойлауы, талғамы, қызығушылығы, ақылының өз ерекшеліктері бар. Оқушыны жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, ұстаздың өзі де жеке тұлға болу керек. Ол үшін көп оқу, іздену, өзімен жұмыс жасауы керек. Өйткені ол алдындағы оқушының өміріне, сана сезіміне, рухани өсуіне жауап береді. М.Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген.

Заман талабына сай шәкірттердің ұстазы ретінде ақпараттар легін оңтайлы қолдана білу, жаңа технологияны шебер пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білуді мақсатым деп білемін.Мұғалім шығармашылықпен айналысып, өзін жеке, дара, қызықты тұлға етіп көрсете алуы керек. Әсіресе адал, орынды жерінде қатал, талап қоя білетін, бала жанын түсінетін, шыншыл және өз шәкірттерін сүйетін, құрметтейтін жан болуы керек. Өйткені уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасап, тер төксең, еңбегің еш кетпейтіні анық.Ұстаздың әділдігі, ар-ұятының болуы, адалдығы, ісі мен сөзінің бір жерден шығуы, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады.

Қай заманда да ұстаз - жаңалықтың жаршысы. Оқу орындары елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты білім беруде ең тиімді жүйе болып отырған қашықтықтан оқыту арқылы білім берді. Еліміздегі осындай қиын-қыстау заманда ұстаздар қауымы да жаңа формат негізінде жас ұрпаққа білім беруді жалғастыруда. Түрлі әлеуметттік желі мессенджері арқылы оқушылармен байланыс жасап,   "Daryn.online" мен "Bilimland.kz"  сияқты интернет платформаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар көрсету арқылы оқушылардың білім алуына өз үлестерін қосып отыр. Қазіргі кезде цифрландыру "ұстаз бренді", "ұстаз стилі" деген терминді алып келе жатыр. Сондықтан цифрлы дәуірде рухани кемелденген тұлғаны тәрбиелеп шығу ұстаздардың алдындағы басты міндеті болып отыр.

Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның «Еңбек Ері атағы» мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.

Ұстаздар мәртебесі қашан да биік болуы тиіс. Бұл жөнінде Елбасымыз өз жолдауында да баса айтып өтті. Соған орай, білім сапасы да, шәкірт тәрбиесі де талапқа сай болуы керек. Өйткені, болашақтың кілтін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар міндеті. Сондықтан оларға артылыр жауапкершілік те жоғары. Өз кезегінде ұстаздар қауымы бұл үдеден шығуда.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды». 

Ұстаз — бала үшін үлкен құрмет иесі. 

Мықты мұғалім оқушыларының тек есінде қалмай,олардың жүрегінде ұялауы тиіс!

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мәриям Хакімжанова

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелейтін адам – ұстаз. Сондықтан болашағымыздың жарқын болуы ұстаз берген білім мен тәрбиеге байланысты болмақ

Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. Соның ішінде ұстаздық - мәртебелі мамандық.

Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Айтар болсам, елдің басты капиталы – осы мемлекеттегі азаматтар болса, олардың саналы, білімді болуы әрине мұғалімдер еңбегіне байланысты. Мұғалімнің әрбір ісі- болашақтың іргетасын қалайды. «Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағаласа, қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», - деген еді. Мұғалім – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі.

Мен Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңаша ойлайтын, тәуелсіз ұрпағына білім беріп, тәрбиелеп отырған ұстаздарының бірімін. Ұстаздық ету — үздіксіз, тынбай еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім беру деп түсінемін.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!